Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


– кезең – ұлттық фольклор негізіндегі 1934 – 1937ж. опералар. Оларға «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» жатады. 2 – кезең



бет4/4
Дата06.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#1139
1   2   3   4

1 – кезең – ұлттық фольклор негізіндегі 1934 – 1937ж. опералар. Оларға «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» жатады.

2 – кезең. 1937 – 1943 жылдардағы хор, операның жаңа өзіндік стильдері мен ерекшеліктерін іздестіру. Бұл жылдары ұлттық үлгідегі шығармаларды өңдемей жаңа туындылырға бет бұрды.

3 – кезең. 1944 – 1947 жылы жеке авторлардың алғашқы опералары, музыкалық драматургиясын синтездеуге туған шығармалары жатады.

Бұл жылдардағы қазақ операсының үздік шығармаларына А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы мен М. Төлебаевтің «Біржан Сара» операсы жатады.

1944 жылы 24 желтоқсанда – қазақтың академиялық опера және балет театрында үлкен премьераның күні болды «Абай» операсы қойылған еді. Абай Құнанбаев Қазақ халқының тарихына өз дәуірінің кемеңгер ұлы адам ретінде енеде.

Аз уақыттың ішінде қазақ хор мәдениеті кәсіби хор ұжымдарымен алға жылжыды. Бұрын соңды көпдауысты жанр мен орындаушылық шеберлігі болмаса да, хор мәдениеті республикалық кәсіби музыканың тең дәрежелі дамыған жанрына айналды.

Соғыстан кейінгі он жылдық этап қазақстан музыкалық театрының ғана емес бүкіл совет одағы операның дамуына қиындық туғызды.

Тек 1953 жылы ғана Е. Брусиловскийдің «Дудар – ай», 1956 жылы ұйғыр операсы Қ. Қожамьяровтың операсы «Нәзігім» дүниеге келді.

60 жылдары С. Мұхамеджановтың комикалық операсы «Айсұлу» сахналанды.

Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсы С. Торайғыровтың романы сюжеті бойынша трагикалық күйзелісті баяндайды.

Хорал - бұл ежелгі вокалдың бір түрі, операдағы бас кейіпкердің өлімін суреттеуге шебер қолданылған форма. өзінің көркемдік құрылысы жағынан ол өз тыңдармандарына психологиялық әсер береді.

Қазақстанның ең алғашқы опералары – эпикалық жанрда негізделініп жазылды. Олар: С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз», Е. Рахмадиевтің «Алпамыс», Ғ. Жұбанованың «Еңлік кебек» опералары. 70ші жылдардағы қазақ операсының жалпы ортақ ерекшіліктері:

- операда халық жанрлары айтыс пен күйдің енуі;

- оркестрдің ролінің күшеюі, музыкалық антрактының болуы, көріністердің алмасуы,

- хордың опера барысында қатысуы оның ролінің орнығып күшеюі;

- музыкалық көркемдеуіш құралдарының жетістігі, күрделенуі;

- халық әндері негізінде төл музыканың тууы, жетілуі.


3.4 Қазақтың Мемлекеттік хор капелласы жайлы

Ұлттық хор мәдениетінің әрі қарай өсуі және қалыптасуы барысында 1935 жылғы Қазақстан мемлекеттік филормониясының жанынан ұйымдасқан, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Д. М. Мацуциннің жетекшілік етуімен құрылған бірінші профессионалдық хор ұжымы үлкен маңызды орын алды.

Ол ұжымның негізінде 1937 жылы республикада қазақтың мемлекеттік хоры ұйымдастырылды, оның бірінші жетекшісі Қазақ ССР-нің халық әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Васильевич Лебедев (1910-1975) болды. Хор өнерін дамытуда әр жылы композиторлар өздерінің үлесін қосты: Қазақ ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов (1917-1977) т.б. болды.

1939 жылы ақпан айында Қазақтың мемлекеттік хор ұжымы Қазақтың мемлекеттік капелласы болып қайта өзгертілді. Ұлттық ұжым өздерінің алдында аспапсыз орындауды мақсат етіп қойды. Сөйтіп, күнделікті талмай еңбек етудің арқасында мемлекттік капелла үлкен жетістіктерге жетті. Бұл ұжымның репертуарында халық әндері енді. Қазақтың халық әндері Қазақстанның композиторларымен қатар басқа республиканың, еліміздің хор өнерінің ірі-ірі мамандары хорға өңдеп жазды.

Қазақтың профессионалдық музыка өнерін әрі қарай дамыту барысында хор партитурасы көп дауыстылықтың жаңа тәсілдерімен тола бастады. Д. Мацуциннің а капелла хорына өңдеген «Айттым сәлем, Қаламқас», «Дударай», «Қараторғай» шығармалары кеңінен қолданылды. «Айттым, сәлем Қаламқас» а капелла хорына арналып өңделген.

50-60 жылдарда қазақтың кәсіби хор шығармашылығының сапасының дамуы жағынан және орындалуы жағынан да кенет көтерілді. Бұл кезде капелла хоры үшін маңызды шығармалар пайда болды.

1954-1958 жылдарда Қазақтың мемлекеттік хор капелласына Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі Галина Евгеньевна Виноградова жетекшілік етті, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртисі. 1956 жылдан бастап П. И. Чайковский атындағы Москва мемелекеттік консерваториясынан тәрбиеленіп келген хор дирижеры Гүлжазира Ахметова белсенді жұмыс жүргізді, қазір Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі, ал 1958 жылдан бастап капелланың көркемдік жетекшісі және дирижеры болып Анатолий Васильевич Молодов келді. Қазақ ССР-нің халық әртісі, Совет Еңбек Ері, профессор Александр Васильевич Свешниковтың шәкірті болған.

Республика композиторлары халық әндерінің негізін және оның музыкалық характерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, әндік-шумақтық форманың негізгі жақтарын игере білді және тамаша шығармалар жазды, хор сюиталарып, поэмаларын жазды. Солардың ішінде Б. Байкадамовтың төрт бөлімнен тұратын а капелла хорына жазған қазақ халық әндерінің тақырыбына құрылған сюитасын алуға болады.

Сюитада композитор халық әндерінің поэтикалық мазмұнына және музыкалық құрылымына қарай төрт түрлі характерлі әнді алған: бірінші-«Той базар»-жәй характерде, екінші- «Майраның әні» - лирикалық ән, музыкалық суреттеме, үшінші- «Он алты қыз»-әзіл-ойды, төртінші- «Жариямайдай»-финал болып саналады және де алдыңғы барлық әндерді жинақтап біріктереді.

Бұлардың әрқайсысы жеке де және төрт бөлімді фрагмент есебінде бірге де орындауға болады. «Той базар» - асықпай айтылатын лирикалық ән.

«Той базар» әнінің музыкалық мазмұны – ладтық варияциялармен берілген тақырып. Халықтық үлгінің көптүрлі ладтық түрленуі осы талдап отырған шығарманың тамаша қасиеттерінің бірі іспетті. Сонымен, халық әнінің эолийский лады бұл теманың мелодиялық жүрісін өзгертпей, әртүрлі варияцияда, түрлі ладтарда трансформация жасайды, бұл тональдық планды аша түскендей: бірінші варияция – дорийскийдің ми-минорында; екінші варияция – дорийскийдің фа-диез минорында, бірақ ионийскийдің ми-мажорында; үшінші варияция-эолийскийдің ля-минорында (а-е—Е,Е а).

Б. Байқадамовтың хор палитрасының байлықтарын-хордың регистрлік, тембрлік, полифониялық қосалқы дыбыстылықтың мүмкіндіктерін пайдалануы ұлттық хор өнерінің дамуына маңызды жаңаша үлесін қосқан композитор-суреткердің астарын түсінгендігі жайлы куәлайды. Егер алдыңғы жылдардағы хор шығармаларында қосалқы дыбыстылықтың арқауы халықтық әндетіп айтылатын әндері сияқты, сонымен қатар әзіл-сықақ және тұрмыс-салт әндерінің вокалдық традицияларына сүйенеді.

Әндік тақырыптың еркін мелодиялық даму барысы, оның түрліше тональностерде жүруі, дыбыстық бейнелеудің тәсілдері арқылы фактуралық варианттылықты қолдануы, шығарманың шарықтау шегін өз деңгейінде жасауы-Байкадамовтың хор жазбаларына тән айрықша қасиет болып табылады. Композитор өз халқының өркениетіне ұқыпты қарай білді. Байқадамовтың хор шығармаларының техникасын және оның мәнді әдіс-амалдарын іздеумен ерекшеленеді.

Байқадамов цикликалық формадағы хор шығармаларын жасауға бет бұрған бірінші қазақ композиторларының бірі болды. Оның поэмаларының циклі (төрт бөлімді) Ғ. Қайырбековтің сөзіне жазған (1964) тың жерді көтерудің он жылдығына арналған. Циклдің бірінші бөлімі «Шопан ойы»,екінші – «Келін арманы», үшінші – «Колхоз слетіндегі айтыс», төртінші – «Еңбек ұраны».

Бірінші бөлім «Шопан ойының» мазмны оның көркем маңызды ойлары бойынша, қарама-қарсы құрылымымен анықталады. Хор партияларының музыкалық материалы қайғылы жартытондық интонациялармен, зор толғау ретінде енеді.

Циклдің екінші бөлімі «Келін арманы» деп аталатын, бірінші бөлімге лирикалық жағынан қарама-қарсы келеді. Музыкасы көктемдегі табиғаттың жандануымен салыстырғандағы жаңа түскен келіншектің көңіл-күйін береді. Музыкалық характері көркемдеп суреттеп тұрғандай.

Хор циклының кең көлемді үшінші бөлімі-«Колхоз слетіндегі айтыс». Бұл речетативтік терме мен желдірме стилінде жазылған, традициялық халық өнерімен байланыстыра анығырақ байқалады. Мұнда композитор домбыра аспабының музыкалық интонациялық әдісін қолданады. Жеке әншілердің, музыканттардың өзара жарысын көрсететін традициялық айтыстан айырмасы-мұнда колхоз даласының әртүрлі еңбекшілері бригадаларын бейнелейтін топтар өзара сайысқа түседі. Хор циклының бұл бөлімі әрбір хор тобының қосылғанын анықтап, тональдік жиі құбылулары арқылы мінезделеді. Тональдік бояуларының байлығы композитордың творчестволық әдісімен анықталады. Композитор қазақтың халық музыкасына тән ладтық өзгерудің бай мүмкіншіліктерін өте нәзік қолдана білген. Композитордың халытың қайнар көзіне сүйенуі – оның негізгі тақырыптарының характері бойынша терең ұлттық болып келуін айқындайды.

Циклдың соңғы бөлімі – «Еңбек гимні» - салтанатты, көпшілік әндер қатарында жазылған. Мұнда, өзінің ретінде, хордағы әртүрлі дауыстардың полифониялық жолдарын анықтайтын аккордтық фактура. Композитордың бұдан басқа халықтық үлгілердің шеңберінде жасалынған алдыңғы хор шығармаларынан айырмасы, бұл циклда әрбір бөлімі поэманың еркін формада жайып салған ойды білдіреді. Байқадамовтың «Жар-жар біздің жаңаша» Г. Қайырбековтың сөзіне жазған а капелла хор шығармасы үшін де айтыс жанрын негіз етіп алады. Мұнда композитор бүгінгі күннің той салтанатын жырлап, оны жаңаша жасайды. Оның жаңа әлеументтік мазмұны, традициялық үйлену тойы әнінің музыкалық характері өзгертіледі. Революцияға дейінгі әйелдердің «Жар-жары» қайғыны беретін, кейде олардың еріктерінен тыс күйеуге беретін қыздардың трагедиясын беретін. Әрине, ол «Жар-жардың» әуені де қайғыға толы болатын. Автор көбіне белгілі жар-жардың традициялық сазына сүйенеді.

Композитордың бұл творчествалық тәсілін әрі қарай толығырақ Құрманғазының күйі «Ақбайды» хорға өңдеп жаөғанда іске асырды. Қарама-қарсы образдарды салыстырмалы түрде қарау, түрлі мәнерлі тәсілдерді қолдану мүмкіншіліктері композиторды қызықтырды. Домбыраның үні аспаптық фрагменттердің вокализациялық жолымен іске асты. Композитор күйдің драматургиялық мазмұның толық бере білген.

Композитордың хор әдебиетінде кездесетін тәсілдерді қолдануы оның нәзік сезімталдығын көрсетеді. Соңғы аяқтайтын бөлім болып басталатын фрагментте өзіндік жеке айтылатын релитацияны қолданады.

Композитор мұнда берген жаңа тәсілдерімен қатар хор шығармаларының маңызды компоненттерінің бірі болып саналатын оның сөздеріне де көп көңіл аударған. Композитор негізгі творчестволық мақсатына шыға отырып, мұнда поэтикалық текстің орнына алдындағы шығармалар сияқты, аспаптық пьесаның вокализациясын әртүрлі буындармен өте маңызды әдіспен қолдана білген. Байқадамов бұрынғыдай ерекше үндестілікке көңіл білген: «д-ғ-дң, гәк-ку, гә-ги-гә, ха-ля, ләй» және басқа. Композитор алдыңғы шығармаларында ұлттық колоритті беру мақсатында енгізсе, мұнда драматургиясының көркемдік ойына сай берген. Мысалы, аспаптық партияны боямалап, оның ішінде домбыра шегінің шертуінің дыбысын хор партитурасына айрықша төменгі регистрде қатаң дауыссыз дыбыстарды енгізу арқылы береді.

Ал драматургиялық шарықтау шегінің барысында, хордың көлемді дыбыстауына жету мақсатында, композитор ашық дауысты дыбыстардың үндестігін (ха-ла-ла) қолданады, ең бастысы рның жоғарғы регистрде қолданған.

«Ақбайға» ұқсас, күй негізінде жазған композитордың мынадай хор шығармалары да бар: «Айжан қыз», «Би күйі», т.б.

Осы жылдары композиторларымыз Ғ. Жұбанованың, М. Маңғытаевтың, Е. Рахмадиевтің а капелла хорына арнап жазған хорлары да жарық көрді: Ғ. Жұбанованың «Дауыл», «Жалғыз емен», «Күй-поэма» шығармалары; Е. Рахмадиевтің – «Балхаш кеш» және М. Маңғытаевтің «Ақсақ құлан» туралы аңыз. т.б.

Бұл шығармалар көркемдік жағынан әртүрлі. «Балхаштағы кеш» және «Дауыл» - авторлардың хор әдебиетінде бірінші рет музыкалық тәсілдермен көркемдеп жазуға тырысуы байқалды.

Е. Рахмадиевтің «Балқаштағы кеш» хор поэмасы, Москвадағы (1962) Бүкілодақтық жас композиторлар байқауында бірінші дәрежелі дипломға ие болды. Поэма поэтикалық көңіл-күйді және ұлттық колоритті беру шеберлігімен ерекшеленеді. Поэманың негізгі ырғағы барлық хор партияларының көлемді айтылуының фонында қосылады.

Поэмада «Наз қоңыр» халық әнінің аитылуы (контиленность) адам дауыстарының вокалдық мүмкіншіліктерін барынша жоғары дәрежеде пайдалануына мүмкіндік туғызады. Қазақтың а капелла хор шығармаларында бірінші рет кездейсоқ нәрсе емес.

Композитор Ғ. Жұбанова өзінің «Дауыл» атты хор шығармасында әуезді сондай көркемдейді. Мұнда композитор драматургиясында мақсатпен бірге көркем музыкалық мақсаты да шешеді: хордың тәсілдерімен табиғаттың көрінісін – найзағай, дауылды бейнелеуге тырысады. Оның «Жалғыз емен» атты басқа пьесасы, «Дауыл» сияқты. Қазақтың ақыны А. Сәрсенбаевтің сөзіне жазылған хор партитураларында республиканың сол кездегі хор музыкасы үшін жаңа табылатын творчестволық мақсаты айқындап көрсетеді. Егер композитор «Дауылда» музыкалық бейнелерге түрлі тәсілдерді бірінші рет қолдануға тырысса, ал «Жалғыз еменде» ол тағы да бірінші рет хорал формасын шығарманың шарықтау шегінің кезінде қолданады. Хордың полифония салысындағы дифференциясы, ладтарының құбылмалы болып келуі де қызықты беріледі. «Жалғыз емен» - әнде айтылғандай, Отан үшін өмірін қиған «жас батырға» арналған реквием.

«Күй поэмасы» Ғ. Жұбанованың, ол бірінші рет 1973 жылы Алматыда Азия елдерінің Халықаралық трибунасында айтылды.

«Күй поэма» - композитордың стилистикалық жақтарынан көбірек ашып көрсеткен қызықты хор шығармасы болып саналады. Оның аспаптық ойлау қабілеті домбыра шегіндегі екі дауысты дамыту заңдылықтарына сай құрылған хор дауыстарын жүргізу барысында байқалады.

Ғ. Жұбанованың «Күй поэмасы», оның «Толғау», «Жеңеше» шығармалары сияқты трагедиялық ұлттық әуездің жақсы үлгілерін әсерлі, көркем құрылым ретінде іске асыруға тырысу композитордың шығармашылығына тән екпінде айқындайды.

Ғ. Жұбанованың қазіргі композициялық техниканың бай палитрасымен қоректенген жоғары профессионалдық деңгейі композитордың аспаптық жанрдағы шығармалар қатарымен және хор жанрында да ойлау көлемінің кеңдігімен ерекшеленеді.

Алматы консерваториясының түлегі, профессор К. Х. Қожамьяровтың шәкірті – М. Маңғытаева та алдыңғы ұрпақ композиторларынан үлгі алып, олардың бай тәжірибелерін табыспен қабылдады.Мысалы: «Ақсақ құлан» туралы аңызы.

Маңғытаевтың «Ақсақ құлан» туралы аңыздың мазмұнына ден қоюы кездейсоқ емес. Ол композитордың ұлттық салт-дәстүрге деген ұқыпты қатынасын, музыка өнеріндегі халықтың қайнар көзіне деген үнемі көңіл аударуын айғақтайды. Белгілі халық күйі «Ақсақ құланның» негізінде ертедегі трагедиялық сюжет жатыр. Қазақ өнерінің маржаны – «Қыз-Жібектің» бірінші операсында(1934) ол Төлегеннің трагедиялық тағдырының лейттақырыбы ретінде көрсетіледі. Екінші рет бұл күй Ғ.Жұбановтың осы аттас симфониялық поэмасында қайта туғандай болды. Бұрынғы аңызы А.Серкебаевтің «Ақсақ құлан» балетінің негізіне жатады(1977).

Маңғытаевтің хорға арналған «Ақсақ құланның» туралы аңыз поэмасының негізгі бейнесі болып - өлгелі жатқан жалғыз баласының жайын хабарлап жеткізген домбыраны жазаға тартқан Жучи-ханның қаталдығы туралы айтатын жұртқа белгілі сюжеті емес, аңыздың өзі болып табылады.

Автордың өзіндік ерекшелігі бар трактовкасы көп жағдайда халықтың аспаптық ән-жанрының салт-дәстүріне сүйенеді. Речитативтік (тақпаққа ұқсас вокалдық музыканың бір түрі) құрылымдағы кіріспе характерлік бастамамен алдын-алатынәндік жанрға ұқсас, сөйтіп бұл поэма кіріспе үндеуімен басталады.

Поэманың негізгі бөлімі-Allegro poco a poco animando - өзінің құрылымымен және кіріспесімен қарама-қарсы характерде жазылған. Мұны оның мотивтік өңдеуінің белсенді тамыр соғысы, ырғақтық қозғалысының көптүрлігі, сонымен қатар гармониялық тілінің өткірлігі, хор партияларының үндесіп келуі айырады. Белгілі «Ақсақ құлан» күйін поэмада бірінші рет теманы жүргізетін альттер партиясы ьрагедиялық баяндалуын бастайды. Автор хор поэмасында халық күйінің бас тақырыбының негізгі үзіндісін ғана цитат етіп келтіреді. Альттердің артынан ең әуелі сопрана, содан соң тенорлар қосылады. Поэманың шарықтау шегі «Айқай-шу жапты Арқаның сар даласын» сөздерімен басталады. Бұл бөлімнің үш сөйлемінің әрқайсысы музыканың драматизімін ұлғайтады. Бірінші сөйлемде – мелодиялық қозғалысының тритондық жүрістерімен және кішінейтілген ноталардың ара қашықтығының пунктирлі дауыс ырғағымен қанықтырылуы арқасында жетіледі. Дәл осы тұста, композитор бірінші рет бас партиясын енгізіп, толық хор дыбысталуын береді. Бірақ, осының барысында ол сюжеттік мазмұнымен біпге, оның әсерлігін беруге тырыса отырып, хор партияларының драматургиялық ролін бағалайды: сопрано мен альттер аңызды жүргізеді, ал тенорлар мен бастар алма-кезек терциялық интервалды «ай! ай!» лепті үнімен «глиссандо» жасай отырып, үрейдің көрінісін жарыққа шығарады.

М. МАңғытаевтың «Ақсақ құлан» туралы аңыз поэмасы адамды музыкалық тілінің өзгештілігімен, әсерлі-драматикалық нюанстардың жаңашылдығымен, хор жазбаларының фактурасымен өзіне тартады.


3.5 Хор музыкасын дамытудағы Қазақстан композиторларының еңбегі. Кәсіби қазақ хорының тууы мен қалыптасуы

Қазақ халқының музыкалық фольклоры өте бай және көркем. Қазақ халық әндерінің мазмұны, тарихы кеңінен көрсетілген. Октябрь Революциясына дейін Қазақстанда музыкалық жазу сауаттылығы болмағандықтан ауызша сақталды.

Көпдауысты хор тек Ұлы Октябрь революциясынан кейін ғана қолға алынды.

1924 – 25 жылдар Петропавл қаласына білім беру бөлімі И. В. Коцыкты Пед. Техникумға және қазақ, орыс хорларының жетекшілігіне шақырып алды. Композитор И. В. Коцыктың арқасында хор көпшілікке танымал болып өз жеке концерттерін ұйымдастырды.



1926 жылы Қызылорда қазақтың мемлекет драмалық театры дүниеге келді. Бұл театрдың ұйымдастырушысы Д. Ковалев болды.

1928 жылы театр Алматыға көшіп келіп сол ұжымнан алғашқы хор құрылды.

1933 жылдан бастап театрда Д. Коцык басқарған музыкалық студия жұмыс жасады.

1932 жылы қазақ радиокомитеті болсын З. Ф. Писаренко жетекшілігімен әйелдер хоры дүниеге келді. Бұл әйелдер хорының көркемдік жетекшісі Б. Г. Ерзакович болды. Ол алғашқы рет 2 дауысты халық әндерін өңдеп хорға арнап жазады.

1935 жылы Радиокомитет жанындағы әйелдер хорын Л. Хамиди басқарады. Бұл кезде ерлер тобы жинақталған болатын. Қазақ Радиокомитет хоры қазақ музыкасын насихаттаушылардың бірі болды.

1933 жылы Қарағанды радиокомитеті Б. А. Орлов жетекшілігімен қазақ хоры құрылды. Бұнда музыка теориясы, сольфеджио, дауыс қою пәндері өтілді. Қарағанды радиокомитеті жанындағы хор біртіндеп қазақ әндері ғана емес орыс, шетел классикаларымен өз репертуарына енгізі білді. 1934 жылы Республика үкіметінің шешімімен Қазақ Мемелекеттік филармониясы құрылды, жетекшісі болып А. Жұбанов бекітілді. А. Жұбановтың айтуынша алғаш 16 адамнан тұратын кәсіби хордың жинақталуы Д. Мацуцин жетекшілігімен 1937 жылы бұл хор Қазақ Мемлекеттік хорына қосылды, оның жетекшісі болып Мәскеу консерваториясының түлегі Б. В. Лебедев бекітілді. Хордың негізгі репертуары қазақ халық әндері мен қазақстан композиторларының шығармалары болды.



1939 жылы қазақ мемелекеттік хоры Қазақ Мемелекеттік капелласы болып қайта құрылды. Осы жылы Жетісу қазақтары ән – би ансамблі дүниеге келді. 1944 жылы соғысқа көп мүшелері аттанып таратылады.

Қазақ мемлекеттік капелласы Қазақстан мен Қырғызстанда өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанның алдыңғы қатарлы композиторлары А. Жұбанов, Е. Брусиловский, Л. Хамиди, Д. Мацуцин, М. Төлебаев, Б. Ерзакович бұл капелламен тығыз шығармашылық байланыста болады. Соның нәтижесінде 4 дауысқа арналып жазылған шығармалар өмірге келеді. 1954 жылы капелланың жетекшілігіне Б. Виноградоваға бекітіледі.

Қазақ мемелекеттік капелласының кәсіби өсуіне қазақ ССРнің халық артисі А. В. Молодов көп еңбек етті. 20 жыл бойы капелланың дирижері болып Қаз.ССРнің еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. А. Ахметова болды. Қазіргі уақытта капелла жетекшісі Б. Демеуов. Қазақстан хор өнерінің дамуын айтқанда кәсіби музыкалық білім туралы айтпасқа болмас. Ұлы Октябрь революциясына дейін Қазақсатанда бірде-бір музыкалық білім ордасы болған емес. Тек 1934 жылы ғана республикада 2 музыкалық училище, 2 музыкалық жетіжылдық мектеп болды.

Ал 1936 жылдан бастап музыкалық білім орындары көбейе бастады. 1944 жылы Алматыда 50 студенті бар, 5 кафедрадан құралған Құрманғазы атындағы консерваториясы құрылды. Хор дирижерларын дайындау мақсатын консерваторияда хор дирижерларының кафедрасы ашылады. 1967 жылдан кафедра меңгерушісі болып доцент В. М. Ляшко болып тағайындалады.

1998 жылы Астанада 3 сатылы білім беру жүйесі Қазақ Ұлттық Музыка Академиясы ашылды.

Хор мәдениеті халықтың рухани әлемінің дамып оянуына септігін тигізді. Бұл біріншіден хор жетекшілеріне оллардың кәсіби шеберлігіне мәдениеттілігіне, ұжымды дұрыс басқаруына үлкен сын болып табылады.


3.6 Хор сөздігі

Месса – хор мен солистерге, оркестр мен органға арналып жазылған көп бөлімді музыкалық шығарма.

Месса – реквием деп аталады, мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Кирие – құдайым рақым ет;

  2. Глория - құдайым жақсылық ет;

  3. Кредо - бір құдайға сенемін;

  4. Санктус - қасиетті құдай Саваоф;

  5. Агнус Дей - Агнус құдайы – рақым ет бізге бейбіт өмір бер.

Мотет – (франц.) – көп дауысты вокал музыкасының бір жанры. Мотет – хор менакапеллаға арналып жазылған музыкалық шығарма. 17 ғасырда аспап сүйемелдеумен солистерге арналып жазылды.

Мадригал – (итал.) итальян тілінде орындалатын 1 дауысты лирикалық шығарма. Қайта өрлеу дәуірінде 16 ғасырда мадригал 1 бөлімнен 4 – 5 дауысты полифониялық құрылымдағы вокалды композиция болды.

Магнификат – (лат.) - әнді әндету –католик шіркеуінің кешкі қызметінде орындалады. Көп дауысты хор шығармасы.

Партесті ән айту (лат.) хор әнінің түрі, 17 ғасырдың жартысында орыс шіркеуінде таралған, ерекшіліктігі көп дауысты аккордты құрылым. П.П. – партесті ән салудың түрлері: кант пен псалма.

Монодия (грек.) – бірдауысты немесе топпен унисон октавада ән айту.

Хейронамия (грек.) – қол және заң деген мағынаны береді. Көне ғасырда хорды жетекшелегенде белгілі тәсілдерді көрсету. Қол саусақтарымен әншілерге мелодикалық суреттерді, ырғақты, динамикасын және агогиканы көрсетті.

Кондакарлық ән – 11 ғасырдың басынан 14 ғасырға дейін Ежелгі Русте культтік ән византтік шығу тегі. К. ән репертуары псалмалардан алынған сөздер. К. - әні кітабынан жазылған.




Әдебиеттер
1 Алданазаров Б. Ж.. Хор әдебиетіне арналған қысқаша дәрістер. – Алматы, 1995. – Б. 33 – 110

2 Асафьев Б. А. Хоровая литература – Русская музыка XIX и начала XX. – Ленинград, 1968. – Б.10 – 25

3 Аравин И. В., Ерзакович Б. Г. Қазақстанның музыка мәдениеті – Алматы, 1957. – Б. 4 – 68

4 Джердималиева Р. Р., Момбек А. А., Ахметова З. Р. Музыкальное образование в Казахстане. – Алматы, 2006. – Б. 12 – 46

5 Дукенбай Н. С. Музыка тәрбиесі әдістемесі және оның теориялық негізі. – Павлодар, 2003. – Б.3 – 63

6 Дүйсембінова Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. – Талдықорған, 2006. – Б. 86 – 164

7 Қыдырбаева К. Хор әдебиеті. – Алматы, 2003. – Б.13–92

8 Жакеев Б. К. Хор үйірмесімен жұмыс. – Алматы, 1988. – Б.12 – 46



Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………..3

1 Шетелдегі хормен ән айту өнері…………………………….....4

1.1 Ертедегі және орта ғасырдағы хор өнері ………………….....4

1.2 Қайта өрлеу дәуіріндегі ән айту өнері……………………......5

1.3 XVII – XVIII – XX ғасырдағы хор өнері…..............................7

2 Ресейдегі хор мәдениетінің дамуы ……………………….....12

2.1 XVII ғасыр…………………………………………………… 12

2.2 Россиядағы хор орындаушылық өнері және

кәсіби хор өнерінің қалыптасуы..............................................13

2.3 Орыс халқының хор музыкасы…………………………........15

2.4 Хорға өңделіп жазылған халық әндері ………………….......15

2.5 Орыстың опералық хор әдебиеті………………………….....18

2.6 Ресейдегі XX ғасырдағы хор мәдениеті………………..........28

3 Қазақ хор музыкасы………………………………………......29

3.1 Кәсіби ән шығармашылығының тууы және

Қалыптасуы (1935-1950)…………………………..................29

3.2 Қазақ композиторларының шығармаларындағы

хор жанрының қалыптасуы…..................................................31

3.3 Қазақстан композиторларының шығармларындағы

хор-опера жанры…………………………………...................35

3.4 Қазақтың мемлекеттік хор капелласы жайлы………............41

3.5 Хор музыкасын дамытудағы Қазақстан

композиторларының еңбегі………………………………......48

3.6 Хор сөздігі…………………………………………………......50



Әдебиеттер …………………………………………………....52





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет