266
ашық тоқ өткізгіштердің газ құбыры мен тоқ өткізгіш бөліктері арасындағы
қашықтық 1 м-ден кем болмауы тиіс.
Газ құбырының таратушы электр қалқанына немесе шкафқа дейінгі
қашықтығы 300 мм-ден кем болмауы тиіс. Газ құбырының су құбырымен,
канализациямен және басқа құбырлармен қиылысқан кезде құбырлардың
арасындағы жарықтағы қашықтық кемінде 20 мм көзделеді.
Желдету каналдарының, шахталардың, түтін арналарының газ
құбырларымен қиылысуына, сондай-ақ тұрғын бөлмелерде газ құбырларын
салуға рұқсат етілмейді. Бекіту арматурасы тіреуіштің негізіне және әрбір газ
аспабының алдына орнатылады. Бекіту арматурасы ретінде еденнен 1,5 м кем
емес биіктікте плитаға түсетін жерге орнатылатын жезді керілген тығын
крандары қолданылады. Кран осі қабырғаға параллель болуы керек. Кранның
алдында газ аспабын бөлшектеу мүмкіндігі үшін сгон орнатылады.
Ішкі газ құбырларын монтаждау мынадай ретпен жүргізіледі:
гильзалар, бекіткіштер орнатылады; газ құбырларын жинайды.
Газ құбырларын жинау газ бағандарынан басталады, олар, әдетте,
төменнен жоғары орнатылады, тіреулер мен түсірулерді тігінен орнату,
сондай-ақ қабырғалардан берілген арақашықтық қатаң сақталады.
Монтаждалатын түйндер мен құбырлар алдымен дәнекерлеумен ұсталады,
бұл ретте құбырлардың ұштары мұқият тазартылуы қажет.
Тіреулерді жүргізгеннен кейін таратушы құбырлар құрастырылады,
құрылыс конструкциялары арқылы газ құбыры өтетін жерлерде гильзаларды
бітейді, түйіспелерді дәнекерлейді және монтаждау сапасын тексергеннен
кейін газ құбырларын бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: