Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «БӚбек» Ҧлттық Ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата01.11.2019
өлшемі1,47 Mb.
#50972
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Озін-озі тану 9 кл адістемелік курал


 
 

 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
«БӚБЕК» ҦЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, 
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ 
 
МҦҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҦРАЛ 
 
 
9-СЫНЫП 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2018 

2
 
.5.016:15 
 
 
 
 
9.
 «Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру 
бағдарламасының авторы С. А. Назарбаева 
 
 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрлігі ұсынған 
 
 
 
 
Ӛзін-ӛзі  тану:  Мұғалімге  арналған  әдістемелік  құрал:  9-сынып 
/Нұркеева С., Алиев Б.Ш., Бердібаева Р.Қ. – Алматы, 2018. – 154 б. 
 
 
 
Әдістемелік  құрал  9-сыныпта  «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәнінен  сабақ 
беретін мұғалімге арналған. Әдістемелік құралда сабақтардың мақсат, 
міндеттері  анықталған.  Мұғалімге  сабақты  ұйымдастыру  және  әдіс-
тәсілдерді қолдану үшін жан-жақты кеңес берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
SBN 978-601-7819-71-2
                         «Бӛбек» ҰҒПББСО, 2018 

3
 
КІРІСПЕ 
 
«Білімді,  кӛзі  ашық,  кӛкірегі  ояу  болуға  ұмтылу  – 
біздің  қанымызда  бар  қасиет.  Табысты  болудың  ең  іргелі, 
басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек. 
Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында 
білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі, 
құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт 
қана табысқа жетеді».  
Н.Ә. Назарбаев 
 
Елбасы  айрықша  атап  кӛрсеткен  рухани  және  адамгершілік 
мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру нақты білімдік тәжірибеде түрлі 
жолдармен,  ең  алдымен,  «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
 «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  рухани-
адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сӛзі, ісі бірлікте ӛмір 
сүретін, кемел мінезді адамды дамыту. 
Мұғалімнің  рӛлі  оқушының  ішкі  әлеуетін,  оның  рухани-
адамгершілік  құндылықтар  негізіндегі  жоғары  адамгершілік  мәнін 
ашуға жағдай жасау болып табылады. 
Ӛзін-ӛзі  тану  мұғалімі  білімді  дайын  күйінде  ұсынбайды, 
оқытпайды,  ол  тек  оқушылардың  даму  бағдарын  сыртқы  әлемді 
зерттеуден  ӛзінің  ішкі  жан-дүниесінің  шексіз  әсемдігін  ашуға 
бағыттайды.  
Сондықтан  да  қазіргі  білім  мазмұнындағы  рухани-адамгершілік 
тереңдікті,  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  адамгершілік 
қасиеттердің мәнін ашып, жарыққа шығару міндеттері туындап отыр. 
Оқу пәнінің негізгі міндеттері: 
- оқушыларды 
ӛзін-ӛзі  тануға  және  үнемі  ӛзін-ӛзі 
жетілдіруіне шабыттандыру; 
- ойы, сӛзі және іс-әрекеті бірлігінің негізін қалау; 
- оқушылардың  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  мәнін 
түсінуіне ықпал жасау; 
- оқушылардың  отбасындағы,  ұжымдағы  және  қоғамдағы  ӛз 
рӛлін ұғынуына кӛмектесу; 
- табиғат,  адам  және  қоғамның  ӛзара  тәуелділігін  ұғынуға 
әсер ету; 
- әртүрлі оқуда және ӛмірлік жағдайларда әлеуметтілік және 
адамгершілік  іс-әрекеттер  жасау  тұрғысынан  тәжірибелі  болуын 
қалыптастыру. 

4
 
Пән  мазмұны  арқылы  жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
жарыққа  шығару,  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  дамыту  және 
ашуда үйлесімді тұлға дамытудың тұтас үдерісінің түрлі жақтары, 
адамның  қоғамдағы  рӛлі,  адам  мен  табиғат,  Әлемнің  бірлігі  және 
үйлесімінің  мәні;  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  мәдениетіне 
тәрбиелеу қамтамасыз етіледі. 
Оқыту  интербелсенді  әдістеме  негізінде  жүретін  пәннің  ӛзіндік 
ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  әрбір  сыныптағы  оқушылар 
құрамын  екі  топқа  бӛлу  қарастырылған.  Топқа  бӛлу  мұғалім  үшін 
оқушылардың  тұлғалық,  рухани  ӛсуінің  ішкі  динамикасына  неғұрлым 
мұқият  назар  аударуына,  білімдік  үдеріс  субъектілерінің  толықтай 
диалогін ұйымдастыруына жағдай туғызады, сонымен қатар оқушылар 
үшін сабақта талқыланатын мәселелер бойынша ӛз кӛзқарасын, пікірін 
білдіруге,  ӛз  қабілеттерін  барынша  ашуға,  қызығушылықтарын 
дамытуға,  ӛзіне  және  қоршаған  әлемге  құндылықтық  қатынасын 
қалыптастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.  
«Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  –  жүрекке  арналған  пән,  ол  заманауи 
білімді  ішкі  рухани-адамгершілік  мазмұны  жағынан  толықтыруға 
арналған. 
Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты біртұтас дамыту. 
Білім  беру  үдерісінде  баланың  жеке  тұлғасын  физикалық  және 
интеллектуалдық  аспектісі  тұрғысынан  дамытып  қана  қоймай,  ең 
әуелі баланың жоғары рухани-адамгершілік болмысын ашу қажет. 
 «Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің қағидаттары 

 
Гуманистік бағыттағы қағида.  

 
Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасы. 

 
Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы.  

 
Ұлттық мұра қағидасы.  

 
Табиғи сәйкестілік қағидасы. 
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқытудың шарттары 

 
Сүйіспеншілік, 
сенім, 
шығармашылық 
шабыт 
атмосферасын  құру,  ӛзін-ӛзі  зерделеуге,  ӛзін-ӛзі  интуитивті  түрде 
ұғынуға жағдай жасау. 

 
Рухани-адамгершілік 
білімін 
мектептің 
тұтастай 
педагогикалық үдерісіне интеграциялау. 

 
Рухани-адамгершілік  білім  беру  үдерісінде  тек  жағымды 
және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігі. 
 

5
 
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША 
9-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН 
МАЗМҦНЫ 
 
«Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  бойынша  9-сынып  оқушыларына 
арналған  оқу-әдістемелік  кешен  (ОӘК)  құрамына  «Оқулық», 
«Мұғалімге  арналған  әдістемелік  құрал»,  «Оқушы  дәптері»  кіреді. 
Оқу-әдістемелік  кешеннің  барлық  құрамдары  ӛзара  байланыста 
сабақта және үйде білімді меңгеру үшін қолданылады.  
Оқу  бағдарламасында  ӛзін-ӛзі  тану  сабақтарын  оқытуға 
аптасына  бір  сағаттан,  барлығы  34  сабақ  ұйғарылған.  1-32 
сабақтар жаңа материалды зерделеу сабақтары, 33-34 сабақтар – 
ӛткенді қорытындылау және шығармашылық жобаларды қорғау 
сабақтары болып табылады. 
Оқу  материалдары  тӛмендегідей  жүйеленіп,  тӛрт  тарау 
бойынша берілген: 
Таным қуанышы – 8 сағат. 
Адам болам десеңіз ... – 8 сағат. 
Адам және әлем – 8 сағат. 
Адамзаттың рухани тәжірибесі – 10 сағат. 
«Таным қуанышы» атты бірінші тарауды оқып-үйренуде 
мұғалім  ӛзін-ӛзі  танудың  мақсаты  және  маңызды  адами 
құндылық  ретіндегі  дұрыс  әрекеттің,  сүйіспеншіліктің  мәні 
түсіндіріліп,  ӛмірдің  мәнін  түсініп,  оны  бағалауға,  тұрмыс 
құруға,  бақытқа  қол  жеткізуге  үйрететін  ақиқат  білімді  игеру 
мен дұрыс әрекет жасаудың қажеттілігін түсінуге кӛмектеседі.  
Адам  ӛмірінің  мәні  мен  мақсаты,  оның  ӛзіне  деген  сенімі, 
адам  мұраты  -  қоғамға  қызмет  ету  және  оқу-білімнің  жасампаз 
шығармашылық еңбек екендігін жете ұғынуына мүмкіндік береді. 
Сабақ тақырыбына сәйкес берілетін білім мазмұнын яғни, 
адам  адамгершілігінің  негізі  жӛнінде  білім,  білікті  ұлтының 
ұлылығын  әлемге  әйгілеген  ағартушылар  Ахмет  Байтұрсынов, 
Жүсіпбек  Аймауытовтың  шығармалары  мен  тұжырымдары, 
сондай-ақ  күллі  бір  халықтың  ғасырлар  бойы  аңсаған 
азаттығының  кӛзайымындай  болып,  ғарышқа  барып  қайтқан 
ерлігімен  туған  халқының  мәртебесін  сан  ғасыр  алға  оздырып 
тастаған, халықтың маңдайына жүз жылда бір бітетін Ұлы тұлға 
–  Ғасыр  адамы  атанған  Тоқтар  Әубәкіровтің,  аңыз  адам, 

6
 
дарынды  ӛнер  шебері  Кененбай  Қожабеков,  атақты  математик, 
академик  Асқар  Жұмаділдаевтың  дүниетанымы  және  ӛмірге 
кӛзқарасы арқылы беру кӛзделген. 
Аталған  тарау  мазмұнындағы  берілетін  білім,  біліктілік, 
дағдылар 
нәтижесінде 
оқушылар 
адам 
ӛміріндегі 
руханилықтың,  рухани-адамгершілік  білімнің,  ӛзін-ӛзі  танудың 
рӛлін жан-жақты ұғынады. 
«Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау материалдары 
арқылы  оқушылар  адамның  адамгершілік  қасиеттері,  әйелдің 
отбасындағы және қоғамдағы орны мен рӛлі, ер адамның қадір-
қасиеті мен абыройы, парыз сезімі, сондай-ақ адамның еркіндігі 
мәселелерімен танысады. 
Екінші тараудың тақырыптық жоспарлануы оқушылардың 
жағымды  ойлауын,  қарым-қатынастағы  татулық  пен  келісімге 
келу,  айналасындағыларға  мейірімділік  пен  мұқияттылық 
танытуға  үйретуді  кӛздейді.  Адамның  рухани  мәдениетінің 
кӛрінісі,  жасампаздық  белсенділігі  оның  ӛз  мүмкіндіктерін 
танудың  қажетті  шарты,  ӛз  күшіне  сенім,  қабілеттерін  дамыту 
арқылы ӛзін-ӛзі кемелдендіру, ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың жарқын 
үлгісі  ретінде  заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар 
Әуезовтің  ӛмірінен  мағлұматтар  беріледі.  Оқушылар  Отанға, 
қоғамға  риясыз  қызмет  ету,  ӛмірдегі  түрлы  мәселелерді 
адамгершілік  нормаларға  сәйкес  шешуге,  ешкімге  ойымен, 
сӛзімен, ісімен қиянат жасамауға үйреніп, дағдыланады.  
«Адам  және  әлем»  атты  үшінші  тарау  оқушыларға  отбасы 
мүшелерінің 
арасында 
берік 
байланыстар 
орнатудағы 
жауапкершілігін, 
сондай-ақ 
сыныптастарымен, 
достарымен, 
үлкендермен адами қарым-қатынас жарастығы қоғамда татулық пен 
келісім  құрудың  негізі  екенін  ұғынуға,  ӛзіне  және  басқаларға 
құндылықтық  қарым-қатынас  үйлесімділікке  жеткізетінін  түсінуге 
кӛмектеседі.  Үшінші  тараудың  тақырыптық  жоспарлануы 
оқушылардың  жағымды  ойлауын,  қарым-қатынас  мәдениетін, 
отбасына 
құрметпен 
қарауын, 
ұжымдағы 
қарым-қатынас 
мәдениетін,  азаматтық  ұстанымын  дамытуға,  қоршаған  әлемге 
құндылықты қатынаспен қарап, әрекет етуге үйретуге бағытталған. 
Оқушылар  сынып  ұжымындағы  ӛзара  түсіністік  пен  сенімнің 
маңызын,  туындаған  даулы  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешу 

7
 
қажеттігін,  ӛзара  сыйластық  -сыныптағы  қарым-қатынастың  негізі 
екендігін ұғынады. 
«Адамзаттың  рухани  тәжірибесі»  атты  тӛртінші  тараудың 
мақсаты  –  оқушыларды  адамзат  даналығының  бастауларымен, 
рухани  ұстаздарының  ӛміріндегі  қайырымдылық  идеалдарымен 
таныстыру , сондай-ақ адамзаттың рухани мұрасын қорғап, әртүрлі 
халықтардың  мәдениетін,  тарихы  мен  дәстүрлерін  құрметтеуге 
баулып, тәрбиелеу.  
Тӛртінші 
тараудың 
тақырыптық 
жоспарлануы 
оқушылардың  жағымды  ойлауын,  қарым-қатынас  мәдениетін, 
азаматтық  ұстанымын  дамытуға,  қоршаған  әлемге  құндылықты 
қатынаспен  қарап,  әрекет  етуге  үйретуге,  шынайы  «Меннің» 
кӛрінісі  ретіндегі  ар-ұжданға  сәйкес  ӛмір  сүру  қажеттілігін 
түсіндіруге бағытталған.  
Адамның  ӛзін  және  әлемді  танудағы  мәдени  мұраның 
маңызын,  оның  рухани  негіздері  мен  туған  ӛлкенің  мәдени 
мұрасын  сақтап,  оған  құрметпен,  құндылықты  қатынаспен 
қарап, әрекет етуге үйретуді кӛздейді. 
  
Оқушылардың 
білімін 
бағалау 
оқушылардың 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  және  жоба 
күнделігі негізінде жүзеге асырылады. 
Әрбір  оқушының  жұмыс  дәптерінде  толтырылатын  жоба 
күнделігі оның ӛзін-ӛзі тану бойынша шығармашылық, зерттеу 
және әлеуметтік әрекетін кӛрсетеді. Жоба күнделігінде жобаның 
мақсаты, 
оны 
орындау 
бойынша 
іс-әрекет 
жоспары, 
оқушылардың  бақылаулары,  зерделенетін  мәселе  бойынша 
ұсыныстары,  сондай-ақ  жобаның  практикалық  іске  асырылуы 
болып табылатын әлеуметтік әрекетінің сипаттамасы беріледі.  
Сыныпқа  арналған  сабақтардың  тақырыптарын  және 
олардың 
мазмұндық 
негізін 
қамтитын 
тақырыптық 
жоспарларын  ұсынамыз.  Ӛзін-ӛзі  тану  сабақтарының  мазмұны 
адамзаттың  рухани-адамгершілік  мәдениеті,  адам  және 
қоршаған  әлем  туралы  кең  кӛлемдегі  мәліметтерді  қамти 
отырып, оқушылардың ішкі ізденістерін ӛзектендіреді, тереңнен 
ойлауға  деген,  ӛмірлік  мәні  бар  сұрақтарды  ажырата  білу  мен 
мәнін ұғына отырып, жете білу қабілеттерін дамытады. 

8
 
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША 9-СЫНЫПҚА 
АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
(34 сағат, аптасына 1 сағаттан) 
 
Тарау 
атауы 
Сабақ 
№ 
Сабақтың 
тақырыбы 
Мазмҧндық негізі 
І 
Т
аны
м
 қуан
ыш
ы
 
1-2 
Ӛмір жолын 
таңдау 
Ӛз мүмкіндіктерін тану. 
Ықылас және 
мүмкіндіктер.  
Адамның шынайы 
борышы. Бейімділік
 
және 
кәсіп.  
3-4 
Мағыналы ӛмір  Рухани-адамгершілік 
сапалардың ӛмірдегі 
кӛрінісі.  
Адам - ӛмірдің мәнін 
ұғыну жолында. 
 
5-6 
Адам ойының, 
сӛзі мен ісінің 
бірлігі 
Адамгершілік 
қағидалары.  
Әрекет –тұлғаның рухани 
кемелденуінің кӛрінісі 
ретінде. 
 
 
7-8 
Даналықтың 
сарқылмас күші 
Халық даналығының 
тереңдігі. 
Жалпыадамзаттық және 
ұлттық құндылықтардың 
ӛзара әрекеттестігі. 
Салт-дәстүрлердің, халық 
шығармашылығының 
ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мен 
кемелденуінің негізі 
ретіндегі рухани мәні. 
 
 

9
 
II 
А
да
м
 бо
л
ам
 д
ес
ең
із...
 
9-10 
Адамның 
адамгершілік 
қасиеттері 
Жеке тұлғаның 
мәдениеті. Ұждандылық, 
қадір-қасиет және 
бекзаттық/тектілік 
адамның 
адамгершілігінің кӛрінісі 
ретінде. 
Қарапайымдылық – 
адамның рухани 
мәдениетінің кӛрінісі 
ретінде. 
11-12 
Әйелдің орны, 
рӛлі  
Отбасындағы және 
қоғамдағы әйел.  
Әйел – риясыз 
сүйіспеншілік бастауы.  
Бойжеткен қыздың 
адамгершілік бейнесі. 
13-14 
Ер адам -
парызды, 
жауапкершілік 
пен тәртіпті іске 
асырушы 
Ер адамның қадір-қасиеті 
мен абыройы.  
Парыз сезімі.  
Отбасы қауіпсіздігі үшін 
жауапкершілік. Әйел 
адамды сыйлау. 
15-16 
Адамның 
еркіндігі 
Адам- ӛз елінің азаматы. 
Азаматтық сана. 
 Белсенді ӛмірлік 
ұстаным.  
Еркіндік – тұлғаның ӛз 
әрекеті үшін 
жауапкершілігі ретінде.  
III 
А
дам
 ж
ән
е 
әл
ем
 
17-18 
Отбасы 
татулығы –
қоғамдағы 
татулық 
Отбасы  –  адамгершілік 
дамуының 
алғашқы 
ортасы 
ретінде. 
Отбасындағы  бірлік  және 
ӛзара түсіністік.  
Кешіре білу білігі. 
 

10
 
19-20 
Ұжымдағы 
ынтымақтастық 
Ұжымдағы адам. 
Ынтымақтастыққа даяр 
болу.  
Ӛзара кӛмек және қолдау.  
Қарым-қатынас жасай 
білу. 
21-22 
Ӛзгелерге 
қызмет ету – 
ӛзіне қызмет ету 
Адамның риясыз қызмет 
ету қажеттілігі. 
Қайырымдылық, 
жанашырлық, 
кеңпейілділік.  
Адамның жан 
жомарттығы. 
23-24 
Бақыт - бірлікте 
Әлемнің бірлігі мен 
тұтастығын түсіну. Адам 
– әлемнің бӛлшегі 
ретінде. Адамның 
табиғатпен, басқа 
адамдармен бірлігі. 
Жалпыадамзаттық 
құндылықтар – адамзат 
бірлігінің негізі. 
IV 
А
дам
затт
ың ру
хани 
тәж
ір
ибес
і 
25-26 
Адамзат 
даналығының 
бастаулары 
Мәдениет, ғылым, ӛнер, 
әдебиет - адам 
даналығының 
бастаулары.  
Ата-бабалар мен аға 
ұрпақтың құндылықтарда 
іске асырылған мәңгілік 
жалпыадамзаттық 
адамгершілік ӛсиеттері . 
27-28 
Мәңгілік ізденіс 
- мәңгілік жол 
Ұлы адамдардың ӛмірі 
мен рухани ізденістері.  
Рухани және 
адамгершілік 
кемелденуге талпыныс.  
 

11
 
29-30 
Сүйіспеншілік - 
жоғарғы Ақиқат 
ретінде 
 Сүйіспеншілік - адам 
табиғатының негізі 
ретінде.  
Жақыныңа сүйіспеншілік 
- адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың 
маңызды жағы ретінде. 
Әдебиеттегі, ӛнердегі 
сүйіспеншілік бейнесі -
адам мен әлемді танудың 
тәсілі ретінде. 
31-32 
Адамның рухани 
сұлулығы 
Жалпыадамзаттық 
құндылықтар – ӛмірдің 
негізі.  
Ӛтілгенді қайталау. 
 
33-34 
Ар-ұждан 
ғылымы  
Ӛтілгендерді 
қорытындылау. 
Шығармашылық 
жобаларды қорғау. 
 
 

12
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ 
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
Оқушылар 9 сыныпты бітіргенде: 
-жалпыадамзаттық, 
этномәдениеттік 
және 
ұлттық 
құндылықтардың ӛзара байланысын түсінеді; 
-ӛз мүмкіндіктерін тануға тырысады
-ӛз 
ойларына,  сӛздеріне  және  іс-әрекетіне  деген 
жауапкершілігін сезінеді; 
-зорлық  пен  қаталдық  орын  алған  жағдайдағы  жағымсыз 
зардаптарын біледі; 
-ӛмірдегі  ғажайыпты,  асқақты,  қайғыны  және  күлкіліні 
ажырата алады және оған ӛз кӛзқарасын білдіре алады; 
-  жыныстық  сипаттарына  байланысты  отбасындағы, 
ұжымдағы және қоғамдағы ӛзінің рӛлін түсінеді; 
-ӛз  ӛмірі  мен  денсаулығының  құнын  түсінеді,  салауатты 
ӛмір салты туралы білімін тәжірибеде пайдаланады, ӛмірлерінен 
жағымсыз әдеттерді шығаруға тырысады;  
-болашақ  мамандығын  саналы  таңдаудың  маңыздылығын 
түсінеді; 
-ӛзінің жеке уақытын есептеп, бақылай алады; 
-қалауы  мен  мүмкіндіктерінің  шегін  біледі,  қалауын 
материалды, материалды емес тұрғысынан ажырата біледі; 
-ӛмірдегі ӛзара кӛмек кӛрсетудің мәнін түсінеді; 
-азаматтық  болмысты  ұғынуға  тырысады,  қазақ  және 
басқа  да  тілдерге,  қазақтың  ұлттық  дәстүрлері  мен  басқа  ұлт 
ӛкілдерінің дәстүрлеріне құрмет кӛрсетеді. 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ 
 
«Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  бойынша  оқушылардың  білім 
сапасын  бағалау  9  сынып  оқушылары  үшін  әзірленген 
бағдарламадағы 
«Оқушылардың 
дайындық 
деңгейіне 
қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.  
Рухани-адамгершілік  білім  берудің  ерекшеліктеріне 
сәйкес  сандық  емес,  сапалық  білім  маңызды,  сондықтан  әрбір 
жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «сынақ»  бағасы 

13
 
қойылады.  «Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын 
талаптар»  пән  бойынша  сынақ  қабылдаудың  шарты  болып 
табылады. 
Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  барлық 
талаптар  орындалып,  бағдарлама  талаптарына  сәйкес  жоба 
күнделігі әзірленсе, оқушыға «сынақ» қойылады. 
 
ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ӛзін-ӛзі  тануды  оқыту  барысында  бірқатар  әдістемелік 
тәсілдер қолданылады: 
Сабақтың дәйексӛзі 
Дәйексӛз  ӛзін-ӛзі  тану  сабағының  оқу  материалын 
эмоционалды-образды  қабылдауға,  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығын  белсендіруге  кӛмектесетін  міндетті  элементі. 
Ол  сабақтағы  жекелеген  әдіс  ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ 
оқушының  күнделікті  ӛмірінің  бӛлінбес  бір  бӛлігі  болуы  тиіс. 
Адамзаттың  рухани  ұлы  ұстаздарының  мұраға  қалдырған 
білімдері,  ұлы  ойшылдардың  айтқан  дәйексӛзі  ӛмір  бойы  есте 
қалып,  шабыт  береді,  ӛмірлік  ұстанымы  болары  анық.  Егер 
оқушылар  дәйексӛздерді  жатқа  айтса,  нұр  үстіне  нұр.  Балалар 
дәйексӛздерді  күнделікті  ӛмірлерінде  тәжірибеде  қолдана 
алады, тілдері де байи түседі. 
Дәйексӛздерге  мыналар  жатады:  ой-пікірлер,  мақал-
мәтелдер, нақыл сӛздер, ұлағат сӛздер, ақыл сӛздер, ұран сӛздер 
және т.б. Дәйексӛздер адамды жақсы ойларға шабыттандырады; 
жанына  нәр  береді;  ӛзіне  сенімін  арттырады;  ӛз  айқындамасын 
бекітуге,  ұстанымында  тұра  білуге  кӛмектеседі,  рухани  білім 
береді. 
Дәйексӛздер  арқылы  жасалатын  жұмыс  түрлері  мен 
ойындар:  дәйексӛзді  жалғастырып  айту;  дәйексӛзді  жаттау; 
дәйексӛздің  мағынасын  ашу;  қиынды  суреттердің  (пазлдар) 
сыртына  жазылған  дәйексӛзді  құрау;  берілген  сӛз,  сӛз  тіркесі 
арқылы  дәйексӛз  құрау;  ән  түріндегі  дәйексӛздер;  даналық 
карточкалары; қазыналы сандықша және т.б.  
Сабақтың  дәйексӛзі  ұзақ,  күрделі  болмауы  тиіс,  бір 
дәйексӛзді  екі  сабақта  қолдануға  болады,  сонда  балалар  оны 

14
 
жақсы  еске  сақтайды.  Дәйексӛздерді  күнделікті  ӛмірде  де 
қолдану оқушылардың түпкі саналарын тазартады.  
Мұғалім  сабақтың  мақсатына  сәйкес  келетін  нақыл  сӛзді 
тақтаға жазып қоюы керек. Балалар дәйексӛзді есте сақтау, түпкі 
санада  сақталуы  үшін  бірнеше  рет  дауыстап  айтады  және 
дәптерлеріне жазады.  
Әңгімелеу (оқиға айту) 
Әңгімелеу  (оқиға  айту)  –  сабақта  ұжымдық  тыңдауға 
жайлы  жағдай  тудыратын  маңызды  ойлау  және  тілдік  әрекет 
ретінде  қолданылатын  әдіс.  Мұндай  әдіс  ежелден-ақ  ұрпақтан-
ұрпаққа ақпарат тарату құралы болып саналады.  
Аңыз  әңгімелерді  айту  ӛнері  оқушыларды  терең  рухани-
адамгершілік әңгіме үдерісіне тарта білу тәсілі болып табылады. 
Оқиға  мазмұнындағы  ерлік,  батырлық,  батылдық, 
жүректілік, қайсарлық, адалдық, әділеттілік, беріктік қасиеттері 
бала мінезін дамытуға әсерін тигізеді.  
Оқиғадағы  бір  немесе  бірнеше  жалпыадамзаттық 
құндылықтардың  суреттелуі,  ӛмірлік  құндылықтар  мен 
адамгершілік  қасиеттердің  дәріптелуі  олардың  тәжірибелік 
қырларын  ашады.  Оқиғаны  әңгімелеп  айту  кезінде  балалар 
тыңдау  мен  естуге,  сезіну  мен  түсініп-түйсінуге,  ойлану  мен 
пайымдауға  үйрене  отырып,  руханилыққа  терең  бойлап, 
адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді.  
Сабақтың  үстінде  әңгімелеу  үлкен  рӛл  атқарады  және 
әрбір  адамның  ішкі  дүниесіне  тән  құндылықтарды  анықтауда 
маңызы  зор.  Әңгіме  аяқталғаннан  кейін  мұғалім  бірінші 
мәтіннің  мазмұны  бойынша  әңгімені  мұқият  тыңдағандарын 
білу үшін сұрақтар қояды. Содан соң әңгіменің құндылық мәнін 
ашатын  2-3  сұрақ  қояды,  кейін  балалардың  ӛз  ӛмірінен  сол 
құндылықтарға  қатысы  бар  мысалдар  келтіретіндей  сұрақтар 
қояды.  Мұғалім  ӛзінің  пікірін  айтпай,  тек  қана  балалардың 
жауаптарын  түзету  мақсатындағы  нақты  сұрақтар  арқылы 
бағыттап отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет