Негізгі әдебиеттер
1. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері / Оқу құралы. – Алматы, 2002.
2.Холодов Ж.,Кузнецов В.Теория и методика физического воспитания и спорта.-М.,2002,-478с
3.Уаңбаев Е. Уаңбаева Ф. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. - Өскемен, 2009.
Қосымша әдебиеттер
1.Ашмарин Б. Теория и методика физического воспитания.-М.,1990,-234с.
2.Матвеев Л. Теория и методика физической и културы.-М,.1991-,336с
3.Уаңбаев Е. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен әдістемесі /Оқу құралы. -
Өскемен, 2010
3– дәріс
Мұғалімнің сабақ өткізуге дайындалуы
Лекция барысы
Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-әрекеттер арқылы орындалады:
Сабақтың міндетін анықтау. Дене тәрбиесі әдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу деп үш топқа бөлінеді:
білім беру міндетінің мақсаты – оқушыларға білім беру, жатығуларды ептілікпен, дағдымен орындауға, оларды өмірде қолдана білуге үйрету;
сауықтыру міндеттерінің мақсаты – дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде оқушы ағзасына сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау;
тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – оқушылардың адамгершілік және жігерлілік қасиеттеріне дене тәрбиесіне дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен әсер ету.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып әр сабаққа жеке міндеттер қойылады. Ол міндеттер сабақ өткізілетін кездегі тоқсандық жоспар кестеге, спорт түріне байланысты алынады. Сабақ қызықты, тартымды болуы үшін құрастырылған түрде алынып, бір сабақ аясында жаттығу техникасын үйрету, өткен сабақтарда үйренген жаттығулар техникаларын жетілдіру, бір дене қуаты қасиетін дамыту сияқты міндеттер кешенді алынса дұрыс болады. Мысалы:
төмен сөреден жүгіру техникасын үйрету;
жүкіріп келіп ұзындыққа секіру техникасын жетілдіру;
дене қуаты қасиеті – жылдамдықты дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |