58
Дилоксанида фуроат, пароммоицин, метронидзол, тинидазол, орнидазол, секнидазол,
дигидроэметин, тетрациклин және хлорохин комбинациясы.
Алдын алу шаралары.
Эпидемиологиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және
алдын алу шаралары инвазияның берілу механизмін үзуге бағытталған. Олар оңашалауды,
науқастарды химиялық препараттармен емдеуді және дені сау циста тасымалдаушыларды
сауықтыруды: қоршаған орта объектілерін қорғау және тазарту жөніндегі күрделі
шараларды (су қоймалары, топырақ, тағамдық объектілер және т.б.), халық арасында
қоғамдық, жеке бас тазалығын сақтау туралы үнемі санитарлық-гигиеналық ағарту
жұмысын жүргізуді қамтиды. Бүкіл керекті шаралар тізімі жедел ішек инфекциялары
кезіндегідей және олар қазіргі Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес өткізіледі.
БАЛАНТИДИАЗ
Синонимі «инфузориялы дизентерия».
Балантидиаз – Balantidia coli қоздыратын, жаралы колитпен, улану
симптомдарымен сипатталатын зоонозды протозойлы ауру.
Этиологиясы.
қоздырғышы Balantidia тұқымдастығына, Ciliata класына (кірпікті
инфузориялар), Protozoa (қарапайымдар) типіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: