Шартты белгіленудің мысал:
8ЧН14/14 қозғалтқышы – сегіз цилиндрлі, төрт ырғақты, реверссіз, тронкті, үрмелеулі, цилиндр диаметрі 140 мм, піспек жүрісі 140 мм;
ЗДСП 19/30 қозғалтқышы – үш цилиндрлі, екі ырғақты, реверсивті муфталы және редукторлық берілісті тронкті кемелік, цилиндр диаметрі 190 мм, піспек жүрісті 300мм;
ІЖҚ және ГШҚ негізгі техникалық сипаттамалары және техникалық талаптар.
Қандайда бір жылулық қозғалтқыштың жұмысы негізгі екі үрдіспен қатар жүреді:
жылу бөлінумен жүретін жанармайдың жануының физико-химиялық үрдісі.
механикалық жұмысқа айналатын жұмыстық дене күйінің өзгеруінің физикалық үрдісі.
Жұмыстық дене – деп бу қазандығынан алынатын буды немесе қозғалтқышта жанармайдың жануында пайда болатын газды атайды.
Егер жұмыстық дененің энергиясын механикалық жұмысқа айналдыру, цилиндр ішінде қозғалатын піспекке қысым көрсету арқылы жүретін болса, онда мұндай қозғалтқыш піспекті жылулық қозғалтқыш деп аталады.
Егер жұмыстық дененің энергиясын механикалық жұмысқа айналдыру, машинаның жұмыстық дөңгелегінің қалақшаларына әсер ету арқылы жүрсе, онда мұндай қозғалтқыш жылулық шығыр деп аталады.
ІЖҚ‑да жанармайдың химиялық энергиясын пайдалану тәсілдерін қолдану тиімді олып табылады, себебі аралық жұмыстық дене (бу) қолданбауға мүмкіншілік береді.
Дизель дегеніміз бұл сығымдаудың соңында берілетін жанармай, сығымдалған ауаның жоғары температурасы есебінен өздігінен тұтанатын піспекті жылулық қозғалтқышты атайды.
Піспекті жылулық қозғалтқыштарда жылулық энергияны механикалық энергияға айналдыру периодпен (циклдік) қайталанатын үрдістермен бірге жүреді:
жану және кеңею, яғни бұл үрдістің уақыт аралығында газ қысымдарының әсері арқылы піспекті қозғалтатын пайдалы жұмыс жасалады.
шығару органдары арқылы газды шығару және кіру органдары арқылы жаңа ауа мөлшерін беру жолымен ауа зарядын алмастыру;
піспектің жоғарғы кеңістігінің көлемін азайту жолымен ауаны сығымдау.
Қозғалтқыштың цилиндрінде тізбектеліп периодпен қайталанатын үрдістер жиынтығы қозғалтқыштың жұмыстық циклі деп аталады.
Жұмыстық цикл бойына жұмыстық дене күйінің өзгеруі қозғалтқыштың жұмыстық үрдісі деп аталады. Жұмыстық цикл бойына цилиндр ішіндегі қысымның көлемге байланысты өзгеруі индикаторлық диаграммамен көрсетіледі сур.2.( а – төрт ырғақты, б- екі ырғақты). Қозғалтқыштың иінді білігінің айналым қозғалысы қисық мойынды‑ шатун механизмі (ҚШМ) арқылы піспектің кері‑тура қозғалысымен іске асады. Шатун және қисық мойын өстерінің бағытының сәйкестенуіндегі ҚШМ орны өлі нүкте деп аталады.
Өлі нүктелерге піспектің цилиндрдегі шекті орны сәйкес
(φ = 00 и.б.а. және φ = 1800 и.б.а.
Піспектен иінді білік өсіне дейінгі ең үлкен арақашықтықтағы ҚШМ (φ = 00 и.б.а.) орны жоғарғы (ішкі) өлі нүкте (ж.ө.н.) деп аталады.
Піспектен иінді білік өсіне дейінгі ең кіші арақашықтықтағы ҚШМ (φ = 1800 и.б.а.) орны төменгші (ішкі) өлі нүкте (т.ө.н.) деп аталады.
Бір шекті нүктеден екінші шекті нүктеге дейінгі піспек қозғалысында іске асатын жұмыстық циклдің бір бөлігі ырғақ деп аталады.
Жұмыстық циклдің іске асуы үшін қажетті піспек жүрісінің санына байланысты піспекті қозғалтқыштар екі түрге бөлінеді:
- төрт ырғақты қозғалтқыштар, мұнда жұмыстық цикл піспектің төрт жүрісінде немесе иінді біліктің екі айналымында іске асады, яғни 7200 и.б.а.;
- екі ырғақты қозғалтқыштар, мұнда жұмыстық цикл піспектің төрт жүрісінде немесе иінді біліктің екі айналымында іске асады, яғни 3600 и.б.а.;
Ж.ө.н. және т.ө.н. аралығындағы арақашықтық піспек жүрісі-S деп аталады.
Өлі нүктелер аралығында піспектің қозғалысында цилиндрдің піспек бетіндегі ішкі көлемі өзгереді. Бұған келесі көлемдер сәйкес болып табылады:
- Ж.ө.н.‑де піспектің орналасуындағы цилиндрдің піспек бетіндегі ішкі көлемі сығымдау камерасының көлемі-VC деп аталады.
- Ж.ө.н. және т.ө.н. аралығындағы цилиндрдің піспек бетіндегі ішкі көлемі цилиндрдің жұмыстық көлемі- Vh деп аталады
Vh =
мұнда: D- цилиндр диаметрі.
-. Т.ө.н.‑де піспектің орналасуындағы цилиндрдің піспек бетіндегі ішкі көлемі цилиндрдің толық көлемі - Va деп аталады.
Va = VC + Vh
Цилиндрдің толық көлемінің - Va сығымдау камерасының көлеміне қатынасы -VC геометриялық сығымдау дәрежесі деп аталады:
Кіру органдарының жабылуына сәйкес келетін піспек бетінің көлемінің сығымдау камерасының көлеміне қатынасы - шынайы сығымдау дәрежесі - деп аталады:
;
мұнда: ψ- піспек жүрісінің жоғалтқан үлесі.
Сығымдау дәрежесінің шамасына жанармайдың жану жылуын пайдалану дәрежесі және қозғалтқыштың басқа көрсеткіштері тәуелді.
Төрт ырғақты қозғалтқыштың жұыстық циклі (2,а сур. қара.).
Төрт ырғақты қозғалтқыштың жұыстық циклі иінді біліктің екі айналымында іске асады, яғни 7200 и.б.а., мұнда піспек төрт жүріс (ырғақ) жасайды
6-Сурет.. Қозғалтқыштардың индикаторлық диаграммалары.
а – төрт ырғақты, б- екі ырғақты.
Достарыңызбен бөлісу: |