Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м. Тынышбаев атындағЫ Қазақ КӨлік және коммуникациялар академиясының



бет21/39
Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#97209
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Кітап қажетті

Жану үрдісі.
Жанармайдың термохимиялық сипаттамалары.


Жану - бұл жанармайдың жылу бөле жүретін жанғыш элементтерінің химиялық тотығу үрдіс. Ауа оттегісі тотықтырғыш болып табылады. Дизельдің Ж.К.‑да жанудың пайда болуы өздігінен тұтану есебінен жүреді, бұған сығымдалған ауаның жоғары температурасымен қысымы әсер етеді.
Өздігінен тұтану температурасы - Тсв. деп, тұтанудың және тұрақты жанудың (тұтатудан кейін 5 сек. артық жану) пайда болу температурасын атайды.
Жанармайдың тұтануы ЦЧ цетандық санмен бағаланады.
Жанармайдың ЦЧ цетандық саны – бұл берілген жанармайдың өздігінен тұтану қасиетіне сәйкес қасиеті бар қоспадағы жеңіл тұтанатын цетанның (С16 Н34 , ЦЧ=100) және ауыр тұтанатын альфаметилнафталиннің (С11Н10 , ЦЧ=0) пайыздық құрамына тең.
Жану үшін қажетті оттегі мөлшері, жану өнімдерінің мөлшері жанармай құрамының элементтерінің жану реакциясымен анықталады.
Жанармайдың элементтік құрамы – жанармай құрамының әр‑бір элементтерінің масса бойынша пайыздық құрамын көрсетеді.
1 кг жанармайдың толық жануында бөлінетін жылу оның энергетикалық көрсеткіші болып есептеледі. Жанармайдың төменгі және жоғарғы жану жылулары болады.
Жоғарғы жану жылуы QВ - жанармайдың массалық немесе көлемдік бірлігінің экзотермиялық жану реакциясында бөлінетін толық жылу мөлшерін сипаттайды. Жанармай құрамындағы сутегі жану үрдісінде ауа оттегісімен эндотермиялық реакцияға түсіп, су буын түзеді. Бұл реакция бөлінген толық жылу мөлшерінің бір бөлігін сіңірумен жүреді.
ІЖҚ‑да өңделген газдар сыртқа су буының конденсациялық температурасынан біршама жоғары температурамен шығарылады. Сондықтан су буының пайда болуына сіңірілген толық жылудың бір бөлігі өңделген газдармен бірге кетеді және есептеуде ескерілмейді.
Жұмыстық үрдістің тәжірибелік есебінде жанармайдың төменгі жану жылуы қолданылады.
Төменгі жану жылуы QН - өңделген газдар құрамында су буымен кететін жылуды есептемегендегі, жанармайдың жануында бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайды.
Егер элеметтік құрам белгілі болса, онда жанармайдың төменгі жану жылуын жуықтап анықтау үшін Д.И.Менделеев теңдеуін пайдалануға болады.


QН = 33900·С + 103000·Н - 10900·О кДж/кг




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет