Педагогиканың мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйесін зерттеу арқылы оның мазмұнын, формаларын,технологиясын т.б жаңғыртуға және дамытуға байланысты ұсыныстар жасау.
Педагогиканың мақсаты – заман талаптарына сай адам қалыптастыру болса, оның өзі білім беру,оқыту және тәрбие мақсатынан құралады.
Білім берудің мақсаты – адамның іс– әрекеті мен мінез – құлқын қалыптастырудың объективті және субьективті тұстарын айқындау, заман талаптарына сәйкестендіру.
Оқытудың мақсаты – білім алу барысында оқушылар меңгеруі тиіс соңғы және аралық танымдық, эмоционалды құндылық және психомоторлық нәтижелердің нақты, қажетті деңгейлеріне қол жеткізу.
Тәрбиенің мақсаты – қоғам талаптарына сай белгі бір типтегі тұлға туралы теория ретінде оның қасиеттеріне,сапалары мен ақыл – ойына, денсаулығына, мінез–құлқына және эстетикалық дамуына, өмірде болған мәмілесіне қойылатын мұрат–талаптарын қанағаттандыру. Педагогиканың жалпы мақсатынан оның міндеттері келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |