Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі №13 Жезқазған орта мектебі



Дата06.11.2016
өлшемі151,51 Kb.
#1182



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

13 Жезқазған орта мектебі



Жаратылыстану-математикалық бағыт

«Дарын» секциясы


Орындаған: Абақанова Гүлім,

Абақанова Гүлден
Ғылыми жетекшісі:Серкебаева Маржан

Қарынбайқызы


Жезқазған, 2009

Кіріспе

Бұл ғылыми жобаны мақсаты - өзіміздің білімдерімізді арттыру үшін, математика жайлы білгенімізбен шектелмей, математик ғалымдар, олардың өмірбаяны, осы жолға қалай түскендігі жайлы білгіміз келді. Ол үшін біз қазақтың ұлы математик академигі жайлы мәлімет іздедік. Айтарымыз, біз қазақ халқына еңбегін сіңірген ғалымдарды білуіміз керек сол себепті нақты Мұхтарбай Өтелбаевтің өмір жолына тоқталдық. Оның шәкірттері туралы, жасаған еңбектері жайлы айтатын боламыз. Әрі қарай осы ғылыми жобаны оқи отырып танитын боласыздар.

Жоспар:
Кіріспе.



  1. Ғұлама ғалымның ізденістері.

  2. Ғылыми еңбектері.

  3. Өмір жолы-ғылымға бастар жол.

  4. Жетістіктері.

Қазақтың аса көрнекті ғұлама ға­лымы Мұхтарбай Өтелбаев есімін жұрт­шылық жақсы біледі. Өйткені, М. Өтелбаев “математика” деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қа­зақтың туын тігіп, есімін төрткүл дү­ние­ге паш етті. Сол әлемде оның өз биігі, өз отауы бар. Сол Мұхтарбай Өтел­баев әлемінің рухани тірегі, ұстаны­ны мынадай бүкіләлемдік қағидалардың шешімдері­нен, негіздемелерінен тұрады:

- Дифференциал операторлардың спектрлік қасиеттерін зерттеудің жаңа әдістері негізделді. Ол - қарасты­рылмақ есептерді локализациялау тура­лы жалпы идеяны біртіндеп және тап­қыр­лықпен іске асырудың нәтижесі. Бұл жерде ол коэффициенттерді орташаландыру конструкциясын ойлап тапты. Ол бүгінде мамандарға “q*- Өтел­баев функциясы” деген атпен белгілі. Оны бүкіл әлем математиктері мойындаған.

- Спектрлік анализде мынадай әлемдік мәселе шешімін тапты: клас­сикалық Штурм-Лиувилль операторы меншікті мәндерінің  үлестірімі үшін әмбебап асимптотикалық формула табылмайды. Ал, Дирак операторы үшін  эквивалент болмаған жағдайда алғаш рет екі жақты  асимптотикасы табылды;

- Іштесу теоремаларын алудың жаңа әдісі табылды. Оған “q* - Өтел­баев функциясын” тиімді қолдану арқылы қол жеткізілді;

- Тұңғыш рет Банах кеңістігіндегі сызықты операторлардың әдепті кеңею­лері мен сығылуларының теориясы жасалды, атап айтқанда, “паталогия­лық” (ультрагиперболалық және жал­ғанпараболалық) дифференциал  теңдеу­лер үшін әдепті есептер туралы И.Г. Петровскийдің (1948ж.) әлемдік мәселесі шешілді;

- Көпөлшемді және жартылай шенелген емес операторлардың ке­ңейтіл­ген кластарының бөлінгіштігі мен апроксимативтік қасиеттерін орнықты­ратын әдіс табылды, ол бейсызық тең­деу­лер шешімдерінің сыптығырлығын да қалыптастырады;

- Бейсызық эволюциялық теңдеу­лер теориясында, есептеу математика­сында және жалпылама аналитикалық функциялар теориясында өзінің енгіз­ген v-кластарының көмегімен іргелі нәтижелер алынды;

- Әлді де үзіліссіз жартылай топ­тар­дың инфинитезималды оператор­лары тудыратын кеңістіктердің кеңей­тіл­ген кластары үшін қомақылық тура­лы Арчел-Колмогоров теоремасының орын алатындығы көрсетілді;

- Навье-Стокс теңдеуінің қатаң шешімділігінің мәселесі (ҚШМ) “бө­ліктеуіш функциясы” ұғымын енгізу арқылы барынша айқын мәселеге айналдырылды. М. Өтелбаевтың бұл нә­тижесі ҚШМ қатысты қиындықтарды дәл бейнелейді және эволюциялық теңдеу­лерге кеңінен жалпыланады;

- Шеттік есептерді сандық есеп­теудің жаңа әдісі ұсынылды. Онда іш­тесу теориясы, дифференциал теңдеу­лердің коэрцитивті шешімділігі және жал­ғасу теориясы сияқты қазіргі мате­ма­тика бағыттарының соңғы жетіс­тіктері пайдаланылған. Бұл әдіс әмбе­бап, есептеу экспериментін орнықты да тез жүргізеді, ал “жанама” нәтиже есе­бінде ең бір қиыннан саналатын базис таңдау мәселесін шешеді. Сонымен қа­тар бұл әдіс ақырөлшемді матрицалар­дың меншікті сандары мен меншікті векторларын да тиімді есептейді.

Ғылым тілімен айтылған осынау сөз­дер қарапайым оқырманға түсінік­сіз­деу көрінер. Оның ар жағында бей­нетті еңбек жатыр, еліміздің абыройын көтерер, оны әлемге танытар жаңа­лықтар жатыр. Мұхтарбай Өтелбаевтың қолы жеткен нәтижелері математика­ның әр саласында жаңа перспективалы бағыттарға жол ашты. Академик М. Өтелбаевтың шәкірттері­нің арасынан сексеннен астамы канди­даттық диссертация, он екісі докторлық диссертация қорғады. Ол 200-ге жуық ғылыми мақалалар жариялады. Олар­дың 80 пайызға жуығы шетелдік басы­лымдарда жарық көрді, олардың 100-ге жуығы ағылшын тілінде жарияланды. 3 монографиясы, оның екеуі Мәскеудің “Ғылым” баспасынан жарық көрді. Академиктің кейбір ғылыми нәтижелері маңызды жетістік ретінде Б. Левитан мен И. Саргсян, сондай-ақ А. Костю­ченко мен Н. Саргсян монографияла­рына жеке тарау болып енгізілді. Ғалым жұмыстарының ішінде оның маңызды қолданбалы мәселелерді шешкендігі туралы 4 авторлық куәлігі бар.



Сонымен, біз аса көрнекті ғұлама ғалымның шыққан биігін, ғылыми шыңын оның еңбектері арқылы көр­сеткен болдық. Енді оның сол биікке шығу жолдарын, оның болмысын, ада­ми қалпын сөз етсек дейміз. Ол үшін біз қазақтың тағы бір үлкен математик ғалымы, физика-математика ғылым­дарының докторы, профессор, ҰҒА акаде­мигі Тынысбек Кәлменовке, оның орыс тілінде жарық көрген  “Мухтарбай Утел­баев. Взлед самоучки к вершинам науки” атты еңбегіне жүгінеміз. Сонымен, Ты­нысбектің ол туралы еңбегі “Трактор­шыдан ғылым докторына дейін” деген тақырыппен басталады. Бар-жоғы бір бетке автор кейіпкеріміздің өмір жолын сыйғызып, адами, кісілік кейпін жарқы­ратып көрсете білген. Бұл еңбектен оның ғылымға деген адалдығын, оған деген сүйіспеншілігін, шынайы махаб­батын байқауға болады. Екінші тақырып “Жеті кластан ғылым кандидатына дейін” деп аталады. Соғыстан кейінгі ауырт­палықтың салдарынан ол 10 жаста ғана мектеп есігін ашады. 7-сыныпқа дейін ғана оқып, отбасы жағдайына бай­ланысты, одан әрі оқуын жалғастыруға мүмкіндік болмай, мектепті тастап кетуге мәжбүр болады. Колхозда тракторшы болып жұмыс істейді, бірақ қолынан кіта­бы түспейді. Соның арқасында сырттай-ақ емтихан тапсырып, аттестат алады. Сөй­тіп, 20 жасында университетке түседі. Алайда арада екі ай уақыт өтпей-ақ әскер­ге шақырылады. Әскерлік борышын өтеп жүріп те оқуын өз бетінше жалғастыра береді. Әскерден келісімен университет басшылығымен келісіп, үш курстың емтиханын түгелдей тапсырып шығады. Басшылықтың ұсынысы бойынша сырт­тай оқудың 4-курсына қабылданады. Одан сәті түсіп М. Ломоносов атындағы ММУ-дің 4-курсына ауыстырылады. Осылай, еш жерде жарытып оқымаған М.Өтелбаев айды аспанға бір-ақ шығарады. Мұндай тірлік біздің түсінігімізде, тек ірі тұлғаның ғана қолынан келетін харекет. Ол 1972 жылдың аяғында ҚазКСР ҒА Математика институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады да, лабора­ториялық семинарларға, олардың жұмыс­тарына қызу араласады. Өзінің шенелген аймақтардағы эллипстік есептері бой­ынша зерттеулерін дамыта отырып, Мұх­тарбай Өтелбаев математика институтын­да жүргізіліп жатқан барлық зерттеу бағыт­тарымен бір уақытта бірдей айна­лысты. Математикалық эрудициясының жоғары болғандығынан ол тез арада-ақ бұл бағыт­тардың проблемалардың түп мәніне бойлай алды. Т. Кәлменовтің пайымдауынша, “Мұхаң кез келген талқыланатын проблеманы таза сол сала маманынан әлдеқайда терең түсінетін, математиканың кез келген ба­ғыттарында ол кімді болса да ауыстыра ала­тын да, ал оны ешкім ауыстыра алмай­тын”. Осылайша, Мұхаңның асыл қасиет­терін, өзгеден артықшылығын айта келіп, академик өз ойын “талантты һәм жалпы өзіңнен күштіні мойындау оңай іс емес және әркімге өз уақытында бола бермейді. Өкінішті-ақ! Күштіні сыйлау міндетті емес, бірақ мойындау парыз”, - деп түйіндейді. «Егер сырттан Қазақстанға үлкен мате­матик ғалымдар келсе, пікірлесуге біздің докторлар мен академиктерімізді емес, ғылым кандидаты М. Өтелбаевты іздейтін», - дейді Тынысбек мырза. Сөйтіп, әріптесінің мәртебесін аспандата түседі де: “Шынайы ғалымға дәреже де, атақ та, жайғасқан басшылық орын да ешқандай маңызды емес”- деп қорытындылайды. Ал Мұхтарбай Өтелбаев, өзінің жеке басының беделіне сүйеніп, ҚазМУ-дің үздік студенттерін ММУ-ге жіберіп жатты. Оларды қабылдаушы профессор­лардың бірі - Мұхаңның оқытушысы, бірі досы болып, бәрі бірдей Қазақстан жас­та­рының білімін шұғыл арттыруға, зерттеулер аясын кеңейтуге сүбелі үлес қосты. Мінеки, нағыз ғалымдар жеке бастың қамынан ел қамын жоғары қояды, ел қамы үшін аянбай еңбек етіп, алдымен өз ғылыми дәрежесін өз ізбасарларын көтеру арқылы одан әрі асқақтата түседі. 1978 жылы 6 қаңтарда Мұхтарбай Өтелбаев әйгілі ММУ қабырғасында математикадан Қазақстаннан бірінші болып докторлық диссертациясын тамаша қорғап шықты деп шынайы ризашылық сезімін білдіреді Тынысбек. Содан кейін-ақ Мұхаң Қазақстан математика ғылымын  өркендетуге бел шешіп кіріседі. Оны ұйымдастыру жұмыс­тары қарқынды түрде жүргізілді. Ол ғы­лыми кадрлар даярлаудың қалыптасқан жүйесін бұзып: “микрошефтер” жүйесін ен­гізді. Өзінің оқушыларына қабылетті ас­пиранттар мен ізденушілерді, жас ғы­лым кандидаттарын жетекшілікке бекітіп берді. Тақырыпты өзі қойып, жұмыс барысын тексеруді “микрошеф­терге” жүктеді. Бұл жүйе “микрошеф­тердің” әлеуетін аша түсуге көмектесті. Және біреуді оқыту арқылы өзің де оқисың. Енді семинарлардың да саны артты. Басты семинар М. Өтелбаев пен Т. Кәлменов жетекшілігімен өткізілді. Аспиранттардың білім деңгейін арттыру үшін дифференциал теңдеулер, мате­матикалық анализ, функциялар мен функциялық анализ теорияларының негізгі мәселелері бойынша курстар ұйымдастырылды. Аспирантураға, студенттерге, ізденушілерге және т.б. барлық тілек білдірушілерге арнайы курстар оқылатын болды. Арнайы курстарды М. Өтелбаевтың өзі немесе материалды жақсы меңгер­ген шәкірттерінің бірі жүргізді.Ол өзі жүргізуші шәкіртінен емтихан алса, олар басқаларынан емтихан алатын. Автор кейіпкерін (Мұхаңды) оқытушы емес, өзі де қосыла ойнайтын жат­тықтырушыға теңестіреді. Ол оқу­шыларының әрқайсысымен жеке жұ­мыс істейтін. Білмегенді айыптамай­тын, ал жалқауларды, ынжықтарды, енжарларды жаны сүймейтін. Академик Тынысбек Кәлменов өз кітабында М. Өтелбаевпен ғана шектеліп қоймайды, оның бірқатар шәкіртте­рінің де атын атап, түсін түстеп оты­рады: “Міне, алғашқы “күшті микро­шеф” шәкірттер пайда болды. Олар: Қ. Мыңбаев, Р. Ойнаров, М. Мұратбеков, Л. Хусаинова, Қ. Оспанов және басқа­лар еді. Олардың арасынан ерекше талантты Р. Ойнаровты атап өту орын­ды, себебі, 32 жасында ғылымға арала­сып, бар-жоғы бір жыл ішінде “КСРО ҒА баяндамаларында” екі бірдей ма­қала жариялап үлгерді,”- деп өзгелер­дің ісіне масаттана отырып, өз ойын “Мате­матика ғылымында талант қуаты білім тәжірибесіне қарағанда үлкен рөл атқарады” - деп түйіндейді. Тағы да мынадай құнды пікір айтады: “Ғылым­да міндетті түрде өз алған нәтижеле­ріңмен бөлісу керек, кері жағдайда шәкірттер өспейді. Ғылымға неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп ұтасың, ал заттай байлықта керісінше”.Сонымен, 1984 жылы 24 желтоқ­сан­да М. Өтелбаев Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып тағайын­далады.

Ол ректор қалыбына сыймай­тын еді. Оның мінез-құлығында ғы­лым­да­ғы­д­ай демократиялық мәнер ба­сым жатты. Сөйтіп, ол көп ұзамай-ақ өзінің сүйікті ғылымына қайта оралды. М. Өтелбаев ашқан аса маңызды жаңа бағыттардың бірі: “Сызықты (бей­сызық) операторлардың кеңуі мен та­рылу теориясы” десек, дербес жағдайда, бұл берілген теңдеулер класы үшін әдепті шеттік есептердің түсініктемесі болатын. Ол бұл нәтижеге Н. Вишик пен А. Дезиннен тәуелсіз, өз бетімен қол жеткізді. М. Өтелбаевтың мектебі осы бағыттың негізін қалаушы болып табылады. 1990 жылы ол Қараған­дыға ауысады. Ондағы қиындықтарға қарамастан, 1991 жылы өзінің зор ынта-жігерінің арқасында Қолданбалы математика институты ашылады. Ди­ректор - өзі. Қарағандыда болған тәжік профессоры К. Байматов былай дейді: “Үйреншікті жағдай. Мәскеудегі ММУ-де Мұхтарбайдың соңында 15-20 қазақ жүретін. Мұнда да сондай жағдай”. Зор белсенділік қызметі арқасында онда, Қарағандыда Л. Құсайынова мен Қ. Оспанов бастаған өз шәкірттерінің қуатты ұжымы қалыптасты. М. Өтелбаев мұнда да айқын ізін қалдырды. 1993-1999 жылдар ол үшін қиын жылдар болды. Қарағандыдан келген соң өз шәкірттері істейтін Математика және механика институтына жұмысқа тұра алмады. Әртүрлі себептермен оны шығарып салып отырды. Ол ҚР Кос­мос агенттігіне жұмысқа тұрды. Күрделі уақыт болатын. Бірақ, ол ештеңеге қарамастан, Навье-Стокс проблема­сымен айналысты. Ол агенттіктен кейін үш жыл АлМУ-да кафедра меңгерушісі болып қызмет етті. 1999 жылы ҚазМУ-ге қайта оралды. Шалтай Смағұловпен бірге ғылыми семинар ұйымдастырды. 2002 жылдан бастап ММУ ректоры В. Садовничийдің ұсынысы бойынша Еуразия ұлттық университетіне ММУ филиалының теңдиректоры болып ауысты және онда жарыса ғылыми орталықты басқарады. Міне, осылай Ты­нысбек мырза Мұхтарбай Өтелбаев­тың өмір жолындағы, ғылым жолын­дағы небір қалтарыстарды қалт жібер­мей, одан қажетті ой қорытады. “Біздің Отанымыздың табиғи-шикізат байлығы - шегі бар байлық. Ол уақыт өткен сайын көбеймейді, азая береді. Дамыған елдердің байлығы - ғылым мен техника, ең алдымен, ға­лымдар мен инженерлердің жетістікте­ріне негізделген байлық”. Осындай  қо­рытынды жасап, М.Өтелбаевтың еңбегіне бағаны содан іздейді. Академик өз әріптесі туралы “Мұх­тар­бай Өтелбаев - Қазақстан матема­тиктері пір тұтатын адам”,- деп анықтама береді. Оның қоғамдағы орнын айтады. Мұхаң сынды ғалымдар жасаған ғы­лымды елдің байлығы санайды. Осы ғылыми жұмысымызда академик Тынысбек Кәлменовке көбірек жүгінуіміздің өз себебі бар. Аталы сөзді құл да айтады, бірақ дана­ның аузынан шықса, сөз дуалы демек­ші, бір ғұлама туралы екінші бір ғұлама ғалымның аузымен айтқанды жөн көргенбіз. Ғылымда өзінше жол салып, оған әлемді мойындатқандар көп емес. Сондай санаулы тұлғалардың бірі - Мұхтарбай Өтелбаев.



Қарап отырсаңыз қазақ даласында әлемдік деңгейде өткен ғылыми жарыстар саусақпен санарлық күйде ғана, қазақ елін бүкіл әлемге тек мұнай не саясатпен емес, ғылым патшасы атанған математикамен де таныстырудың бір орайы келіп ақ тұр! 2010 жылы бүкіл әлемдік математика жарысы осы қазақ елінде өтетін болып шешілді! Қазір осы аталымыш жарысқа дайындық жұмыстары ақырындап жүріп жатыр! Тарихы жарты ғасырдан астам уақытты құрайтын әлемдік математика жарысына қазақ елі 1992 жылдан бастап қатысып жүр! Осы жылдар аралығындағы қазақ өрендерінің көрсеткен нәтижесі де төмен емес әлемнің жүзге тарта елінен кілең сайдың тасындай іріктелініп алынған жастары құдай бұйырса 2010 жылы қазақ даласының тұмса табиғаты мен талантты ұл- қыздарын басқа бір қырынан көріп қайтатын болады. Енді осы кезде айтпасқа болмайтын бір мәселе тұр, біз әлі күнге, бүкіл ұлт болып бар ынта-пейіліміз бен математикаға дұрыс мән бермей жүрміз! Ұлттың болашағы ғылым мен білімде екенін, тек ғылым ғана қазақ ұлтын ұшпаққа шығыратынын айтып жүрген бірнеше ғалымнан басқамыз әлі сол баяғы аяңмен келеміз! «Балам өскенде ғалым болсын деп емес, бастық болсын» дейтін біздің ұлттық менталитетіміз солай ма?
Егер қазіргі қазақ математикасының қандай дәрежеде екенін біздегі математиктер санатын құрайтын азғантай топпен өлшеуге болатын болса, немесе, біздегі жалпы ұлттық менталитеттің математикаға жақындығын “шығып жатқан” (математикаға арналған ғылыми жұрнал бар ма?) ғылыми жұрналдың санымен, оның оқырманымен өлшейтін болсақ, біздің қайда жүргенімізді өздеріңіз ақ бағалай беріңіз! Көрші алып Қытайда 42 миллион адам тек қана осы математикамен айналысып, күнін көріп отыр! Бұл елде тек қана математикаға арналған 2000-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік газет-жұрнал бар! Көрші Ресейде де содан көп болмаса аз емес!

Қазақ талантты халық! Бірақ, талантты кеш бағалайтын халық! Қазақты алып шығар жалғыз жол ғылым екенін ұрпағымыз білу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет