«жоқтан бар жасау»
, яғни
әлемді жоқтан тудыру
қағидасын сынға алады. Егер Құдай бұл әлемді жоқтан тудырса, онда:
«Ол осыған дейін не істеген?» – деген сұрақ туады. Егер Оның осыған
дейін «ештеңе жасағысы келмесе», онда Құдайдың Бар Ізгілігі жойы-
лады. Ал егер «жасай алмаса», онда Оның Құдіреттілігі қайда? Бұл
жағдайда Жан-жақты жетілгендік қағидасына айтарлықтай нұқсан
келеді, ал егер Құдайдың кемістіктері бар болса, онда Ол өзінің ғажап
Мәнін жоғалтады.
Ғұламаның бұл сынынан маңызды қорытындылар келіп шығады. Ол
Жаратушы ретіндегі Құдайды жаратылған Табиғатқа қарсы қоймайды.
Құдай Алғашқы себеп болып табылатындықтан, материалдық Әлем
Құдайсыз өмір сүре алмайды, ал Ол, өз кезегінде, материалдық Әлемсіз
өмір сүре алмайды. Бұндай ұстаным, негізінен,
пантеизмге
(Құдайды
Табиғатпен біртұтас деп сендіретін ілім) жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |