Дәріс ДӘРІС № 4
Смағұл Садуақасұлы - әдебиетші, көсемсөзші
Мақсаты: Студенттерге алаштық әдебиеттің көрнекті өкілі, көсемсөз шебері, қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының өмірі мен шығармашылығынан хабар беру. Публицистика, әдебиеттану саласындағы еңбектерңмен таныстыру.
Жоспар:
Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары
Смағұл Садуақасұлының зерттеулерінің өзектілігі
1.Смағұл Садуақасұлының ғылыми мақалалары. С.Садуақасұлының көсемсөздік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Біз оны шартты түрде төрт топқа бөле аламыз ("Алаш мұрасы" сериясының редакция алқасы). Бірінші - қоғамдық-саяси мақалалар, оқу-ағарту, білім туралы мақалалар, үшінші - театр өнері хақындағы мақалалар, танымдық еңбектері мен ғылыми зерттеулері.
Қаламгер Смағұл жазған еңбектерінің көбісіне дерлік "Смағұл Садуақасұлы" деп қол қойған. Орысша авторлығын "Смагул Садвокасов" деп көрсеткен.
Смағұл Садуақасұлы "Өмір үшін күресу" (1918ж), "Көтеріл, жастар!"(1920ж), "Өткен күндер, қазіргі хал һәм болашақ"(1922ж), "Шарт керек пе?"(1922ж), "Қостанай- Торғай"(1922ж), "Орта Азия өміріндегі жаңа өмір" (1924ж),"Қазіргі дәуір -іс дәуірі"(1925),О национальностях и националах"(1928)және тағы баска толып жаткан макалаларында қазақ қоғамының өтпелі ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зеруліктерді шешудін амалдарын көрсетеді.
2. Смағұл Садуақасұлының зерттеулерінің өзектілігі. 20-ғасырдын бас ширегі зиялылардың халықты жаппай тыңғылықты білім алуға тынбай шақырған шағы еді. Бұл кезде - "Оян, қазақ!" - "Оқы, қазақ!" болып та ұғынылатын. 15 жасынан ұстаздық еткен Смағұлға оқу-ағарту мәселесі де бейтаныс емес еді.
Сондықтан ол өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмайды. С. Садуақасұлы "Нужды аула" (1919ж), "Бірінші мақсұттарымыз", "Халық ағарту мәселелерін", "Оқу ісінің кемшіліктері", "Оларға қарсы шаралар" (1926), "Қазақстан халық ағарту мәселелері" (1927), т.б. мақалалары мен соңғы аталған еңбегімен аттас кітапшасында (1927 жылы мұғалімдер съезінде жасалған баяндамасы негізінде жазылған). елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етті. 20-жылдары қазақ қоғамындағы халықтың білім-ілімге деген сұранымы оқулықтардың, танымдық-ғылыми еңбектердің жазылуын тездетті. Бірақ оны жазатын маман аз еді. С.Садуақасұлы 1920жылы 2-желтоқсанда Қазақстан мемлекеттік баспасы жанынан құрылған оқулықтар мен саяси һәм көркем әдебиеттерді сұрыптайтын редакциялық алқаға кірді.
Талқылау сұрақтары:
1. С. Садуақасұлының өмірі жайында не айтасыңдар?
2. С. Садуақасұлының публицистикалық шығармаларын қалай жіктеуге болады?
3. С. Садуақасұлына қоғам қайраткері ретінде қандай баға берер едіңдер?
4. С. Садуақасұлына саясаткер ретінде баға бер?
Леция № 5
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен таныстыру. Қоғамдық саяси өмірін, мақалаларын, сонымен қоса өлеңдері мен мысалдары туралы толық ақпарат беру.
Жоспары: 1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы.
2. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдары.
3. Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары. .
Өмірбаяны
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептеМарінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. [3]
Шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.[7]
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Бекіту сұрақтары: Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі тулалы не білесіңдер?
Мысалдарымен таныстындар ма?
Ахмет Байтұрсынұлының мақалаларын зерттеушілер
Дәріс № 6 Жүсіпбек Аймауытұлы өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытұлының өмірімен таныстыру. Әдебиетке қоқан үлесіне тоқталып, шығармаларын талқылау. Баспасөз беттерінен жарық көрген мақалаларына зер салу. Психология еңбегінің маңызы жөнінде айту.
Жоспар:
Жүсіпбек Аймауытұлы және абайтанудың алғашқы қадамдары
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары
Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» еңбегінің ерекшелігі
Қазақ әдебиетінің классигі - Жүсіпбек Аймауытұлының көркем шығармашылығы әдебиеттен өзіндік орын алатындығы мәлім. Жүсіпбек Аймауытұлының Абайтанудағы тұңғыш өмірбаяндық шығармашылық зерттеуі «Абайдың өнері һәм қызметі» деген атпен 1918 жылы «Абай»
журналында (№2) жарияланды. Мақала соңында «Екеу» деп қол қойылған. (Ж. Аймауытұлы және М. Әуезов). Абай туралы мақала былай басталған: «Қазақ халқын надандықтың айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық аждаһаны өртеуге Құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды» (1:122).
Абай мұрасының, ақындық өнерінің мазмұндылығын түсіндіру мақсатында Жүсіпбек Аймауытұлы: «Абайдың ақындық өнері тар жолды бір беткей емес. Әр тараулы, сегіз қырлы. Ол тараулар мынау: мінез түзететіндік, тереңнен толғайтындық, сыншылдық, суретшілдік, жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік, ызалылықпен күлетіндік, һәм керемет переводшиктік»(1:122), - деп жазады. Аталған сегіз түрлі сипат тұрғысынан Абай тек осы зерттеуде танылған.
Жүсіпбек Аймауытұлының мол шығармашылық мұраларының ішінде әдістеме негіздеріне сүйене отырып жазған «Тәрбие жетекшісі» (Орынбор,1924). «Психология (жан жүйесі мен) мен өнер таңдау» (Мәскеу,1926), «Жаңа ауыл»(1929), т.б. еңбектеріне әлеуметтік тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс тірлік, адамгершілік әлем, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан қырлары, тәрбие жұмысы мен оның шарттары, т.т. тақырыптар кең орын алған. Педагог ғалымның әлеуметтік-халықтың мәселе ретінде тәрбие ісінің, оның өзінің дене және жан (рух) тәрбиесі етіп саралануы, бала мен үйелмен, ұстаздық шеберлік, өнерпаздық қабілет турасындағы ой-пікірлерін ұлт мектептерінде бағдарлама, оқулықтарды әзірлеу кезінде басшылыққа алуға әбден болады.
Жүсіпбек Аймауытұлының ағарту саласындағы айтулы еңбек жазып қалдырған, педагогика саласындағы ондай тынымсыз ізденіс жұмыс бүгін де
маңызды.
Қорытынды сұрақтар:
Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы туралы не айтасыздар?
Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» еңбегінің қазақ халқының өмірінен алатын орны қандай?
Баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының маңызы
Жүсіпбек Аймауытұлы ағартушы
Лекция № 7
Мақсаты: Міржақып Дулатұлы өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Міржақыптың «Оян, қазақ» идеясының маңызын түсіндіру. Сонымен қоса мақалаларымен таныстыру.
Жоспар: 1. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы.
2. Міжақып Дулатовтың мақалалаы.
3. «Оян, қазақ» идеясының маңызы
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады.
Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жатқан елді оятып, жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке тарту, әлбетте, оңай бола қойған жоқ. Соның үшін де А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды.
Осындай зорлық-зомбылықтардың кеңінен орын алғанын сол кездері қазақ даласын басқару орталықтары болған Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағаттарында күні бүгінге дейін сақталған құжат-қағаздар айғақтайды. ХХ ғасырдың оныншы жылдарында жарық көріп, қазақ даласына жаумай жасын түскендей әсер еткен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңіне қатысты қозғалған өндірістік іс құжаттарын Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан ұшырастырдық
Біз бүгін жоғарыда аталған "Оян, қазақ" өлеңіне қатысты құжаттар төңірегінде сөз өрбітпекпіз. Ол үшін М.Дулатов өміріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды болмақ.
М.Дулатов 1985 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, "Қызбел" колхозының жерінде туған.
Көзі ашық, көкірегі ояу, қабілеті кемел азаматтың кейінгі өмірінде кеңінен өріс алған белсенді, әлеуметтік, саяси шығармашылық қызметі, міне, осы кездерден басталады.
Бұл кезең XX ғасырдың басы. Талайдан бері өз ырқы өз қолынан шығып, телімге түсіп кеткен қазақ халқының томаға-тұйық қалыптан оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылықты күшейтіп, шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен жылдар еді.
Мүндай жағдай сол кездері көздері ашылып, сана-сезімдері оянып, халқының қамын ойлай бастаған қазақтың алдыңғы қатарлы, озық ойлы азаматтарына қозғау салды. Олар адамзаттың тарихи көшінен қалтарыс қалып, тымырсық жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ ұрды. Бастапқыда таза ағартушылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған бұл қозғалыс патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында, әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық тұрғыдағы сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті.
Бекіту сұрақтары: Шығармашылық ізденістері туралы не білесіңдер?
«Оян, қазақ» өлеңінің негізгі мазмұндық сипаты қандай?
Мақалаларының мазмұндарымен таныстындар ма?
|
|
Дәріс № 8
Тақырыбы:Мағжан Жұмабаев.
Жоспар:
1.Мағжан Жұмабаевтың өмірі,еңбек жолы.
2.Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы.
3.Өлең құрылысының ерекшеліктері.
4.Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.М. Жұмабаев-қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының Молодежный совхозы жеріндегі Сасықкөл мекеніңде іргелі, әйгелішаңырақ дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, балалары Жұмабай қажы,Шонай, Өтеген, Өтеміс - бәрі де иіс Атығай ішінде даңқы шыққан белгілі, көшелі кісілер. Мағжан өзімен емшектес Мұсілім, Қаһарман, Мұқаметжан, Сәлімжан, Қалимжан, Сабыржан, Күләндам, Гүлбарам деген бауырларымен құлын-тайдан тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті , қимас шағын бірге өткізген. Кәрім Мұхаметжан солдалар, Данияр қажы, ахитден мұғалім - болашақ ақынның тілін сындырып, хат танытқан , арабша , парысша , түрікше , орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медресе де Хасен молдадан дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып , медресе Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақ алды , көк қауырсын жырлар тудырды.
Жаңа заманрцхы бойын билеген, тырнақщалды Шолпан кітпбы шыққарн асау жүрек , жас сұңқар орысша білім алуға ерекшге талаптпнып , 1913 ж. Омбы қ-на келіп , семинарияға түседі де , оны 1916 ж. бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оққиғалар жас азаматты көгала толқынына тартып әкетеді . Үш революция дүмпуі , Алаш қозғалысы, адасулар , дүниетанымдағы сілкінімтер, қағамдық әлеумет. тартымтардығ поэзиядағы көріністер , жеке бастағы шырғаландар - осылардың баошасын көре жүріп , Мағжан да 1919 жылдың көктемінен бастап , жаңа құрылысқа бел шешіп , білек сыбанып кіріседі. Қызылжардағы Бостандық туы газетінде редактор болады , Ташкентте Қазақ - қырғыс ин-тында сабақ береді, Москвада Күншығыс баспасында аударсашы болады. В.Я. Брюсоы атынгдағ ы көркем әдеби институтында оқиды, Бурабайда тезникумда, Қызылжарда кеңес - партия мектебіндк смабақ береді. 1929 ж. жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалады, содан Карелияға жер аударылады. М. Горькийдің және оның әйелі Е. Пешкованыңпрплпсуымен 1936 ж. айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп , жазықсыздан жазықсыз 1938 ж. 19 наурызда атылып кетелі. Өзі ғана емес , ағалары Мүсілім, Қаһарман , інісі Мұқаметжан да репрессия отына шалынады. Әкесә Бекен 1934 ж. , анасы Гүлсім 1943 ж. дүние салған.
2.Мағжаннан қалған әдеби - шығармашыдық мұраның көлемін, салаларын , сақталуына қатысты әңгімені нақты айтуға мүмкіндік бар. Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы , Омбыдағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарда, өз ензіндегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүріп , көзге түседі , елеп-ескеріледі де, жұртшылық назарын ацдарады. 1912 ж. Қазанда Шолпан деген өлеңдер жинағы шыққанда Мағжан он-сегіз он-тоғысдардағы уылжып тұрған қыршын жас. Абай кітабының басылғанына үш-ақ жыл өткенін ескерсек, жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспаныңда қалай көтерілгенін ұғу қиынға сақпас. Бұдан кейінгі кезеңде дүниеге келген қазақ назеи - журналдарының бетінде Мағжан шығармалары, 1929 ж. жаламен күйіп , абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрады. Негізінен ақын өлеңдері екі-ақ рет жинақталып, топталып, оқырман қолына тиді. Бірініші рет 1922 ж. Бернияз Күлеев Қазанда бастырап , екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтық алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте шықты. Педагогика, Сауатты бол араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, Ж-тың қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей , тым ерте үзілді , он жылдай өмірі абақтыда , лагерьде , қиғын- сүргіңде, азап-қорлыққа өтті.
3.Мағжанның Алтын хакім Абайға деген өлеңі, шумақ , 24 тармақтан тұрады , 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Салған жерден жас талапкер ақын Абайды қарадан хан шыққан хакім , оның сөзі мың жылды да дәмі кетпес деп бағалайды, Абай өлеңдеріндегі кейбір оралымдарды құбылта пайдаланады, тыныш ұйықта қабіріңде , уайым жеме , қор болды қайран сөзім босқа деме деген жолдардың төркіні белгілі , ұлы ақын сөзі мәңгі жасайтынына ерекше сенім бар.
Ұлы абайдың поэтик. мектебінің тағылымдарының ізі Мағжан жырларында сайрап жаиып. Қазақ өлеңіне Абай әкелген жаңа өлшем , үлгілерді , соны образдарды , сөз тіркестерін Мағжан кеңінен қолданады. Ең терең жақындық-ақындық , көркемдік мұраттардыңтуыстығында.
4. Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мағжан Жұмабаевтың талант ретіндегі тағдырын байыптап байқаңдар.Оның өміріне,өскен ортасына шолу жасаңдар.
2.“Мағжан ұлт ақыны” дегені қалай түсінесің
3.“Мағжан Жұмабаевтың ақындық шеберлігі” деген тақырыпта шығарма жазыңдар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Аймауытов Ж. “Мағжанның ақындығы туралы” Бес томдық шығармалары. 5 том.Алматы,1999
Елеукенов Ш. Мағжан.Алматы,1998.
Дәріс № 9
Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Студенттерге Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру. Қ. Кемеңгерұлының шығармашылығын талдату.
Жоспар:
1. Қошке Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы
2. Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы
1. К.Кемеңгерұлының өмірі мен қызмет жолы. Қошмұхамбет(Қошке) Дүйсебайұлы (15.07.1896) бұрыңғы Ақмола облысы, Омбы уезі, Беке болысы, Қаражас ауылында дүниеге келген. Қ. Кемеңгерұлы - алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Әкесі Дүйсебай жастай қажыға барып, оқу-ағарту ісіне ықыласты болған. Қошке алғаш Белгібай молдадан білім алып, мұсылманша сауат ашқан. Мұнан соң Омбыда шіркеу мектебінде, ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды. 1913-жылы Омбы ауыл-шаруашылық училишесіне оқуға түседі. Осында жүріп қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы - "Бірлікке"(1914-1918) мүше болып кіреді. Оның үні "Балапан" қолжазба журналының редакторы болады. 1917-жылы сәуірде Омбыдағы Ақмола облысының қазақ атқару комитетінің тапсырмасымен Д. Әділов екеуі Ақмолаға келеді. Мұнда С, Сейфуллинмен бірлесіп Қазақ комитетінің "Жас қазақ" ұйымын құруға ат салысады. Қошке Кемеңгерұлы "Жас азамат" газетінің редакторы болып сайланады. 1918-жылдың аяғында ауылшаруашылық училищесін бітіріп, 1919 жылы Ақмола облыстық халық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы болып қызметке кіреді. 1919 жылы Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол көп оқымай, 1920 жылы Петропавлда мұғалімдер курсында сабақ береді. Осы жылы желтоқсанда Сібір ауыл шаруашылығы және өндіріс институтының ветеринария факультетінің медицина бөліміне оқуға түседі. Облыстық "Бостандық туы" газетіне тілші болады. Медицина бөлімінің курсын бітірген соң Орта азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысады. Ташкентте Қошке "Ақ жол" газетінде, "Сана" журналында қызмет етеді. Сонымен бірге Орта Азия университетінде, Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ береді. 1930жылы ОАМУ-дің аспиранты болып жүрген жерінен, М.Әуезовпен бірге репрессияның ұлт қайраткерлеріне бағытталған алғашқы толқынында тұтқындалады. Екі жыл Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы НКВД-ң арнайы саяси тұтқындарды ұстайтын жері - Украинаның Валуйкиіне жер аударылады. Бұлан 1935 жылы босанып, Омбының Шарбақкөлінде аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет істеді. 1937-жылы 7-тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылды. Ал 1957 жылы ақталған.
2. Қошке Кемеңгерұлының шығармашылығы. Ғұмырының Ташкент кезеңі Кошке Кемеңгерұлының шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда басталған "Қазақ тарихынан" зерттеуін аяқтап, Мәскеудегі "Күншығыс" баспасына тапсырады. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің "Бұрыңғы езілген ұлттар" атты ғылыми еңбегі мен "Қазақша-орысша тілмашы" жарық көрді. Сөздікті түзуге Қошке Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп, 2 кәтаптан тұратын қазақ тілінен "Жабропалықтар үшін оқу құралын" жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды.
Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында "Отаршылдық ұсқындары", "Қанды толқын", "Момынтай", "Ерлік жүректе", "Қазақ әйелдері", "Жетім қыз", "Дүрия", "Назиха" тәрізді тумысы ерекше туындылар туды.
1925 жылы Қазақстан астанасы Ақмешітке көшті де, шойын жолдың бойындағы бұл қазақы елді мекен Қызылорда деген жаңа атау алды. Осында 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік ұлт театры Қошке Кемеңгерұлының "Алтын сақина" пьесасымен шымылдығын ашты.
Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілет-қарымын аңғартқан. Ол Омбыдан келісімен "Ақ жол" газетінде жұмыс жасады, сондай-ақ ғылыми-танымдық "Сана" журналының бірер санына редакторлық еткен.
Талдау сұрақтары:
1. Қошке Кемеңгерұлының қмірі жайында не айтасыңдар?
2. Қошкенің қызмет жолын айтыңдар?
3. Қошке қандай мерзімді басылымдарда қызмет еткен?
4. Қошкенің қандай ғылыми-танымдық мақалалары бар?
5. Қошкеге саясаткер ретінде баға беріңдер.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Дәдебаев Ж. "Қазіргі қазақ әдебиеті" . Алматы,2002
2. Дербісалин Ә. "Дәстүр мен жалғастық". Алматы, 1976
3. Кәрібаева Б. "Қазәргә қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары". Алматы, 2001
4.Кенжебаев Б. "Шындық пен шеберлік". Алматы, 1986
5. Д. Қамзабекұлы "Смағұл Садуақасұлы"
6. Шәріпов Ә. "Қазіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары"
7. Қошке Кемеңгерұлының шығармаларының екі томдық жинағы
Дәріс №10
Халел Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты: Студенттерді Халел Досмұхамедұлының өмір және шығармашылығымен таныстыру. Ғылыми еңбектерін оқыту және талдату.
Жоспар:
1. Халел Досмұхамедұлының мақалаларының маңызы
2. Халел Досмұхамедұлының әдеби еңбектері
Саяси күрескер, жалынды жаршы-публицист, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және белгілі бір мамандықтың, соны саланың бастау көзінде тұрып, әзашар болу - халқымыздың осы үркердей шоқжұлдыздарының несібесі.Осындай алып, нар тұлғалардың бірі - Халел Досмұхамедұлы. Халел Досмұхамедов (1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Руы - беріш. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.Сосын Сән-Питербор императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды.1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды. Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған. 1924 жылы Ресей Ғылым Академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды. Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |