нормативтіік – материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген.
кезеңді – жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады.
Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.
2. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.
Өнімді өткізуден түсетін табыс
Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар.
Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады. Баланстық пайда үш элементтен тұрады: