Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы



бет33/38
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#120446
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрлігі семей ал

Бұлтты бақылау.

1 Практикалық жұмыс




ТАҚЫРЫБЫ : Күн радиациясының қарқындылығы мен сіңген жылудың шамасын / сандық/ анықтау.
МАҚСАТЫ : Радиациялық баланстың құрамдас бөліктері мен жердегі әртүрлі денелердің жылу сіңірген ерекшеліктерімен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : Күн радиациясының мына түсініктеріне анықтама бер:
а/ күннің тура радиациясы / S /.
б/ шашыранды радиация / Д /.
в/ жиынтық радиация / Q /.
г/ шағылған радиация / Ч /.
д/ жердің сәулеленуі / нұр шашуы/ /Еж /.
е/ Атмосфераның сәулеленуі /Еа /.
ж/ тиімді сәулелену / Ет/.
з/ қысқа толқынды радиация .
и/ ұзын толқынды радиация .
к/ күн тұрақтылығы / Sо/.
л/ жердің әрекеттегі қабаты / деятельный слой/ .

  1. Егер актинометр бойынша күн радиациясының қарқындылығы минутына 1,10 кал/ см ², ал күннің биіктігі 35° болса, онда горизонтальды жер бетінің 1 см ² ауданына 1 минутта қанша Күн радиациясы түседі?

  2. Перпендикулярлы бетке түсетін күннің тура радиациясының қарқындылығы минутына 1,3 кал/ см ² тең. Күннің горизонттан биіктігі 55° болғанда горизонтальды бетке келіп түсетін күн радиациясының қарқындылығын тап?

  3. Тұнық атмосфера коэффициенті Р=0,70, күннің горизонттан биіктігі 30° горизонтальды бетке түсетін күн радиациясының қарқындылығын тап?

  4. Күннің горизонттан биіктігі 30°, перпендикуляр бетке түсетін күн радиациясының қарқындылығы минутына 1,3 кал/ см ² болған жағдайдағы инсоляция қарқындылығын / S / анықта.

  5. Күннің тура радиациясының мөлшері минутына 1,0 кал/ см², ал шашырынды радиациясының мөлшері тураның 10%, яғни Д=10%. Егер күннің биіктігі 50°, онда ылғалды қара топырақ қанша жылу сіңіреді?

  6. Егер минутына шалғын шөпке қарқындылығы S= 1,18 кал/ см² радиация ағым түссе, онда шөп қанша жылу сіңіреді?

  7. Төмендегі мәліметтер бойынша: күннің инсоляция қарқындылығы минутына 1,0 кал/ см², шашыранды радиация Д = 0,30 кал/ см², ал тиімді сәулелену мөлшері Ет = 0,10 кал/ см² кепкен шөппен төселген топырақ жамылғысының радиациялық балансын есептеп тап?

  8. Мына мәліметтер бойынша: инсоляция қарқындылығы минутына 0,80 кал/ см², шашыранды радиация Д = 0,2 кал/ см², ал тиімді сәулелену мөлшері Ет = 0,1 кал/ см² тең, құрғақ құмның беткі қабатының радиациялық балансын есептеп тап?

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Хромов С. Г. , Мамонтова Л.К. Метеорологический словарь. Л., Гидромет., 1974

  2. Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины. М., « Сов. энциклопедия», 1988

  3. №1 кесте. Әртүрлі бұрыштардың синустарының мәні.

  4. №2 кесте. Күннің горизонттан биіктігіне байланысты атмосфера массасының сандық шамасы.

  5. №3 кесте. Әртүрлі жер бетінің альбедосы.

  6. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер.



МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Радияциялық баланстың теңдігі R=S+Д – Ч + Еа – Еж ;
S- күннің тура радиациясы. Жердің Күнге дейінгі ара қашықтығы үлкен болғандықтан / 150 млн. км./ күннің тура радиациясы параллельді сәулу ағыны сияқты. Күннің тура радиациясының қарқындылығы минутына жер бетінің 1 см² келіп жететін энергияның мөлшерімен есептеледі де калориямен беріледі /кал/ см²/. Егер осы шаманың күннің горизонттан биіктік бұрышының синусына / һ / көбейтсе, онда вертикальды, тура күн радиациясының шамасы /S/: S= S·sin h шығады.
Күннің шашыранды радиациясы дегеніміз горизонтальды Жер бетіне атмосфера, бұлттар, шаң-тозаңдар және әртүрлі қоспалардың шашыратқанынан кейін келіп жететін күн радиациясының мөлшерін айтады. Сонымен қатар шашыранды радиация құрамына әртүрлі заттар ақылы шығарылған, мысалы таулар, ағаштар, құрылыс объектілері т.б радиация да енеді. Жиынтық радиациясы / Q /- горизонтальды жер бетіне келіп жететін тура және шашыранды радиацияның жалпы мөлшері; кейде оны инсоляция деп атайды: Q =S+Д; шағылған радиация /Ч/- жер бетінен шағылған радиация мөлшері Жердің сәулеленуі / нұр шашуы/ / Еж/ -Жердің әрекеттегі қабатынан жоғары атмосфераға бағыталған ұзын толқынды радиация.
Қарама-қарсы сәуле – атмосферадан жер бетіне бағытталған ұзын толқынды сәуле / Еа /
Тиімді сәулелену /Ет / - жер мен атмосфера сәулеленуінің айырмашылығы : Ет = Еа –Еж.

№1 кесте
Әртүрлі бұрыштардың синусының мәні / инсоляция шамасын есептеу үшін/







10°

15°

20°

25°

30°

35°

40°

45°

50°

55°

60°

65°

70°

75°

80°

85°

90°

0,00

0,09

0,17

0,26

0,34

0,42

0,50

0,57

0,64

0,71

0,77

0,82

0,87

0,91

,94

0,97

0,98

1,00

1,00

№2 кесте
Күннің горизонттан биіктігіне байланысты атмосфера массасының өзгеруі / Р = 760 млн. болғанда/



90°

80°

70°

60°

50°

40°

30°

20°

15°

10°





1,00

1,02

1,06

1,15

1,30

1,55

2,00

2,90

3,82

5,40

10,4

35,40

№3 кесте
Әртүрлі жер бетінің альбедосы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет