аяқпен жалғастырылады. Дельфин әдісінде аяқпен 2
-
3 рет серпіп
жіберіп, сонан соң қос қолдап есе бастайды да, ішке терең дем
тартып жүзе жөнеледі.
Су ішінен алынатын бастау.
Шалқалап жүзгенде бастау
су ішінен бассейннің қабырғасынан итеріп қалып алынады.
Жүзгіш суға түсіп арнайы жасалған бассейннің қабырғасындағы
тұтқадан ұстайды. Бұйрық берілгеннен кейін ол екі табанымен
бассейннің қабырғасын тірейді. Жамбас және тізе буындары
бүгілулі, тұтқадан қос қолдап мықтап ұстап, денені сәл көтеріңкі
қалыпқа келтіреді. Бұл кезде тізе екі қолдың арасында, бас
кеудеге қарап еңкейген.
Секіру.
Орындау бұйрығынан кейін жүзгіш қолын
тұтқадан босатып, екі табанымен қабырғаны қатты итеріп қалып,
суға екпінімен құлдилайды. Бұл кезле қол созылып, бастан
асырылады да, суға енеді. Тізе және жамбас буындары жазылып,
дене тіктеледі.
Суға ену және жылжу.
Құлдилап
келіп суға енген жүзгіш
дереу жылжи бастайды. Суға ену тереңдігі 40
-
60 см шамасынан
аспайды. Бұл кезде жүзгіш сүңги отырып ілгері жылжиды да
,
қалқып шығып, алға қарай еседі. Жылжу қашықтығы бассейн
қабырғасынан су бетіне қалқып шыққанша ерлерге 6
-
7 м,
әйелдерге 5
-
6 м шамасында болу керек.
Су бетіне қалқып шығу.
Алғашқы жүзу қимылдары аяқпен
серпуден басталады, сонан соң су бетіне қалқып шығып,
екі
қолды кезектестіріп есе жөнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: