Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Ақтүбек



Дата30.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#130172
түріСабақ
Байланысты:
5 А сынып 03.09


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі

мемлекеттік мекемесінің

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл

Бөлім:

5.1А Натурал сандар және нөл

Педагогтің аты-жөні:

Смаханова Л.Б.

Күні:

02.09.2021

Сынып: 5 А-2, Математика

Қатысушылар саны: 1

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандар және нөл


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;

5.1.1.2 тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру;



Сабақтың мақсаты

Натурал сандар жиыны ұғымын меңгереді, тақ және жұп сандарды ажырата алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1. Ұйымдастыру кезеңі

2.«Ой қозғау»

1. Сандарды санау үшін қандай сандар қолданамыз?

2. Сандар не арқылы жасалады?

3. Ноль санын пайдаланып, қандай сандар жасауға болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді


Мадақтау








Жаңа сабақпен таныстыру.

Қандай да бір нәрсені санау үшін пайдаланатын сандар натурал деп аталады.

Мысалы:__________________

Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5...натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.

Төмендегі сөйлемді толықтырындар:

Натурал қатардың ең кіші саны....... және ең үлкен саны.......

Ескерту: Нөл натурал сан емес

Анықтама: Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.



Жұп цифрлар____________________________ Тақ цифрлар______________________________

Жұп цифрлармен аяқталған сандар жұп деп аталады.

Тақ цифрлармен аяқталған сандар тақ деп аталады.

Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтарды оқығанда оңнан солға қарай оқимыз.

Мысалы: 32507 санының разрядтары бойынша оқы: бірліктер разрядында 7 цифры, ондықтар разрядында 0 цифры, жүздіктер разрядында 5 цифры, мыңдықтар разрядында 2 цифры, он мыңдықтар разрядында 3 цифры жазылған.

Санның жазылуындағы разрядтар үш-үштен біріктіріліп кластарға бөлінген.

Алғашқы үш разряд бірліктер класы деп аталады. Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класы деп аталады.

Келесі ары қарай миллиардтар класы т.с.с кете береді.









1-тапсырма. 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 312; 474; 558; 327; 441; 777 сандарының арасынан а) жұп сандарды ә) тақ сандарды теріп жазыңдар.
2-тапсырма. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

1) 91=______________________

2) 384 =_____________________

3) 4295=____________________

4) 59231=___________________

3-тапсырма: Сандарды цифрмен жазыңдар:

1) елу екі мың алты жүз екі;

2) тоғыз жүз жеті мың төрт жүз жиырма бес;

3) екі миллион он мың тоғыз;

4) жеті миллион бір мың төрт.

4-тапсырма. a) 5 және 21; ә) 229 және 343; б) 1001 және 1441 сандарының арасында қанша натурал сан орналасқан?

а)5 және 21_____

ә)229 және 343______
Дескриптор:

Натурал сандарды біледі.

Көп таңбалы сандарды разрядтары бойынша жіктеп, жаза алады.

Тақ және жұп сандарды ажырата алады


Оқушы натурал сандар жайлы мағлұмат алады.

.


Сұрақ-жауап

Дескриптор




5-сынып Математика

оқулығы


Карточка


Соңы

Рефлексия«Ментальды карта»

І . Қанша екі таңбалы;

ІІ.Қанша үш таңбалы;

ІІІ. Қанша төрт таңбалы натурал сандар бар? Ол сандардың арасында қанша

а) жұп сан;

ә) тақ сан бар?




Оқушы сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі алған білімін қорытындылайды.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек »




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет