Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


- тақырып: Көп дауысты хорларға түсініктеме. Шығармамен танысу



бет2/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,29 Mb.
#1877
1   2   3   4   5   6   7   8

8 - тақырып: Көп дауысты хорларға түсініктеме. Шығармамен танысу.

Жоспар


  1. Көп дауысты хорларға түсініктеме.

  2. Шығармамен танысу.

Көп дауысты хорлар шығармасы 2-3-4 және көп дауысты болып бөлінеді. Әрбір хор ұжымы дауыс ерекшелігіне диапазонына дайындау деңгейіне қарай көп дауысты шығармаларды репертуарына еңгізеді.

Жаңадан ұйымдасқан хор алғашқы баспалдақ кезіңде унисондық дыбыстар шығармаларды меңгеруі қажет. Унисондық немесе бір дауысты алынған шығарманың әуенінің тазалығын әр арақашықтың еркін орындалуын, интонациялық тазалыққа және ырғақтық дикциялық акапелалық тағы сол сияқты ансамбльге баса назар аудару қажет. Өсу деңгейіне қарай келесі баспалдағы екі дауыстты немесе конондық ән айтуды енгізуге болады. Ал, екі дауысты шығармалар терция, секста аралығында жеңіл қабылдайды. Бұл ретте теция арақашықтығын сексталық арақашықтықтан таза орындалуын қадағалауымыз керек.

Студенттер тобы өзінің сипатына қарай дауыстарды жеңіл қабылдағандықтан музыкалық естуі жоғары хор болғандықтан оларға 2- 3 дауыста хор шығармаларын алуға болады. көп дауысты шығармалардың лерикалық әндерден бастағаны жөн. Лерикалық әндердің ырғақтары баяу болғандықтан оларды жақсы айтады. Лерикалық әндердің ыңғайлылығы әрбір дауысты анық естуге дауыстарды үлгеріп айтуға және тыныс алуды қадағалайға жақсы жағдай қосады. Көп дауысты шығармалар музыкалық жағынан өсуіне ішкі есту қабілетінің дамуына жағдай септігін тигізеді. Ішкі есту даму қабілеті бір дауысты екінші дауысты айту деген сөз. Студенттер хоры көп дауысты шығармаларды еркін меңгерген есту қабілеті дамыған ішкі есту сезімінде көп дикциялық үні бар ұжым болғандықтан хорда екі дауыстан көп дауысқа дейін шығармаларда соның ішінде жылдам, баяу орындағандықтан гормониясы бойынша қиынырақ шығармаларда репертуарға алуға болады. Көп дауысты хор шығармалары хордың өсуіне сауаттылыққа жауапкершілікке дағдыланған, сондықтан хор шығармалары қарапайым екі дауыстан емес, сауатты жазылған көп дауысты болған жөн.

Сұрақтар:



  1. Көп дауысты хорға түсініктеме беріңіз?

  2. Шығармаларды таңдау шарттарын ата?

  3. Репертуар таңдауда нені есте ұстаған жөн?

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Музыка әлемі 2008 №1

    2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

    3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

    4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997


9 - тақырып: Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.

Жоспар:


  1. Унисон ұғымына түсініктеме.

  2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу.

Унисондық дыбысталу дауыстардың мінсіз біртұтастылыған көздейді, хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан алуан штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.

П.П.Пигровтың айтуынша ансамбльдің ең басты ерекшелігі: интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен дыбыс күші жағынан үйлесімділігі. Нәтижесінде партиялар арасында “унисондық дыбысталу” қалыптасады. Сол арқылы хордың гармониялық дыбысталуының іргетасы қалыптастырылады. Осы тұрғыда Пигров ансамбльдің басты элементі деп “ансамбльдік дыбысты” жеке қарастырып, оның екі түрін ажыратқан: унисондық және гармониялық.

Унисондық ансамбльге қажетті элементтер: әншілер арасында дыбыс бояуы мен күшінің бірдей болуы, ыңғайлы тесситура, дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы, нюансировка мен вокалдық мәдениетінің бірдей дәрежеде сақталынуы.

Ал гармониялық ансамбль дегеніміз бірнеше әншілердің немесе партиялардың аккорд дыбыстарын бір‑біріне үйлестіре әндетуі. Ол үшін дауыстар арасында салмақтылық күйі қажет және аккорд тондарының біртұтас, үйлесімді жүйеге біріккені шарт. Ол үшін мынадай талаптар қойылады: хор мүшелерінің сан жағынан бірдей болуы, аккордтардың ыңғайлы регистрде орналасуы, тесситура, нюансировка, жылдамдық, хор әншілерінің табиғи дарындылығы, қабілеті секілді маңызды элементтер ескерілуі тиіс.

Г.А.Дмитриевский ансамбльді технологиялық және көркемдік тұрғысынан қарастырады. Ансамбльдің технологиялық сапасын музыкалық орындаушылықтың тәжірибесіне байланысты қолданады. Ол дегеніміз музыкалық шығарманың дыбысталу формасы, сапасы және техникасы. Ансамбль технологиялық мағынасына сәйкес төмендегі элементтерді білдіреді:

‑ интонация‑горизонтальды (көлденең);

‑ строй‑вертикальды (тігінен);

‑ тембр, яғни дыбыс бояуы;

‑ динамика‑ дыбыс күшін білдіреді;

‑ ырғақ‑дыбыс ұзақтықтарының алмасуы;

‑ агогика‑ қимыл­‑ қозғалыстың бірдей болуы;

‑ дикция‑ орфоэпия заңдылықтарын сақтау;

Жоғарыда айтылған мәліметтерді негізге ала отырып, Г.А.Дмитриевскийй ансамбльге қатысты мынадай қорытынды жасайды: “Ансамбль бұл‑ интонациялық, үн құрылымдық, тембрлік, динамикалық, метроритмикалық, агогикалық, дикция‑орфоэпиялық, тесситуралық, фактуралық деп ажыратылатын жеке ансамбль түрлерінің жиынтығынан құралады.

Ансамбль мәселесін жете зерттеген П.Г.Чесноков ансамбльдің екі түрін ажыратқан: 1) механикалық ансамбль дегеніміз‑ әншілерді дұрыс таңдау, хор партиялары мен тұтас хорды ұйымдастыру шараларына байланысты мақсат‑міндеттерді көздейді; 2) көркемдік‑органикалық ансамбль түрі тікелей дирижердың өзіне, оның дарындылығына және хор мүшелерінің көркемдік­­‑рухани жағынан жетілу деңгейіне байланысты.

Ал көпке танымал хормейстр, дирижер А.А.Егоров хор ансамблін құруда екі негізгі қажетті элементтерді көрсетеді: сыртқы­­‑ яғни орындалатын шығарманы есту, көру, сезіну арқылы санамызда қалыптасатын түрлі әсерлердің жиынтығы, бірлігі және ішкі фактор дегеніміз­­‑ өзара сан алуан дыбысталатын жеке элементтердің біртұтас жүйесіне енуі. Дирижер бұл екі элементтердің синтезін қамтамасыз етіп, жүзеге асырады. Осылайша Егоровтың бұндай тұжырымдамасы хор орындаушылығын эстетикалық тұрғысынан ашып бере алды./26/

Сонымен қатар П.Г.Чесноков “Хор и управление им” атты еңбегінде ансамбль құру үшін төмендегі талаптар тізімін ұсынады:

‑ хордағы әрбір әнші басқаларымен дыбыс күші мен тембр жағынан үйлесуі үшін берілген әуенге құлақ салып, терең сезіне білуі тиіс. Бұл дағдыны “ жеке ансамбль” қалыптастырады.

‑ әрбір партия өз ішінде теңесіп, бір күйге түсіп, үйлескеннен соң, ол хордың толық дыбысталу тепе‑теңдігін бұзып алмау мақсатында өзге де партияларға құлақ салуы қажет.Бұл дағды “жалпы ансамбль” арқылы іске асады.

­­‑ хордағы әрбір орындаушы партия ішінде ансамбль құруда дыбыс биіктігі жағынан таза унисонды құрай алуы қажет. “Жеке строй” ұғымы бұл мақсатты көздейді.

‑ жеке және жалпы ансамбль түрлерін өзара құрай алған, интонациялау жағынан үндескен әрбір партия өзге де партияларға құлақ салу арқылы бір‑бірімен үйлесе алуы қажет. Бұл мақсатты “жалпы строй” ұғымы көздейді.

‑ хордағы әрбір орындаушының дирижермен арасындағы қарым‑қатынасы тыйылмауы қажет, яғни оның әрбір қол‑қимылын, мимикасын байқай отырып, мән‑мағынасын түсіне білуі тиіс.

­­‑ дыбыс бояуы жағынан берілген партиядан ерекшеленетін, жалпы ансамбльге үйлеспейтін әншілерді хорға қабылдамау қажет, өйткені олар ансамбльді, яғни үйлесімді дыбысталуды бұзады. Сонымен қатар вибрациясы аса күшті, яғни дірілі көп дауыстардан сақ болу қажет, себебі вибрация жеке ансамбльге нұқсан келтіреді.

Осылайша хорда ансамбльді құру мәселесі аса өзектілердің бірі. Өйткені хордағы ансамбль вокалдық ән айту мәдениетін аңықтайтын басты көрсеткіш.

Сұрақтар:



  1. Унисон ұғымына түсініктеме бер?

  2. Унисондық дыбыс шығаруға жаттығу неден басталады?

  3. Унисондық дыбысталуда ансамбльдің алатын орны?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997



10 - тақырып: A cappellaлық шығарманы талдау.

Жоспар:


  1. A cappellaлық шығарма ұғымына түсініктеме.

  2. Шығарманы талдау әдісі.

  3. Хордағы партиялармен жұмыс.

A cappellaлық шығарманы, яғни сүйемелдеусіз әнді орындауды еңгізуді ерекше хор сыныбында басты орын алады. “Қазіргі уақытқа дейін акапеллалақ шығармаларды орындау тек кәсіби дәрежедегі ұжымдарға ғана тән деген көзқарас көпшілігінде қалыптасып кеткен. Бірақ бұндай көзқарастың терістілігін, бұрыстылығын іс­‑тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы оқушы хорына орындатудың көп пайдасы бар. Ең біріншіден, кез‑келген аспаптық сүйемелдеу өзіне тән таза, ашық, жұмсақ, табиғи дыбысталу нақышын бұзып бұрмаламайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау кезінде хордың дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль, строй, нюансировка секілді басты хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла таза унисонды қалыптастыруға негіз болады.”

Акапеллалық шығармаларды репертуарға хордың алғаш сабағынан еңгізуге болады. Шығарма жатталып, ансамбль жағынан үйлескен кезде акакпелланы сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу мен акапелланың кезектесіп қолдану пайдасы зор. Бұндай кезекті тізбек музыкалық есту қабілетінің қарқынды түрде дамуына жәрдемдеседі және де айта кететін маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен орындалатын сүйемелдесіз шығармалар кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі. Және де, керісінше, акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған хор ұжымы кәсіби деңгейде өсе алмай, мүмкіндігі шектеліп қалады. Өйткені аспаптық сүйемелдеуге машықтанған олар таза интонациялауға мән бермей, фальшпен орындайды.

Акапелланы әндетудің өзіне тән артықшылығы – шығарманың тональдігін өзгертуге қолайлы болуы, яғни шығарманың тональдігін диапазонына қарай жарты тонға немесе бір тонға дейін көтеріп төмендетуге болады. Тональдік қандай мақсатпен өзгертіледі?‑ деген сұрақ туындауы мүмкін. Көптеген шығармалар ыңғайсыз тональдікте жазылғандықтан орындауға қолайсыз болып келеді. Және де екі түрлі тональдікте жазылған хор шығармасы екі түрлі дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде шығарманы сәтсіз орындаса, до диез тональдігінде керемет болып шығады. Бұл берілген шығармадағы интервалдардың акустикалық ерекшелігімен түсіндіріледі. Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды ескеруі қажет. Репетиция кезінде хор ұжымын ыңғайсыз тональдікте айтқызу бір жағынан пайдалы дейді дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте айтқызу өте пайдалы. Өйткені төмен тесситураға байланысты туындаған қолайсыз жағдайды жене отырып, еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде теңестіреді. Осындай тепе‑теңдік күйі алғашқы тональдікке көшкенде де сақталынады. Осылайша акапеллалық шығармаларды орындау хор мүшелерінің шығармашылық, кәсіби дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.

Сұрақтар:


  1. A cappella ұғымына түсініктеме бер?

  2. A cappellaлық шығарманың тиімділігін жіктеп айт?

  3. Репертуарға енгізу неше дауыстан басталғаны жөн?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997


11,12 - тақырыптар: Сопрано, альт партияларына бөлу. Әр партиялармен жеке жұмыс жүргізу.

Жоспар:


  1. Сопрано, альт партияларының диапазоны.

  2. Сопрананың түрлері.

  3. Альт партиясына сипаттама беріңіз.

Альт партиясы скрипка кілтінде, кіші октаваның (Соль) Ля нотасынан, екінші октаваның Фа ноталары көлемінде жазылады. Ал, орташа көлемі бірінші октаваның До нотасынан, екінші октаваның До нотасына шейін болады.

Әйелдер хорының сопрано, альт дауыстары:

Сопрано партиясы скрипка кілтінде, (кіші октаваның Ля) бірінші октаваның До нотасынан, үшінші октаваның До нотасы көлемінде жазылады.

Орташа көлемі бірінші октаваның Фа,Соль нотасынан, екінші октаваның Фа, Соль нотасына шейін болады, мысал үшін А. Давыденконың «На десятой версте» атты хоры болуы мүмкін.

Мұнда сопрано партиялары кіші октаваның Сибемоль нотасына шейін айтатын болады.

Өте жоғары регистрде айтуға мысал ретінде Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы прологтың соңғы хоры болуы мүмкін. Мұнда сопрано партиясы үшінші октаваның До нотасына шейін айтатын болады.

Сопрано партияларына кіретіндер:

Колоратуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары регистрі (дыбыстары) өте жетілген болады, ал дыбыстарды үшінші октаваның До нотасынан да жоғары дыбыс ноталарын ала беретін болады.

Колоратуралық сопранода төменгі дыбыстардың жаттығуы нашарлау болады. Бұл колоратуралық сопраноның дыбыс бояуы ерекше және өте жіңішке болғандықтан, колоратуралық сопраноның дауыстары жоғары сопрано партияларын атқаруға жарамайды, өйткені коларатуралық сопраноның дауыстары хордағы басқа сопрано партияларының дауыстарымен үйлесіп кете алмайды.

Лирико-коларатуралық сопрано, бұл дауыстардың жоғары дыбыстары жетілген болады, ал үн шығу сыйпаты колоратуралық сопраноға ұқсас; бұл лирико-колоратуралық сопрано хорға қосылып айтуға жарамды.

Лирикалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары және хорда орта дыбыстары өте жақсы жетілген болады, хор партияларына өте лайықты, ал дивизияларға бөлгенде бұл лирикалық сопрано бірінші дауысты орындайтын болады.

Лирико-драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте күшті және жетілген, ал орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары недәуір күшті болады, дауыстары хорға өте қажет.

Драмалық сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары өте күшті, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары да күшті болып келеді, дауыстары хорға жарамды. Альт партиялары, скрипка кілтінде, кіші октаваның Фа Солъ ноталарынан, екінші октаваның Соль ноталары көмегінде жазылады. Ал, күнделікті қолданылатын орташа көлемі бірінші октаваның До нотасынан, екінші октаваның До нотасына шейін болады.

Альт партияларының өте төменгі регистерде айтуға мысал ретінде Римиский-Корсаковытың «Татар полондарының» хорын алуға болады. Мұндай альт партиясы кіші октаваның Соль нотасына шейін айтатын болады.

Өте жоғары регистрде айтуға мысал ретінде Глинканың «Руслан және Людмила» операсынан «мир и блаженство, чета молодая» атты хоры болады. Мұнда альт партиялары екінші октаваның Соль-бемоль нотасына шейін айтатын болады.

Альт партияларына кіретіндер: Меццо-сопрано, бұл дауыстың жоғары дыбыстары жетілген, орта дыбыстары жақсы, төменгі дыбыстары жеңіл алынатын болады. Дауыстар дивизияға бөлінгенде бұл меццо-сопрано бірінші альт партияларын орындауға лайықты.

Контральто, бұл дауыстардың төменгі дыбыстары өте күшті, ал жоғарғы дыбыстары біркелкі ауыр алынады. Дивизияға бөлінгенде бұл контральто дауыстары екінші альт партияларын орындауға лайықты.

Сұрақтары:



  1. Сопраноның түрлері атаңыз?

  2. Сопрананың диапазоны?

  3. Альт партиясына сипаттама беріңіз?

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Б.Жакеева Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы. 1998

    2. Әбеуова К. Хор жүргізу. Алматы. 1993

    3. Работа с хором. Соколов В. М. 1967


13,14 - тақырыптар: Диапазондық жаттығуларды меңгеру. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.

Жоспар:


  1. Диапазондық жаттығуларды меңгеру.

  2. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.

  3. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудегі 3 фаза.

Көп дауысты хор шығармаларын орындату кезінде оларды әрбір дауысты анық естуге, дыбыстарды үлгеріп айтуға және тыныс алуды қадағалауға назар аудару керектігін ескертіп отыру қажет. Көп дауысты шығармалар студенттердің ішкі есту қабілетін дамуына жағдай септігін тигізеді және де сауаттылыққа жауапкершілікке дағдыландырады.

Дирижер шығармалармен толық танысудан бастайды. Ауызша түсіндіргеннен кейін аспапта ойнап көрсетіп және әр партиямен жеке-жеке жұмыс жасау керек. Хорды екі бөлікке бөледі. Әр партияларынан жұмыс істеу сольфетжио мен басталады. Сольфетжиосы автоматты орындау тәсілмен көшкенге дейін шығарманың бастапқы уақытынан бастап, тыныс алу динамика фразеровка, ансамбль, строй тағы сол сияқты элементтерді жасап алу қажет. Сольфеджиомен айтқаннан кейін сөзімен үйрену кезеңімен жалғасады. Шығарманы сөзімен дайындау кезінде жоғары айтылған элементтермен қоса дикция, артекуляция, кульминация тағы сол сияқты элементтер қамтылады. Шығарманың көркемдік бейнесін ашу ең негізгілері болып саналады. Дирижер автордың айтайын деген ойын жеткізуге шығармалардың мазмұнын ашуына көп көңіл бөлуі қажет. Шығармалардың қиын бөліктерімен жұмыс қосымша уақыт немесе жіктелу арқылы жасалады.

Жаңа материалмен жұмыс жасау күрделі, көп сатылы үрдіс болып табылады. Оны 3 кезеңге бөліп қарастырамыз: техникалық, көркемдік және қорытынды кезең. Әрқайсыларының өзіндік мақсат­‑міндеттері, спецификалық ерекшеліктері бар.

1) Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш фазаны біріктіреді. Оның ең алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол дегеніміз берілген шығарманы бірнеше бөлімдерге жіктей отырып, әрбір партиямен жекелей және тұтас хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту жасайды: “Бір партиямен ұзақ уақыт бойы жұмыс жасау дұрыс емес, өйткені қалған партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан да дирижер бір қысқа үзіндіні бір партиямен жаттаған соң, бірден екінші партиямен қосып, осылайша хордың белсенді іс‑әрекетін қамтамасыз етуі қажет”,‑ дейді.

Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына дейін, барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға алдын­‑ала орындап беру қажет‑ деген көзқарас баршылығында қалыптасып кеткен. Бірақ П.Г.Чесноков бұл пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа шығармаен алдын‑ала танысуы нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып кетуі мүмкін. Бұны театрдағы жаңа спектаклмен салыстыруға болады, яғни көрермендерді спектаклде қызықтыратыны‑ сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша белгілі бір кульминацияға жетуі. Ал сюжетті алдын‑ала біліп барсақ, қызығы да болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне жаңа шығармамен таныстыру­‑ үлкен қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.

Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке‑жеке бөлшектерді құрастыра отырып, үлкен бір затты жасау. Ал біздің жағдайда, жеке хор элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты да осы болып табылады.

Екінші фазаның мақсаты‑ стройды қалыптастыру. Сондықтан да хор жетекшісі ең алдымен строй жөнінде жалпы мағлұмат береді, оның хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.

Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:

‑ жоғарылату белгісі;

­ ‑ төмендету белгісі;

­‑ дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;

­‑минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)

Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, алдына іліп қою өте тиімді және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің тиімділігін арттыру үшін шартты белгілерінің мән­‑мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.

Стройға байланысты хор жетекшісі мынадай маңызды жайтты ұғындыру қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату дегеніміз дыбысты күшейту, қатайту емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту деген сөз емес./17/

Сонымен қатар строймен жұмыс жасаудың бастапқы кезінде музыкалық шығарманы пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет. Мақсаты: бірін­‑бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда строймен жұмыс жасау үрдісіне қойылатын басты талап‑ аспапты қолданбау. Өйткені табиғи стройды аспапқа ғана тән темперированный стройымен сәйкестендіріп, салыстыруға, теңестіруге болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда да ол шектеулі дәрежеде қолданылуы қажет. Өйткені аспап хорды жетектеуші емес, керісінше толықтырушы, көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.

Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды көздейді. Бұл кезеңнің алғашқы сатысында нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы мағлұмат берілуі қажет. Содан кейін хор жетекшісі қарастырып жүрген шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән‑мағынасын түсіндіруі тиіс. Осы кезеңде П.Г.Чесноков қарама‑қайшылық принципін қолдануды ұсынады, яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге орындау. Бұндай ауысым бір‑біріне қарама‑қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені пиано мен форте арасындағы жер мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.

Сөйтіп ансамблді құру үрдісі хор жетекшісінен кәсіби білім мен ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы білік‑дағдыларды, әдіс‑тәсілдерді меңгеруін, шығармашылық жұмыстың жүйелі, бірізді, нәтижелі өтуін талап етеді.

Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар студенттер тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі шығармалар студенттер бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.

Сұрақтары:


  1. Диапазон ұғымы нені білдіреді?

  2. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудің 3 фазасына түсініктеме бер.

  3. Шығармадағы қиын фразалармен жұмыс істеудің әдістері жайында мағлұмат беріңіз?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997


15 - тақырып: Партиялардың интонациясымен жұмыс

Жоспар:


  1. Партиялардың интонациясына сипаттама.

  2. Партитурадағы ырғақтармен жұмыс.

  3. Шығарманың көркемдік бейнесін ашу.

Интонациялық ансамбль хордың жалпы және жеке стройына (үн құрылымына) тікелей байланысты. Сондықтан да хор жетекшісі оқушыларға екі бағытта әсер етеді: біріншісі­­‑ дыбыс биіктігін жоғарылату, екіншісі‑ дыбыс биіктігін төмендету. Осыған байланысты П.Г.Чесноков “Хор и управление” атты еңбегінде дыбысты басқарудың 4 тәсілін жүйелеп көрсетеді:

  1. жеке әнші үшін жоғарылату тәсілі;

  2. хор партиясына қатысты жоғарылату тәсілі;

  3. жеке әнші үшін төмендету тәсілі;

  4. хор партиясына қатысты төмендету тәсілі;

Егер де хор мүшелерінің бірі өзінің партиясымен дыбыс биіктігі жағынан үйлеспесе, яғни унисонды құрай алмай “интонация жағынан сәл төмендетсе”, дирижер сол қолымен “жоғарылату” белгісін қысқа етіп көрсетуі қажет. Осындай қол қимылының көрінісін П.Г.Чесноков былай суреттейді: хор жетекшісінің қол‑ қимылы “төмен” әндетіп тұрған әншіге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар бет‑әлпетімен қосымша белгі беру қажет, бұл: басты тұзу қалпында ұстап, қасты сәл ғана көтеру, не болмаса сол қолдың алақанын ашық ұстап, саусақтарды көмкеріп, қысым түсіре отырып, сәл ғана төмен бағыттау. Іс­‑тәжірибе кезінде бұл және басқа да тәсілдердің тиімділігін арттыру үшін хор жетекшісі әрқайсыларының мән­‑мағынасын оқушыларға түсіндіріп, дайындық кезеңдерінде жүйелі түрде қолданып жүруі тиіс.

Жеке әнші дыбыс биіктігін төмендете отырып, партия ішіндегі жеке стройды бұзса, тиісті дыбыс биіктігінен аутқыған тұтас бір партия бүкіл стройды бұзады. Бұл жағдайда, яғни тұтас бір партияға қатысты қолданылатын қол‑қимылдың сипаты жоғарыдағыдай болады. Тек көз қарастың сипаты өзгереді: сәл ғана қасты түйіп, стройды бұзған партияға қатал көз қараспен қарау. Осыдан басқа қолданылатын дирижерлық жест: сол қолды біртіндеп жоғарылатқаннан соң, оң қолды жоғары қарай бағыттау немесе сол қолға қысым түсіре отырып, сәл ғана төмен қарай бағыттау және басты еңкейту.

Хор партиялары ішінде және арасында стройды теңестіре отырып, интонациялық ансамблді реттеу мақсатында К.А.Ольхов өзінің “Вопросы теории дирижерской техники и обучения хоровых дирижеров” еңбегінде төмендегі тәсілдерді ұсынады:

1) қол білезігін көтеру арқылы сұқ саусағымен ескерту белгісін көрсету, мақсаты: интонация жағынан дұрыс орындалмаған дыбысты немесе дыбыстардың гармониялық тізбегін, яғни аккордты интонациялауға қатысты жоғарылату;

2) дирижердың сұқ саусағы төмен қарай бағытталса, ол қате орындалған дыбыс пен аккордты интонациялау жағынан төмендетуді білдіреді./37/

В.Р.Соколов өз кезегінде стройды басқару мақсатында төмендегі ережелердің орындалуын талап етеді:

1) дирижер хор әндеткенде фальштік, яғни интонациялау жағынан бұрыс дыбысталуын болдырмау қажет. Интонациялық ансамблге қатысты аутқуларды хор жетекшісі жедел аңықтап, оқушылар қауымына ескерту жасай отырып, түсіндіру қажет. Өйткені “фальш” хордың көркем дыбысталуын бірден‑бір бұзушы фактор.

2) хор шығармасымен жұмыс жасау кезінде хор жетекшісі интонация жағынан әндетуге қиындық келтіретін жерлерді алдын‑ ала өз үшін белгілеп, сол бөлімдерімен жеке жұмыс жасауы қажет. Мысалы, дауыс қыздырған кезде шығармада кездесетін интервалдық секірістерге байланысты алдын‑ ала арнайы жаттығулар жасату.

3) строй және интонациялау жағынан қарастырғанда шығарманың аса қиын, қауіпті бөлімдерінде дирижер арнайы қол‑ қимыл арқылы оқушыларға белгі бере отырып, қателіктің алдын алады. Атап айтқанда, интонация жағынан жоғарылату белгісін көрсету үшін тура созылған қол білезікті төменнен жоғары қарай асықпай көтеру қажет, ал интонация жағынан төмендетуді талап ететін белгіні сол қолымыз арқылы жоғарыдан‑ төмен бағытты біртіндеп көрсету арқылы жүзеге асырылады. Дыбыстың тұрақтылығын көрсету үшін алдыға қарай созылған қолды көлдеңен сызығы байынша баяу және күш түсіре отырып, біртіндеп жылжыту қажет.

5) дирижер шығарма ішіндегі аккордтардың құрылымын, өзара байланыс заңдылықтарын, үйлесімділігін жете зерттеп, іс­‑ тәжірибеде шығарманың дұрыс орындалуын реттеп басқару үшін тиісті жест түрлерін таңдай алу қажет.

Сұрақтары:


  1. Интонациялық тазалық дегеніміз не?

  2. Дыбыс қатары(строй) мен интонациялық дыбысталудың байланысы жайлы әңгімеле.

  3. Хорда дирижердың интонациясымен жұмысы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988

  2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993

  3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет