1916 ж. салыстырмалылықтың жалпы теория - сын құрды. Ол жұлдыздар сияқты орасан үлкен ғарыш денелерінің
өздерінің бүкіләлемдік тартылыс (гравитация) күшінің көмегімен
қоршаған кеңістікті
қисайтатынына сендіреді. Сөйтіп, кеңістік
пен уақыттың қасиеттері ғарыш денелерінің жиынына байланыс-
ты өзгеріп отырады. Осы көзқарас бойынша, 2000 жыл өмір сүрген
белгілі Евклидов геометриясының постулаттары әлі күнге дейін
біздің үй құрылысы, бау-бақшаны белгілеу және тағы басқадай іс-
тәжірибеміздегі қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін жер бетіндегі
қарапайым кеңістік теориясы болып табылады.
Салыстырмалылықтың жалпы теорясына сәйкес, әлемде бар-жоғы
екі:
зат және
өріс шындығы бар. Олардың арасында түбегейлі сапалық
айырмашылық жоқ. Зат – ол өрістің ұйыған күйі. Олай болса,
әлемді өрістің біртұтас теориясын құру арқылы түсінгіміз келетін ниет пай-
да болады. Алайда ғылымда ондай теория әлі туған жоқ.
А.Эйнштейннің аталған идеялары Б.Риман мен Н.Лобачевскийдің
геометрияларында математикалық негіздемеге ие болды. Б.Риманның
пікірі бойынша, үшбұрыш бұрыштарының сала бетіндегі жиынтығы
180 градустан асады және жүргізілген сызыққа басқа парал-
лель сызық жүргізуге болмайды, олар әрқашан түйісетін болады.
Н.Лобачевский және Я.Больяй геометрияны «жалған сала», яғни ішке
қарай майыстырылған геометрия деп зерттей отырып, кері нәтижені
дәлелдеді.
371
Сөйтіп, қазіргі заманғы жаратылыстанудың өркендеуі