Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі №28 жалпы орта мектебі Бекітемін : мектеп директоры Қ. Ж. Құрманбекова



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі323,88 Kb.
#30916
  1   2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

28 жалпы орта мектебі




Бекітемін :

мектеп директоры

Қ. Ж. Құрманбекова



«Алтын Адам»

Зат есім
Мұғалімі: Елимбекова Л. М.

Сыныбы: 10 «Б»

Ә. Б. отырысында қаралды

Ә. Б. жетекшісі : Р. Сағынтайқызы

Шымкент қаласы 2014 ж.

Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалық тақырып: «Алтын адам»

Грамматикалық тақырып: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: зат есім сөз табы туралы, оның құрамына, мағынасына, құрылысына қарай бөліну жолдарын түсіндіру. Зат есім түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Қазақстанның азаттық символына айналған "Алтын адам" туралы, оның тарихи маңызы бар құнды мұра екендігін түсіндіру, тың деректер мен мәліметтер беру.
Дамытушылығы: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; халықтың мәдени мұрасын, өнерін, тарихи ескерткіштерімізді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдері, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар, сызбалар, бейнематериалдар, даналық сөздер, анаграмма, интерактивті тақта.
Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруі

  • зат есім түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы

  • күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы

  • "Алтын адам", жалпы, тарихи ескерткіштер туралы түсініктері кеңейеді.



Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарының түгелдігін тексеріп, сабаққа зейіндерін аударту.



  • Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекшелеу деп айтуымызға болады. Себебі, бүгін бізде ашық сабақ.

  • Оқу құралдарымызды дайындап, зейінімізді сабаққа аударамыз.

  • Сабағымыздың мақсаты мен жоспары тақтада жазылып тұр. Олай болса, танысайық.


Сабақтың эпиграфы:
...Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін еске түсіру, пысықтау, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Мына жоспармен жұмыс жасаймыз:

1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

2. «Ғылым таппай мақтанба»

3. "Қайталау - білім анасы"

4. «Көп оқыған, көп білер»

5. «Сөздік қор қапшығы»

6. «Артық болмас білгенің»

7. «Кім жылдам, кім тапқыр?»

8. «Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез»

9. «Бойы сергектің – ойы сергек»

- Яғни, сабақты тоғыз бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қойдық. Әр бөлімнің атына сай тапсырмалары болады. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, барлығымыз бірлесіп сол тапсырмаларды орындауға тырысып көрелік.



Үй тапсырмасын сұрау:

1. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет