18
Құбырларды қолмен кесу қол арамен, құбыр кескішпен немесе құбыр
кескіштің механикаландырылған тәсіл көмегімен орындалады. Арнайы
кәсіпорындарда құбырды дискімен кесілетін станоктар қолданылады.
Құбырларды ию қол және жетек станоктарында суық немесе ыстық
күйінде жүргізіледі. Үлкен диаметрлі құбырлар қызады, бұл иілу үшін
қажетті күшті азайтуға және құбыр қабырғаларының үзілуін болдырмауға
мүмкіндік береді, себебі металл қызған кезде майысқыш болады.
Диаметрі 32 мм дейінгі құбырларды ию кезінде ию роликтері мен
жақтауларының өлшемдерін мұқият таңдайды; үлкен диаметрлі құбырларды
құрғақ кварц құмымен толтыра отырып майыстырады. Иілу радиустары ең аз
рұқсат етілген (құбырдың сыртқы диаметрінен 2-3,5) мөлшерден артық
болуы тиіс.
Диаметрі 3/8-ден 2 дейін газ, су құбыры және қазандық құбырларды 90
градусқа дейін дәл гидравликалық июге арналған. (Сур. 5,а)
Достарыңызбен бөлісу: