188
Панельді жылыту жүйелерін гидростатикалық сынау (монтаждық
терезелерді бітеуге дейін) қысымы 1 МПа 15 мин бойы жүргізіледі. Сыртқы
ауаның теріс температурасы кезінде осы жүйелерді манометриялық сынауға
жол беріледі.
Гидростатикалық сынаудан кейін жылыту құралдарының жылудың
біркелкілігін тексере отырып, 7 сағат бойы жүйеге жылу сынағын жүргізеді.
Егер сыртқы ауаның температурасы оң болса, онда беретін
магистральдардағы судың температурасы 60 °C -тан кем болмауы, егер теріс
болса, онда судың температурасы 50 °C-тан кем болмауы тиіс.
Жұмыс қысымы 0,07 МПа дейінгі бу жылыту жүйелерін жүйенің
төменгі нүктесінде 0,25 МПа тең қысыммен гидростатикалық әдіспен
сынайды. Гидростатикалық сынаудан кейін бумен жылыту жүйесін жылу
құбыры қосылыстарының тығыздығына сынайды. Бұл үшін жүйеге жұмыс
қысымы кезінде бу қосылады. Содан кейін бу қосылыстарын өткізбейтінін
тексереді.
Су жылытқыштарды тығыздыққа гидростатикалық қысыммен жұмыс
қысымынан 1,25 есе артық және бу бөлігі үшін 0,3 МПа және су қысымы
үшін 0,4 МПа сынайды.
Сорғы қондырғыларын алдымен бос жүрісте, содан кейін жүктемемен
сынайды. Сынау алдында қондырғыны мұқият қарайды, бекітудің
сенімділігін, ішінде қандай да бір заттардың (төсемдердің, бөлшектердің)
жоқтығын тексереді. Ол үшін сорғы білігін қолмен айналдырады және 3...5
мин қосады. Бөгде шу мен дыбыстар пайда болған кезде сорғыны ажыратады
және ашып қарайды. Қалыпты жұмыс кезінде сорғыны 12...15мин
айналдырып, содан кейін үйкеліс бөліктерін, қызудың болмауын және басқа
да ақауларды тексеру керек. Қызудың себептері айналу кезіндегі
дәлсіздіктер, бұрмаланулар, тығыз қатайту, ысқылау бөліктерінің немесе
майлаудың ластануы болуы мүмкін. Содан кейін сорғы 1 сағат, содан кейін 6
сағат салып жұмыс істеу жағдайын бақылау. Егер ақаулар анықталмаса,
сорғы сынамалық пайдалануға қосылады және жүктемені қояды.
Сынақ нәтижелері жылыту жүйесі мен жылыту қазандықтарын
қабылдау актісімен ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: