Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы


АИВ- инфекцияны тасымалдамайтын саба



бет7/10
Дата10.06.2017
өлшемі4,21 Mb.
#18969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

АИВ- инфекцияны тасымалдамайтын сабақ түрлері.

- АИВ ын жұқтырған адамның қасында болу.

- АИВ ын жұқтырған адамның пайдаланған кесесін пайдалану.

- АИВ ын жұқтырған адамды құшақтау.

- Егер қан болмасы АИВ ын жұқтырған адамды сүю.

- АИВ ын жұқтырған адаммен қол қысып амандасу.

- Жыныс әрекеті кезінде мүшеқапты дұрыс пайдалану.
4- сабақ.

ЖЖБА және АИВ / ЖИТС-мен арасындағы байланыс.

Шолу.

Бұл сабақта 4 негізгі жыныс жолдармен берілетін аурулармен олардың белгілері туралы анықтамалар беріледі. Жыныс жолдармен берілетін инфекцияның ертерек емделу концепциясын қатысушылар білу арқылы, АИВ - инфекциясын жұқтыру деңгейі төмендейді. Қатысушылар бір- біріне ЖЖБА ( жыныс жолдарымен берілетін аурулар) және олардың себептері , емделу міндеттілігін айтып, рольдік ойынға қатыса алады.

99

Уақыт 2 сағат .



Мақсаты.

Сабақ аяқталар кезде қатысушылар :

1. Жыныс жолдармен берілетін аурулардын 4 түрлерінің сипаттарын

анықтау.


2. АИВ-инфекцияның таралуын ЖЖБА қалай жоғарлайтыны туралы

айту


3. ЖЖБА-нан ертерек емделуін кадағалау.

4. Келесі сабаққа дейін ЖЖБА -ның емделуіне байланысты мекемелерге

бару.
Құрал- жабдықтар.

Бор мен тақтай немесе маркер мен кағаз.


Таратылатын жабдықтар: ЖЖБА-ның тарау жолдары туралы кеспелер ( әр індетке әр кеспеден ) және де ЖЖБА-ның симптомдары жөніндегі кеспелер (әр індетке әр кеспеден ).
Сабактың реті.

  1. АИВ- инфекциясының таралуындағы

ЖЖБА-ның рөліне шолуы

(15 минут).

ЖЖБА-ның болуы -АИВ инфекциясынын берілуіндегі ең негізгі фактор болып есептеледі. АИВ-тің тасымалдау деңгейін ЖЖБА жоғарылауы мүмкін. Жуырдағы зерттеулер көрсеткендей , ЖЖБА-ның болуы шығыс және оңтүстік Африка елдерінің тұрғындары ЖИТС ауруына жиі шалдығуына бірден -бір себепкер болып отыр .

Жұмсақ шанкрде не герпесте ішкі перденің жарасы немесе мерез кезіндегі язва инфекциясының " кіру қақпасын" кеңейтеді. Сол кезіндегі ірің не хламидиннің болуы ақ қанды жасушаның өте көп мөлшерде бар екенін дәлелдейді.
II. ЖЖБА бойынша ойын (45 минут)

ЖЖБА атауы баркеспелерді қабырғаға көлденеңінен іліңдер. Ғылыми атауының қасына жақшаның ішінде аурулардың дұрыс атауларын жазыңдар. ЖЖБА белгілері мен пайда болу белгілері жазылған кеспелерді еденге шашып қойыңдар. Қатысушыларды 4 топқа бөліп , олардыц әрқайсысына бір аурудың атын беріңдер. Әр топ сол ауруға қатысты кеспелерді тапқасын, оларды қабырғадағы керекті бағанаға жабыстырады. Оқытушының көмекшісі дұрыс орналастырылмаған кеспелерді өз бағаналарына іледі.

100

III. Сұрақтарды талқылау (30 минут)

Төмендегі сұрақтарды талқылауды ұйымдастырыңдар:

1. ЖЖБА-дан емделу үшін адамдар біздің қоғамда қайда барады?

2. Қай мекеме ең жақсысы? Не себепті?

3. Адамдар ЖЖБА-дан емделуге қорқама? Неге?

4. Несебептен ерте емделу маңызды?

5. Сіздің көнілдестеріңіздің ем алуы не себепті аса манызды?

6. Оны ренжітіп және өзіне зиян келтірмеу үшін біреуге ЖЖБА-дан тексерілу керектігін қалай айтуға болады?
IV. Үй тапсырмасы

ЖЖБА-на анализді тапсыру үшін қатысушылардың біреуі болсын емханаға барғанын сұраңыз.Осындай емханаға барып өз тәжіриебесін ортаға салғылары келе ме? Қатысушылар емхана жұмысының келесі моменттерін бағалар еді: көмектің, дәрі - дәрмектердің барын, мамандардың ЖЖБА туралы білімдерінің деңгейін, қүпиалылықты, тазалық пен медицина мамандарының келушілермен қатынасын.

Бағалау.

- ЖЖБА белгілері бар кеспелерді дұрыс орналастыру .

- Ойын барысында қарым - қатынас дағдыларын байқау .

- Сұрақтарды талқылағандағы дұрыс жауаптар саны

- Келесі сабақта ЖЖБА емханасына барғандағы суреттеген қатысушылар саны.

101
Жыныс жолмен берілетін кең таралған індеттер мен



олардың белгілері.

Қатысушыларға берілетін кеспелер .

(әр індет пен белгілеріне жеке кеспеден)


Сөз

Мерез

Симплекс герпесі

Жұмсак шанкр

-аталық немесе аналық жыныс мүшелерінен шығатын сары- жасыл немесе ақ бөлінулер. -зәр шығару кезінде кышығандықты сезіну

- жұқтырғаннан кейін белгілерінің 2-14 күн-нен кейін байқалуы -белгілерінің болмауы мүмкін.

-жұмыртқа аймағында ісік болуы мүмкін.

- емделмеуден бала

көтермеу мүмкін.

-егер көзге дәрі тамызылмаса жаңа туған бала сокыр болуы мүмкін.



-аталық не аналық жыныс мүшесінде ауырмайтын жараның болуы.

- жұқтырғаннан 10-90 күн соң жара пайда болады.

- денедегі бөртулер.

- шаштың түсуі.

-емделмесе өлуі мүмкін

-егер анасы жүкті болудын алдында емделмесе, онда жаңа туған баланың өлуі немесе сүйектерінің қисық болуы мүмкін.




- ауызда көпіршіктер дің болуы

- қобалжу кезінде белгілерінің тууы мүмкін

- нерв жүйелеріне зиянды не жаңа туған баланың герпестің асқынуынан өлуі мүмкін.


-аталық немесе аналық жыныс мүшесінде ауырат­ын жараның болуы;

- жұқтырғаннан 3-5 күннен соң жара пайда болады.

- лимфа бездердін кабынуы.

-АИВ инфекция­сынын ең кауіпті тарау себетері болуы.






Сабақ №5

Әйелдер және АИВ/ЖИТС

Шолу.

Әйелдер АИВ/ЖИТС -ті жұқтырғыш келеді. Сондықтан өздері мен балаларын инфекциядан қорғау үшін ақпараттар мен істелуі керек дағдыларды керек етеді. Ер адамдармен салыстырғанда әйелдерге ауыруға шалдығу қаупі өте жоғары болғандықтан берілген сабақта биологиялық сондай-ақ мәдени және әлеуметтік факторлар оқытылады. Әйелдер мен балалардың АИВ инфекциясының симптомдары сонымен қатар осы екі топтың төменде негізгі қаупі талқыланады.


Уақыт (2 -сағат)
Екі сағаттық сабақтан кейін қатысушылардың білетіндері:

1. Әйелдерге тән (гинекологиялық) АИВ дертінің бес белгісін санау.

2. АИВ жұқтырған балаларға тән ең аз болғанда іш белгілерін санау.

102


3. Анадан балаға АИВ дертінің берілу әдістерін баяндау және санау, ең аз дегенде АИВ дертінің анадан балаға берілетін үш жолын келтіру.

4. Әйелдердің АИВ жұқтыруына мүмкіндік туғызатын үш мәдени немесе үш әлеуметтік және үш биологиялық факторларды, қалай болғанда да сипаттап жазу.

5. Белгілі бір бірлестікте АИВ дертінің анадан балаға берілу қаупін төмендету (шектеу) тәсілдерін сипаттау.

Құралдар


Қағаз парақтары немесе такта

Маркерлер немесе бор.

Үлестірілетін жабдықтар әйелдер мен балалардағы (қызметтің әрбір түрі жеке картонка күйінде дайындалған) АИВ-инфекцияның өзіне тән нышандары бойынша карточкелер.

Әйелдегі ауру белгілері:

Іштің төменгі бөлімінің мезгіл-мезгіл ауруы, жиі қайталайтын ашытқы қынап инфекциясы (қышып ақ сұйықтықтың бөлінуі); қалыпты жағдайдан суытқыған етек кір келу кезеңі (кейде көбірек қан кету, немесе етек кір келу кезеңінің болмауы); жатыр мойынның ісігі, қынапта табиғаты белгісіз жараның болуы.



Баладағы ауру белгілері:

Өсудің және дене салмағының қалыпты артуының болмауы, бауыр мен көк бауырдың үлкеюі, кұлақтың ауруы, ауыздың жиі уылуы немесе ауызда ақ дақтын пайда болуы.



1. Әйелдер мен балалардағы АИВ дертінің өзіне тән белгілері мен нышандары (20 минет).

АИВ-инфекцияның белгілерінің бірден пайда болмайтынын топқа түсіндіру керек. Олар кейін пайда болуы мүмкін, бірақ ЖИТС диагнозы жанаспалы инфекциялар мен нышандардың тіркесінде қойылады. Жүдеу, дірілдеу және қалжырау т.б. сиякты белгілер әйелдер мен еркектердегі жаңа басталып келе жатқан АИВ-инфекцияның жалпылай нышандары болуы да мүмкін. Бірақ әйелдер мен балаларда, АИВ дертінін тек соларға тән, арнаулы нышандары болады. Өйткені бұл белгілер АИВ/ЖИТС жайындағы брошюраларда көп атала бермейді. Әйелдер ұзақ уақыт бойы АИВ-ын жұқтырғанын білмеуі де мүмкін.

Осы сабақта біз талқылайтын белгілер мен нышандар әйел немесе бала АИВ жұқтырған дегенді білдірмеуі де мүмкін, бірақ ол тұрақты болса АИВ-дертіне тестерден өтуді маманмен сөйлесіп шешу керек.

Карточкаларды еденге жайып қою қажет. Карточкаларда әйелдер мен балалардағы АИВ иифекцияның өзіне тән белгілері жазылған. Катысушыларды әйелдер мен балалардағы инфекцияның белгілерін ойлап білу үшін екі топқа бөлу керек. Топ карточкаларды өзара бөліскеннен кейін, аурудың белгілерін түсіңдіріңдер, түзету қажет болса оны енгізу керек.

103

II. АИВ ауруының анадан балаға өтуі (40 минет).

Қатысушылардан ауру әйелден АИВ-инфекцияның балаға, туғанға дейін, жуылу кезінде және туып болған соң өтуін, қалай түсінетінін сұрау керек. Туылу кезінде нәрестенін жатырда және ана сүтімен емшек арқылы жұғу қауіп жайында айтқан жауабына негізделіңіз. Әйел ауруды жұқтырған бойда немесе әйелде ЖИТС-ның ауыр кезені өтіп жатқан кезде, әйелде вирустардың жоғары көлемі болатынын ескертіп, жұғу каупінің өте жоғары екенін түсіндіру қажет.

АИВ-мен залалданған аналардан туылған балалардың барлығы дерлік, туылу кезінде ананың қарсызатына оң нәтиже береді. Ол балаға ынжық жолмен беріледі. Ананың қарсызаты балада 18 айдан кейін жоғалады. АИВ-инфекцияға жүргізілген тест теріс болуы да мүмкін.

Тақтаға мына 4 ережені (қағиданы) жазып, анадан балаға өтетін инфекцияның қаупін азайту бойынша олардын пікір алмасуын және осы кағидаларды дауыстап оқуын сұрау керек.

Егер сізде АИВ дертке оң тест болса жүкті болуға ұмтылмаңыз.

АИВ - инфекциясы бар әйелдің жүкті болуға құқы бар ма? Масқара болып бала көтерудің мүмкін еместігі ақылға сия ма? Анасы науқасқа шалдықпаған, ал әкесінде он тест болғанда балаға ауру жұға ма? (бала иммунологиялық терезе (саңлау) жағдайына жетпегенше, болмайды).

АИВ-на сізде оң тест болған жағдайдың өзінде де баланы емшек сүтімен бағыныз.

Емшек сүтімен емізу, емізбеу құқын кім шеше алады? Емшек сүтімен коректендіру жөнінде бірлестіктің (қоғамнын) сенімі қалай? Баланы емшек сүтімен асыраудың мүмкін еместігі қалай түсіндіріледі? Емшек сүтімен асырағанда АИВ-инфекцияның өту қауіпі 14 пайызға көтерілетіні жайында деректер баршылық. Егер анасы емізу дәуірінде ауру жұқтырса, балаға инфекцияны тарату қауіпі өте жоғары болады, себебі ана организмінде вирустердін сан-мөлшеріде көп болады. Бірақ емшек емізу баланың денсаулығы үшін өте қажет, себебі ол баланы басқа аурулардан сақтайды.

Кейбір елдерде бала өлімі өте жоғары болса да, АИВ-на оң тесті болған жағдайда да ана баласына емшек беруге рұқсат етілген, егер ол залалданбаған сүттің басқа көзін таппаса. Залалданбаған сүттің басқа көзі болып не қызмет етеді? Егер ана АИВ-мен залалданған жағдайда емізуге шешім қабылдаса, онда ең дұрысы: алғашқы алты айда емшек сүтімен коректендірудің қажет екені көрсетілген.

Оған коса, баланы емізу кезінде орындалатын жыныстың қатынаста мүшеқапты пайдалану вирустардың шектен тыс көп сан-мөлшерінің қанға және емшек сүтіне түсуін болдырмайды.

104

Кесарево тәсілінің көмегімен туыңдар. Жақында жүргізілген зерттеулер барлық сақтық шараларын қолдаған кезде кесарево тәсілімен туғызу АИВ ауруының өту қаупін едәуір төмендетеді.



Мұндай шешім сіздің бірлестіктегі әйелдер үшін практикалық жақтан маңызды ма?

Жүкті болған дәуірде AZT/Nevirapine препаратымен емдеуді бастаңдар. Бұлай емдеу анадан балаға АИВ инфекциялық процестің едәуір төмендетеді (8 пайызға дейін). Көптеген елдерде мұндай емдеу біраз жүкті әйелдер үшін клиникалық зерттеулердің барысында және басқа бағдарламаларда жүргізіледі. Ал келесі жүкті болу жағдайы қалай болады? Егер әйел жүкті болғаннан кейін дәрі таба алмаса, оның әйел мен балаға себеп-салдары қалай? Не ушін кейбір әйелдер емделуге мүмкіндігі бола тұрса да АИВ-инфекцияға тексерілмейді?


III. Не үшін әйелдер АИВ ауруына жұқтыруға ерекше осал (бейім).

Осы сабақтың алдында қатысушылар жыныстардын ролі жайында бірқатар түсінік алады деп сену керек. Көптеген елдерде әйелдер ерлермен салыстырғанда АИВ-ын көп жұқтырады. Әйелдердің бір жыныстық қатынастың өзінде АИВ-мен залалдану қаупі жоғары, себебі ол биологиялың себептермен, әйелдердің әлеуметтік рөлімен немесе қоғамның мәдени дәстүрлерімен байланысты. Қатысушылармен олар жасаған коғамдағы әйелдердің АИВ-мен залалдануының едәуір жоғарғы каупінің биологиялық, әлеуметтік немесе мәдени себептерін анықтау үшін негізгі шабуылды (жұмыстарды) өткізу керек. Ұсыныстарды бір парақ қағазға немесе тақтаға жазып қою керек.



Қауіптің мүмкін болған биологиялық факторлары:

1. Әйелдер мүмкін болған залалданған сұйық ортаның көп мөлшерін жыныстық қатынас кезінде алады.

2. Әйелдерде ерлерге қарағанда сілекейлі қабықтың бет көлемі едәуір үлкен («кіру қақпасы»).

3. Жас әйелдерде секс кезінде залалдану каупі өте жоғары, себебі толық дамып жетіспеген әйелдердің кынабындағы клеткалар вирустарды қабылдауға бейім тұрады, ал сілекейлі қабықтың жарылуы (жаралануы) қан ағуды күшейтеді де ол залалдану каупінің өсуіне алып келеді.



4. Егер әйелдер қынапты құрғату үшін табиғи заттарды пайдаланса, онда секс кезінде терінің көбінесе құрғақ бөліктері жеңіл жыртылады.

5. Қынап - ішкі орган, әйелдер ЖЖБА себебінен онда жаралардың болатындығы жайында өте аз біледі, сондықтан АИВ-инфекцияның берілуін жеңілдетеді.
Қауіптің мүмкін болған мәдени немесе әлеуметтік факторлары:

1. Секс жайындағы әңгімелерге тиым салу.

105

2. Секс және көбею органдарының саулығы мен байланысты жыныстардын рөлі жайындағы шешімдерде әйелдердің қатыспауы.



3. Қыздарға арналған ырым, әдет-ғұрыптар. Бұларды өткізуде туыс - ер адамдар белсенді қатысу керек.

4. Ерлердің құрғак секспен шұғылдануы. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлу. Мұнда әйелдер қынабына құрғататын заттар салады, ол кынапты жарылуға (жыртылуға) алып келеді.

5. Тұрмысқа шығу ырымы, ол әйелдерді құны бар меншік объектісі етеді немесе ерлер өз әйелдеріне иемін деп ойлайды.

6. Нағыз мұқтаждық, мұнда сексті ақшаға айырбастауға, мектепке, тамаққа төлеуге мәжбүр етеді.

7. ЖИТС ерлер қыздығы бар әйелмен жатса айығады екен деген қиял, немесе мүшеқаптар көмектеспейді, немесе олар вируспен залалданған деген пікір.

8. Әйелдердің сақтану үшін бақылау тәсілдерінің жетіспеуі, мысалы: бактерицидтердің.


IV. Біз не істей аламыз? (20 минөт).

Бөлмеде жүріп қатысушылардан, олардың жоспарлап өткізетін бір іс шаралары туралы сұрау. Бұл іс-шаралар әйелдердің өздеріне немесе серік-әйелдерге және туылмаған балаларға АИВ-инфекциямен залалданбауы үшін көмек көрсетуі керек.

Егер топта ер адам болмаса, онда оларды осы тақырып бойынша басқа сабаққа шақыру керек. Себебі бірлестікте ерлер жыныс органдарының саулығы және секс жайында шешім қабылдау шешуші рөл атқарады. Әйелдердің пікірі бойынша, олардың серіктері бұл ақпаратқа қалай жауап қайтарады? Олардың көзқарасы бойынша ерлерді сендірудің қайсы тәсілі жақсы? Қатысып отырған әйелдердің қайсысының еркегі қоғамдық пікірді жақсы білдіруші болып есептеледі? Ендігі қадам қандай болмақ?

Баға:

■ Аурудың белгілері бар карточкаларды дұрыс жайластыру және талқылау кезінде аурудың нышандарын айқын және анық түсіну.

■ Сабақтың екінші бөлігінде (жартысында) талқылаудың барысын және даулы тақырыптарды талқылау кезінде өз пікірін ашық айтатын әйелдердің қабілетін бақылау.

■ Сабақтың үшінші бөлігінде қауіптің биологиялык, және әлеуметтік немесе мәдени факторларын анықтау.

■ Балалар мен әйелдердің АИВ-инфекциядан қорғау үшін нақты ұсыныстармен келген әйелдердің санын анықтау.

106


6 - сабақ:

АИВ дертінің алдын алу

Шолу.

Бұл сабақта қатысушылар жан-жақты сақтық шаралардың маңыздылығын және АИВ ауруына кімде оң нәтиже барын анықтау мүмкін еместігін түсінеді. АИВ-инфекцияның алдын алу үшін әрбір адамның колдана білетін қарапайым және тиімді әдістердің бар екендігі жайындағы тұжырымдаманы қарайтын болады.



Уақыт 2 сағат.

Мақсат.

Екі сағаттық сабақтың соңында қатысушылар.

1. Жан-жақты сақтық шараларға анықтама береді және оларды қай кезде колдануға болатындығын біледі.

2. Мүшеқапты дұрыс пайдалануды көрсету.

3. Рольде ойнауды (ролевая игра) қабыл алмау әдетін көрсету.

Құралдар


Қағаз парақтары немесе тақта

Маркерлер немесе бор

Әр бір қатысушыға арналған қолғап немесе пластикалық пакеттер.
Мүшеқапты қолдануды көрсету үшін:

Ағаштан немесе сусын бөтелкелерінен жасалған пенистердің (ер адамның жыныс мүшесінің) муляжі.

Әрбір қатысушыға арналған мүшеқап.

Егер бар болса әйелдерге арналған мүшеқаптардың үлгілері.


Сабақтың барысы.

Оқытушы үшін белгілер: бұл сабақты жүргізу үшін медбикені немесе дәрігерді шақыру керек.

I. Жан-жақты сактык шаралары бойынша талқы (20 минут).

Талқылауды «жан-жақты сақтык шаралары дегеніміз» нені білдіреді, кім айтады дегеннен бастау керек. Бұл термин стационарлар мен клиникаларда істейтін қызметкерлер қолданады және әрбіреуі АИВ-мен залалданудың мүмкіндігі жайында «жан-жақты» ойлануы тиіс.

АИВ мен залалданған адамдардың түр келбетінің аянышты болуына негізделіп, денені жұқпалы сұйықтық ортадан қорғау құралдарын пайдалану жайындағы шешімді қабылдауға болмайды.

Барлық адамдар, соның ішінде Сізде, Сіздің сексуальдык серігіңізде потенциальды түрде АИВ-мен залалданған болып есептеледі, егерде сіздің соңғы сексуальдық қатынасыңызға ең кемінде 3-6 ай толмаса, және сізде теріс тексеру нәтижесі болмаса. Егер Сізде басқа адамның қанымен жанасу

107

болса, АИВ-инфекцияға алынған тестің нәтижелі болуы міндетті емес, ол қарсызаттың теріс болуыда мүмкін, бірақ вирустарды сақтайды.



Сондықтан қанмен немесе кез келген жоғарыда көрсетілген сұйықтық ортамен (шәуһет, қынап бөліндісі немесе емшек сүті, сондай-ақ медицина-лық қызметкерлері айтатын басқа түрлер, мысалы: амниатикалық, плевралдык, жұлын) жанасқан кезде сұйықтық ортамен және инфекцияның «кіру кақапалары»-ның арасында тосқауыл қою қажет. Дұрысы резинке колғапты пайдалану қажет, колды жуу керек. Сақтықтың осындай шаралары сізді АИВ ауруынан да гөрі жұқпалы ауру «В» гепатитінен сақтайды.

Бұлардың барлығы сіз жоғарыда аты аталған сүйықтың ортанын біреуімен жанасқан кезде жағдайды білдіреді:

■ Латекстен істелген колғапты пайдаланыңыз, егер ол болмаса корғану үшін пластикалық бейімделулерді істеңіз.

■ Егер қан шашырап ақса, оны тез жуып алыңыз, бұл кезде колыңызда колғап болуы шарт, ағартушы су ертіндісінің көмегін пайдалану керек, сонан соң ластанған заттарды пластикалық пакеттерге салу қажет.

■ Шприцтен шыққан, пайдаланған инелерді ине тесіп өтпейтін ыдыстарда сақтау. Пайдаланған инелерді қайта салуга болмайды. Бұл медицина қызметкерлерінің өздігінен залалдануының көп тарататын тәсілі.

■ Сізбен жұмыс істеген адамнан қан кете бастаса, канның ағуын тоқтату үшін, медицина қызметкерлері келгенше, ауру адамның колын мықтап тану керек.

■ Мысалы бала туылу кезінде қан сіздін бетіңізге шашыраса көзіңізге көзілдірік киіңіз, мұрын мен ауызға маска кию қажет, колды жууды ұмытпаңыз.

■ Мектепте немесе жұмыс орнында алғашкы жедел жәрдемді көрсету үшін ішінде қолғаптары, бинттері және антисептиктері бар аптечка сақтаңыз.

■ Егер ауру жұқтыру қаупі болса мүмкін болған ем алу үшін тезден медицина қызметкерлеріне хабарласу керек.

II. Қолғаппен ойын (15 минут).

Әрбір қатысушыға бір колгап немесе бір колға пластикалық қолғап беру керек. Қорғану жағдайлары қажет немесе қажет болмаған әртүрлі жағдайлардың атап көрсетіңіз. Жан-жақты сақтық шаралары қажет болған жағдайда қатысушы қолғап киген қолын көтеруі керек, ал керісінше жағдайда - жаланаш қолын көтереді. Жағдайларға мысалдар:

■ студенттің қан ағып тұрған жарасын таңып байлау керек.

■ сен білетін, ЖИТС мен ауырған адаммен (қолы жалаңаш) қол кысысып амандасу.

108

■ туберкулезбен ауырған адамның аузын сілекейден тазарту (колғап) ж.б.


III. Презервативті (мүшеқапты) көрсету (40 минут).

АИВ -инфекция жыныстық жолмен таралады, оны жоюдың жақсы тәсілі сексуальдық қатынастың болмауы. Жыныстық қатынаста сұйықтық ортамен жанасудан корғану үшін латекстен жасалған жыныскаптың көмегі көп. Қатысушылардыц ішінен жыныскапты көргені бар ма, әлде жоқ па? Соны білу керек. Олар ол жайында не ойлайды? Қатысушылардың өзінің көңілінің соқпайтынын, қарқынышын, жалған ақпарат жайындағы пікірін айтуға толық мүмкіндік беру керек. Жынысқабының нәтижесіз екендігі жөніндегі пікірлер оны дұрыс пайдалана білмеумен байланысты. Жұп серіктерге жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті: мәселен секске қатысқан жұптың біреуі аурумен заладанған, бірақ жынысқапты қолданғандықтан екінші серіктесі аурумен залалданбаған.

Топка пенистің ағаштан немесе бөтелкеден жасалған муляжіне кигізілген жынысқапты көрсетіңдер, оны жыртып алмауға көніл бөліңдер.

1. Презервативтің жарамдылық мерзімін тексеріндер.

2. Презерватив көп уақыт сақтамаған ба соны біліңдер.

3. Ақырын упаковканы ашыңдар.

4. Презервативтің толық жайылып, жазылуына көңіл бөліңдер.

5. Презервативтің үшын қысыңдар, онда ауа қалмауы керек.

6. Ер адамда жақсы сезім қалу үшін әлі толық жазып-жайылмаған презервативке май тамшысын жағу керек.

7. Тұрып тұрған пениске презервативті кигізіп, мүшенің түп жағына тарту керек.

8. Жыныс әрекетінен кейін, қуаты толық тоқтаған соң презервативті сыпырып алу керек. Бірақ бұл жұмысты сұйықтың төгіліп қалмастай етіп, ақырын орындауға тиістіміз.


IV. Қабыл алмау әдісін істеп шығу бойынша рольде ойнау.

Рольде ойнасуға қатысу үшін бүкіл топ алдында кемінде екі көрініс бойынша өзі тіленгендерді таңдап алу керек.

Қатысушылар жағдайларды өздері ойнап табады.

1. Жас қыз ересек еркек жағынан сексуальдық тегеурінге ұшырайды. Ер адам оған сыйлық беруге уәде береді. Қыз онымен секс қатысуды қабыл алмайды.



2. Әйел дәрігерге көрінгенге дейін күйеуінің мүшеқап пайдаланғанын қалайды, себебі ол несеп шығарғанда ашу, күю сияқты жағымсыз сезімнің өзіне әсер ететінін байқайды. Ол күйеуімен презервативсіз жұмыс істеуде қабыл алмайды.

109


Рольде ойнаудың қаншама шындыққа негізделгенін талқылаңдар. Серіктердің жыныстық қатынасты жүргізуді қабыл алмауы оларды инфекциядан қорғай ма? Және осындай жағдайларда қандай өте ұтымды пікірлер айтылады?
V. Баға (5 минут).

Қатысушылар сабақ процесінде және іс шаралар өткізген кезде жүргізілген фактылары жайында айтысады. Олар өздерін, өз отбасыларын АИВ ауруын жұқтыру каупінен сақтау үшін іс-шараларды жүргізу жоспарын түзеді (мысалы: АИВ ауруын жайында серігімен немесе отбасы мүшесімен әңгімелесу,өз жұмыс орнын аптечкамен камтамасыз ету, АИВ ауруына немесе ЖЖБА-ге тест өткізу; әйел немесе еркек презервативін өз серігімен пайдалану тәжірибесі; сақтандыру шараларын ұнатпайтын партнермен секске баруды қабыл алмау. Келесі сабақтарда өзін және өзінің отбасын АИВ ауруымен залалданудан қорғау үшін алдын ала қандай қам жасады. Залаладанудан қорғану үшін алдын ала қандай қам жасағанын сұрау керек. Олардын тәжірибесі кандай?


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет