4- Дәріс.
Тақырып: ІЖҚ‑ның негізгі және көмекші жүйелері.
Мазмұны: ІЖҚ мен ГШҚ‑нің жанармай жүйелерінің мақсаты және жұмыс істеу принципі, салқындату жүйелері, майлау жүйелері. Оларға қойылатын талаптар.
Жанармай жүйелері.
Жанармай жүйелері қозғалтқыштың маңызды жүйелерінің бірі болып табылады.
Ол қозғалтқышты әртүрлі жұмыс тәртіптерінде жанармаймен қалыпты қамтамассыз ету үшін арналған және көптеген қондырғылар жиынтығынан тұрады:
- жанармайды тасмалдау және сақтау;
жанармайды сиымдылықтардан алып, тазартып қоспа түзу құралдарына немесе жоғары қысымды жанармай сорғысына беру;
цилиндрлердің жұмыс тәртібіне және қозғалтқыштың жүктемесіне сәйкес цилиндрлеге, реттеу құралдарына жанармайды немесе ауа‑жанармай қоспасын үлеспен беру, берілісті және жанармй күйін бақылау.
Қозғалтқыштардың жанармай жүйелеріне қойылатын талаптар.
Пайдалану үрдісінде жанармай жүйелерінің жетілдірілген дәрежесіне және оның техникалық күйіне қозғалтқыштың жұмыс үрдісінің көрсеткіштері, сенімділігі, сонымен бірге пайдалану сипаттамалары тәуелді. Сондықтан қозғалтқыштың жанармай жүйелеріне жоғары талаптар қойылады.
Барлық қозғалтқыштардың жанармай жүйелері келесі функцияларды орындауы қажет:
- белгілі уақыт аралығында қозғалтқыштың жұмысына қажетті жанармай қорын сақтауды қамтамассыз ету;
жанармаймен толтырудан бастап жану камерасына жанармай беруге дейін жанармайды механикалық қоспалардан тиімді тазарту;
барлық пайдалану тәртіптерінде цилиндрлердің жұмыс тәртібіне және жүктемесіне сәйкес жанармайдың берілген шығынын қамтамассыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |