голландияда тіпті
ауто - назия туралы заң қабылданды. Әңгіме
адамның өмірден қоғамның келісімі және көмек етуі арқылы өз еркімен кетуі туралы болып
отыр.
суицид (өзін-өзі өлтіру) әрекетінде қоғамның
бұған келісімі жоқ. Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы
Батыс адамының өмір бағдарламасынан келіп шығады. Қысқаша
айтқанда, өмірден мейлінше көп рақат, ләззат алуға ұмтыла отырып,
Батыс адамы қартайған шағында да еш қиналмастан, тәтті ұйқыда
жатып болмыссыздыққа кеткісі келеді. Бұл мәселені біз де талқылап
көрейік.
Бір қарағанда, Батыс өркениеті қоғамды ары қарай адамгершілік
қағидаларына бұру жолында тағы бір үлкен қадам жасаған сияқты.
Шындығында, қатерлі ісікке шалдыққан, адам төзгісіз зардап шегіп
жатқан немесе жақын-жуықтары қалмаған және ешкімге керегі жоқ
кәрі адамға неге көмектеспеске?
Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге,
көрегендікке және түйсікке қайшы келеді.
Адамға өмірінің соңына қарай күйзеліс, кінә және өлім (алдында айтылған қасіретті үштік) күйін сезіну бұйырған, ешкім де одан айналып өте алмайды. Бұл да
сол адамның айналасындағы жақын адамдардың ақыл-естері мен
сезімдеріне күшті әсер ететін өмірлік тәжірибенің біл бөлшегі емес
пе.
Соңғы күйзелістерден өту –