8.Техника-экономикалық көрсеткіштер.
Ғимараттың көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері мен оның оңтайлығының көрсеткіштері анықталады.
Көлемдік-жоспарлау көрсеткіштеріне жатады:
- FЗ (м2) құрылыс ауданы. Цоколь кесіндісінен жоғары ғимараттың сыртқы периметрі шеңберіндегі аудан сияқты анықталады;
- р FР (м2) жұмыс ауданы. Функцияоналдық үрдісті жүзеге асыруға арналған орын-жай аудандарының сомасы ретінде анықталады;
- FЖ (м2) тұрғын аудан. Барлық тұрғын бөлме аудандарының сомасы ретінде анықталады;
- FО (м2) жалпы аудан. Бұл жұмыс (тұрғын) аудан мен дәліз, тамбур, өтпе аудандарының, сондай-ақ құрал-жабдықтардың инженерлік желілерін (қазандықтар, сорғылық су құбырлары және канализация, трансформаторлық ішкі станциялар, желдеткіш камералар) орналастыруға арналған аудандар жиынтығы. Баспалдақ торларының, лифт шахталарының, лоджилардың, балкон аудандары жалпы ауданға кірмейді;
- жабынқышты аражабыны бар ОС (м3) ғимараттың құрылыс көлемі цокольдан жоғары бірінші қабат деңгейінде ғимараттың сыртқы айналдыру жиегі бойынша горизонталь қиманың ауданын бірінші қабаттың таза еденінен жабынқышты аражабынның жылу оқшаулағыш қабатының жоғарғы жазықтығына дейін; біріктірілген төбелерде – шатырдың жоғарғы жазықтығының ортаңғы белгісіне дейін өлшенген ғимараттың толық биіктігіне көбейтумен анықталады. Жертөлелік және цоколь қабаттарының көлемі цокольдан жоғары бірінші қабат деңгейіндегі қабырғалардың сыртқы қоршауы бойынша алынған ғимараттың горизонтальды қимасының ауданын жертөленің (немесе цоколь қабатының) таза еденінен бірінші қабаттың таза кеңістік деңгейіне дейін өлшенген биіктікке көбейту жолымен анықталады.
Көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерінің негізінде жобада қабылданған шешімдердің оңтайлығының көрсеткіштері анықталады, олардың қатарына жатады:
а) жұмыс (тұрғын) және жалпы аудандар қатынасын сипаттайтын жоспарлау коэффициенті,
(3.4.5)
б) жалпы ауданның бірлігіне келетін, ғимараттың құрылыс көлемін беретін көлемдік коэффициент,
(3.4.6)
в) сыртқы қабырғалар периметрінің құрылыс ауданына қатынасын сипаттайтын жоспар формасының ықшамдылығының көрсеткіші,
(3.4.7)
Достарыңызбен бөлісу: |