Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығы



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата26.02.2022
өлшемі2,5 Mb.
#133457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Пирлс

 
32
 



КІРІСПЕ 
 
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру 
ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз 
етуді меңзейді. Алайда, білім беру үдерісінің 
нəтижелі болуы білім 
алушылардың білім алудағы жетістіктерін сырттай жəне іштей бағалау 
қорытындыларын басқару жүйесін кəсіби түрде тиімді құруға тікелей 
тəуелді. 
Оқушылардың білім жетістіктерін ұлттық емтихандар ғана емес, 
сонымен қатар, оқушылардың білім жетістіктерін елге тəуелсіз 
халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеулері де қатар 
анықтайды. 
Қазақстанның халықаралық зерттеулерге қатысуы біріншіден, 
білім беру сапасының заманауи талаптарына сəйкес келетін ұлттық 
білім беру жүйесін жетілдіруді болжайды. Бұл ретте алынған 
халықаралық бағаны басқарудың стратегиялық аспектісі маңызды. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық 
оқушылардың халықаралық PIRLS (Progress in International Reading 
Literacy Study) «Мəтінді оқу жəне түсіну сапасын бағалау» зерттеуіне 
қатысуы жоспарланып отыр. 
2012 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым 
министрлігі мен Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі 
халықаралық қауымдастық (IEA) арасында «Білім беру аясында 
қазақстандық бастауыш мектептің төртінші сынып оқушыларының 
PIRLS–2016 зерттеуіне қатысуы туралы ынтымақтастық» Келісіміне қол 
қойылды. 
Бұл бірегей 
зерттеу елдің бала тəрбиесінде қарапайым оқу 
мəдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға 
бағытталған. Əлемдік контекстте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы 
өмірге 
деген 
дайындықтың 
маңызды 
параметрі 
ретінде 
қарастырылады. 
Бастауыш мектептен бастап балалардың оқудағы негізгі 
жетістіктерінің бірі ол - ақпараттық құзыреттілігінің қалыптасуы. 
Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқуының 
іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының 
қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін, мұғалімнен заманауи 
оқытудың формасын, əдіс-
тəсілдерін тауып қолдануды талап етіледі. 



Бастауыш мектеп мұғаліміне, бастауыш сынып оқушыларының 
мəтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салуға яғни, ақпараттың 
дереккөзін білуге, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алуына және 
таңдап алған мəліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсынуды 
қалыптастыруы маңызды. 
Алған білімі мен əртүрлі дереккөздерінен алынған ақпараттармен 
жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап, оның сапасын 
бағалауға жəне жасырын ойдың мағынасын түсініп, үйренуге 
көмектеседі. 
Оқушының 
оқу 
сауаттылығына 
байланысты 
дағдысын 
қалыптастыру, тəрбиелік іс-шаралар мен қосымша білім беру сияқты 
оқу компоненттерінің өзара тығыз байланысы кезінде жоғары 
жетістіктерге жетеді. Сонымен 
қатар, отбасылық оқу мəдениетін 
дамыту барысында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізу де маңызды. 
Қазақстандық 
оқушыларды 
PIRLS–2016 
халықаралық 
салыстырмалы зерттеуінде бағалауға əлі де уақыт бар. Бастауыш сынып 
оқушыларының 4 сынып соңында орта жəне жоғары буында білім 
алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда 
біріккен, мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет. 
Қазақстандық мектептердің алғаш рет халықаралық мəтінді оқу 
жəне түсіну сапасы емтиханына қатысуы қазақстандық балалар мен 
жастардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың мақсатты бағытталған 
механизмдердің бірі болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет