164
Ауаның
жартылай
рециркуляциялық
жылыту жүйесі қозғалысы
жасанды (механикалық) құрастырылады және ол көбінесе ауысымды болып
келеді. Ол әртүрлі режимде жүргізіледі - бөлмеде жартылай режимнен басқа
толық алмастыру немесе ауаның толық рециркуляциясы. Бұл жүйе келесідей
үш режимде жұмыс жасайды, жылыту – желдетулік, таза желдетулік және
таза жылытулық. Бұның барлығы сырттан ауа алынуына, қандай көлемде
және калориферде қандай керекті температураға дейін қыздырылуына
байланысты.
Тікағынды
ауалық
жылыту жүйесі
ең жоғарғы пайдалану шығындармен
ерекшеленеді. Оны бөлмені желдететін ауа шығыны жылытуға керегінен
төмен болмаса қолданады,. Жылу шығынын азайту үшін тікағынды жүйеде,
оның ең маңызды ерекшелігін сақтау кезінде – бөлмені толық желдету -
рециркуляциялық сұлба қолданылады (Сур.119), мұнда қосымша ауамен
жылуалмастырғыш қолданады, ал кететін ауаның жылуының бір бөлігін
сыртқы ауаны қыздыру үшін утилизациялау пайдаланады.
Салқын мерзімде ауалық жылытуды ауа беретін желдетумен бірге
қарастыру, жазғы мерзімде бөлмені салқындату, ауалық жылытуды ауа
баптау принциптерімен жақындатады. Ауалық жылыту жүйесін азаматтық,
ауылшаруашылық
ғимараттарда
орналастырады,
оларда
ауаны
рециркуляциялау және жылыту мен жалпы алмасулы ауа беретін желдетуді
бірге қарастырады.
Ауалық жылытудың кемшіліктері – ауаөткізгіштердің көлденең қимасы
мен бет ауданы ауаның жылуаккумуляциялық қаблеті төмен боғандығынан
көп есе жоғары суөткізгіштердің көлденең қимасы мен бет ауданымен
салыстырғанда. Жүйенің ұзындығы бойынша ауаөткізгіштерде ауа
салқындайды, жылулық оқшауланған болсада. Осы себептер бойынша
орталықтандырылған ауалық жылыту жүйесін қолдануы басқа жүйелермен
салыстырғанда экономикалық жағынан тиімді болмауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: