«Автоматты басқару теориясы негіздері» пәнін оқып үйрену барысында, студент:
әртүрлі автоматты басқару және реттеу жүйелерінің жұмыс істеуінің негізгі принциптерін және оларды құрастырудың теориялық негіздерін, көліктік машиналардың және олардың агрегаттары мен жүйелерінің жұмыс істеу үрдістерін басқару, реттеу және бақылау автоматтық жүйелерінің негізгі режимдері туралы мағлұматы болуы, автоматтық басқару, реттеу және бақылау жүйелеріне анализ және синтез жүргізуді, әртүрлі автоматтық жүйелердің статикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтауды іске асыра алатын болуы, алған білімді дифференциалдық теңдеулердің коэффициенттерін тауып алудағы, АРЖ-ның орнықтылығын, тездігін және басқа қасиеттерін анықтауда, автомобиль және трактордың автоматтық жүйесін жасап шығару мәселелерін өз бетімен шешуде қолдана алуы, АРЖ-ның структуралық схемаларын түрлендіруге, оның эквивалентті беріліс функциясын анықтауға машықтануы, процестерді теориялық зерттеуде және олардың негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын әдістемелерді таңдап алуда білікті болуы керек.