басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғы деңгеймен талдағанда
61,4% құрады. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ
қаражат өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi.
Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы
небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана
көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың
қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi.
Сөйтiп, экономиканың нақты секторында орын алған тұрақсыздану өндiрiстiң
құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң
ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат
жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан
әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң
нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану
үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық
валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Достарыңызбен бөлісу: