Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Тәрбие әдістерін топтап бөлу (классификациялау)



бет137/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

13.2. Тәрбие әдістерін топтап бөлу (классификациялау).

Педагогикалық әдебиеттерде, тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу(классификациялау) қажет.

«Классификациялау» ұғымы тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу деген мағынаны білдіреді. Әр әдістің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді қор жинақталған. Тәрбие әдісін классификациялау не үшін қажет? Ол тәрбие әдісін:

– жалпы және жеке;

– негізгі және кездейсоқ;

– теориялық және практикалық ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;

– мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;


  • әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір– бірімен байланысын айқындай түседі.

Бұл жағдай мұғалімнің өз тарапынан ғылыми ойлауын тереңдетіп, оның педагогикалық шығармашылық еңбек етуіне септігін тигізеді.

Бүгінде тәрбиенің әрбір әдісі оқу – тәрбие жұмыстарында, қоғамның даму жағдайында қызмет ала ма? қоғамдық сананы оята ала ма?

Тәрбие әдісінің теориясы осы мәселелерге жауап беруі тиіс.

Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Жіктеуге сүйене отырып, мұғалімдер әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

– жеке тұлға іс – әрекет нәтижесінде дамып қалыптасады.

– оқушыларды тәрбиелеу процесі – өте күрделі іс – әрекет, оның негізі – өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз – өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек – талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

– жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез – құлыққа негізделген, мотивті – мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі.

Педагогика ғылымын зерттеушілердіңғ еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше клссификацияланады.

Ғалым педагогтар Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау, жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырды. Ал Т.И.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез– құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырды.

Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады:

Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеялы ).

Екінші топ – іс – әрекетті ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез– құлықты қалыптастыру әдістері.

Үшінші топ – іс – әрекет пен мінез– құлықты ынталандыру әдістері.

Төртінші топ – мінез – құлық, іс – әрекетте бақылау жасау, өзін – өзі ұйымдастыру және өзін – өзі баға беру әдістері.

Г.И.Щукина өзінің «Мектеп педагогикасы» оқулығында тәрбие әдістерін классификациялауда қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды.

Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенменде қалыптасқан тәжірибе бойынша, әдістерді негізінен 4 топқа жіктейміз.

Г.И. Щукинаның «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін былай топтастырады:

І-топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері;

ІІ-топ. Қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру, іс – әрекетін ұйымдастыру;

ІІІ-топ. Мінез – құлық пен іс – әрекетті ынталандыру әдістері.

IV-топ. Мінез – құлық пен іс – әрекетке бақылау жасау, өзін – өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне – өзі баға беру әдістері.

Бұл тәрбие әдістері төмендегі слайдта көрсетілген (слайд 4).

Слайд 4 – «Тәрбие әдістері»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет