Қазақстан республикасының білім



бет41/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118
1-тапсырма. Адам өмірінің қуанышты, мәнді, мағыналы болу жолдары мен себебін тауып, дәптерге жазыңыздар.


2-тапсырма. Сіз кімге (неге) көмек көрсете аласыз? Айналаңызда көмекке мұқтаж адамдар немесе дүниелер бар ма? Оларға қандай көмек көрсете аласыз? Сыныптастарыңызбен талқылап, нақты жоспарын жасаңыздар.


3-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өнегелі өмірдің формуласын жасаңыздар.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: дұрыс мақсат, тұқым қуалаушылық, экономикалық ахуал, ішкі сенім, білім мен тәжірибе, мейірімділік, қайырымдылық, ақылдасу, адалдық, әр сәтті дұрыс пайдалану, дұрыс әрекет, кешірімділік, жақсы әдеттер, шектен шықпау, құмарлықтарға шек қоя білу, қиянат жасамау, сабырлылық, табандылық, еңбекқорлық, жасампаздық.



ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

61

*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ




4-тапсырма. Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Өмір мәні

– ізгілік» тақырыбына шағын қойылым дайындап, сахналаңыздар.





    • ақниет;




    • адалдық;




    • азаматтық;




    • бауырмалдық.

Әрбір адам өзіне, басқаларға ата-анасына, халқына, мектебіне, ұжымына, өз отбасына деген міндеттері мен борыштары туралы есінен шығармауы тиіс. Бұл міндеттер мен борыштарды әркім үлкен адамгершілікпен дұрыс, адал атқаруы маңызды. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қойып, дұрыс әрекет етіп, уақытты бағалай білуі басты шарт.


Осы тұрғыда Міржақып Дулатов «Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды» дейді.


Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет