Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім


Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы



бет5/12
Дата25.01.2023
өлшемі76,03 Kb.
#166343
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЕМН Каз 180 (1)

4

Математикалық статистика және ықтималдықтар теориясы



Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы.
Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері.
Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы. Бернулли формуласы және оның салдарлары. Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері.
Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалар. Үзіліссіз кездейсоқ шамалар. Дискертті кездейсоқ шаманың үлестірім заңы. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірімінің түрлері. Үлкен сандар заңы.
Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар.Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау.

1)«Алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырату, комбинация түрлерін анықтау.

1)«Алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарына мысалдар келтіреді;
2) Қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолданады.

2) Ықтималдық теория негізлерін, ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын білу.



1) Комбинаторика формулаларын,
Ньютон биномын қолданып, ықтималдықтарды табады;
2) Ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.

3) Дискретті кездейсоқ шамаларға есептер шығару.

1)Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін түсіндіреді;
2) Кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді.
3)Теория мен практикада пайда болған есептерді шешуде дискретті кездейсоқ шама ұғымын қолданады.

4) Дискретті, үздіксіз кездейсоқ шама ұғымдарын білу.


.



1) Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамаларды салыстырады;
2) Дискертті кездейсоқ шаманың үлестірімінің түрлерін: биномдық, геометриялық, гипергеометриялық түрлерін ажыратады.
3)Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құрады.

5) Жүйелі түрде іріктеу жолымен және көбейту ережелерін қолдану арқылы комбинаторлық есептерді шешу.



1) Бернулли схемасын қолдану шартын және Байес формуласын атайды;
2) Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолданады.

6) Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі,
дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуы арасындағы өзара байланысты білу.

1) Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді;
2) Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептейді.



7) Таңдама бойынша кездейсоқ шамаларды сипаттау.

1) Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығарады;
2) Таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет