Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы



бет5/12
Дата28.01.2018
өлшемі3,38 Mb.
#35301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Желдің бағытын, оның режимін территорияны пайдалануға жоспарлағанда (қала, елді мекен өнеркәсіп орындары және т. б„ құрылыстарды) білу қажет.

Желдің энергиясы болады, ол табиғатта үйкеліске, бөлшектерді көшіруге жұмсалады, буға беріледі (толқу, жел ағысы), Кейде жел тіпті жағымсыз құбылыстарды (топырақтың жел эрозиясы, су тасқыны) тудырады. Жел энергиясын пайдалану, энергияның басқа түрлерін пайдалануға болмаған жағдайларда маңызды. Жел двигательдері егістік пен жайылымға су беретін насостарды іске қосады. Жел электр станциялары шет аудандарда клубтарға, мектептерге, ауруханаларға және т. б. жарық беруге мүмкіндік жасайды. Экспедицияларда барлау партияларында өте жиі пайдаланылады, ішінара жел энергиясы СП дреифтеуші станцияларына, поляр метеорологиялық станцияларына қызмет етеді.

Жердің бетіндегі басым желдің зоналылығы қысымның зоналық бөлінуіне байланысты. Поляр ендіктеріндегі жоғары қысым облысынан және субтропиктерде ауа төменгі қысымды белдеулерге яғни экваторға және қоңыржай ендіктерге қарай қозғалады. Субтропиктер мен қоңыржай ендіктердің арасындағы белдеуде үстемдік ететін желдің бағыты солтүстік жарты шарда. оңтүстік батыс, батыс және оңтүстікте солтүстік батыс пен батыс болады. Бұл жалпы тропосферада үстемдік ететін батыс тасымалымен үйлеседі. Мұның есесіне қоңыржай ендіктерге полярлық облыстардан және субтропиктерден экваторға соғатын желдер солтүстік жарты шарда солтүстік шығыс, ал оңтүстікте оңтүстік шығыс бағыттары батыс тасымалын айқын бұзу болып келеді.

Тропосферада батыс тасымалылының ең күшті бұзылуы пассаттармен байланысты. Пассаттар – субтропиктік ендіктерден экваторға қарай соғатын желдер. Дәлірек айтсақ, бұл субтропиктік антициклондардың экваторға қараған бөліктеріндегі желдер. Олар солтүстік жарты шарда тек солтүстік шығыстық, оңтүстікте тек оңтүстік шығыстық желдер бола алмайтындығы айқын. Бұл олардың басым бағыттары. Антициклондардың шығыс және батыс бөліктерінде пассаттар тиісінше экваторға қарай және содан соғады. Антициклондағы ауа үйкеліс қабатынан жоғары изобара бойынша қозғалатын болғандықтан үйкеліс қабатынан тыс пассаттар қозғалысының басым бағыты – шығыс. Пассаттар тропиктік ауаны әкеледі.

Пассаттар қоңыржай ендіктерден келетін субтропиктік ан-тициклондармен байланысты болғандықтаң, қоңыржай ендіктерде болып жатқан процестерге пассаттардың тәуелді екендігі байқалады.

Экваторға қарай пассаттардың вертикаль қалыңдығы арта түседі: егер 25° ендікте бұл не бары 1–2 км биіктікке жетсе, экваторға жақын бүкіл тропосфераны қамтиды. Пассаттардың жылдамдығы-5–8 м/сек-қа жетеді.



Пассаттар экваторға қарай Мұхит үстінде азырақ қызған беттен қаттырақ қызған бетке орын ауыстырады, сондықтан да бұларда күшті конвекция туады. Бірақ бұл тек төменгі қабатта дамиды, өйткені 1200–2000 м биіктікте қалыңдығы бірнеше жүз метр инверсия қабаты жатыр. Пассат инверсиясы дегеніміз пассаттармен байланысты болып келетін антициклондарға тән сығылу инверсиясы (ауаның шөгу нәтижесі). Инверсиялық қабат бұлттардың вертикаль дамуына кедергі жасайды,

сондықтан да пассаттар үшін жазық будақ бұлт және жауын-шашынның аз мөлшері тән болып келеді.

Қарама-қарсы жарты шарлардың пассаттары біріне-бірі қарсы бағыттала отырып, экваторға жақын бірігеді. Олардың кезігу облысында (конвергенцияның ішкі тропиктік зонасы) ауаның күшті өрмеле ағысы туады. Қуатты будақ және будақты-жаңбыр бұлттары түзіледі, мол нөсер жаңбырлар жауады. Бұл зона желсіз зона (бұрын саналғанындай) болып саналмайды. Мұнда күшті болмағанымен үдере желдер соғады. Конвергенцияньщ ішкі тропиктік зонасында кей жерлерде батыс желдері соғады, бұлардың кейбіреулерінің туу себептері әлі айқын емес.

Тропосфераның жалпы ауа циркуляциясында схемалық түрде әр жарты шарда өзара байланысты және атмосфераның жоғарыда жатқан қабаттарынан бөлінбеген үш-үштен_тұйықталмаған: поляр, қоңыржай және тропиктік звеноға бөлуге болады.



Полярлық (биік ендік) звено 65° ендікпен шектеледі. Мұнда үстінде төменгі қысым жаққа біраз ауытқуы бар (яғни полюске қарай) батыс тасымалы, екі километр биіктікке дейін күшті шығыс желі басым болады. Қоңыржай (орташа ендік) звено 65° пен 25°–30° ендіктер арасында орналасқан. Биіктеген сайын күшейе түсетін батыс тасымал басым болады. Ендіктер аралық тасымал циклондар мен антициклондар арқылы жүзеге асады. Тропиктік (төменгі ендік) звено 25°–30° пен экватор аралығында болады. Тропиктерде 1–2 км биіктікке дейін және экваторда тропосфераның жоғарғы шегіне дейін ауа қозғалысының жалпы бағыты шығыстан батысқа қарай болады. Пассаттар үстемдік етеді. Пассаттар үстінде, ерекше, пассаттарға қарама-қарсы – антипассаттық ауа ағыстары байқалмайды. Тропосфераның жоғарғы шегіне пассаттар жетпеген жерде – батыс тасымал бар. Батыс желдердің меридиандық құраушысы үлкен емес, бірақ экватордан ауаның біраз ағып шығуын олар бәрібір қамтамасыз етеді. Материктер мен мұхиттардың қызуы мен суынуының әр түртүлілігіне муссондардың пайда болуы байланысты. Муссондар дегеніміз жылына екі рет бағытын мүлде дерлік қарама-қарсы өзгертіп отыратын (қыстан жазға және жаздан қысқа қарай) ауа ағыстары. Жаз бен қыста бұлар өте орнықты келеді, өтпелі маусымдарда муссондардың орнықтылығы бұзылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет