82
бірақ мойын тері асты клетчаткасының ісінуі болмайды. Аурудың басты белгілері 6-10
тәулік бойы сақталады.
Жұтқыншақ дифтериясының токсикалық түрі ауыр ағымымен сипатталады. Ауру
жедел басталады, айқын интоксикация белгілері дамиды: жоғарғы дене қызуы (39,5-
41,0
С), бас ауыруы, ұйқышылдық, апатия, адинамия, терінің бозаруы, ауыздың құрғауы.
Жұтыну кезіндегі тамақтың ауыруы алғашқы 3 күнде айқын болуы мүмкін, ауыз
жұтқыншақтың айқын гиперемиясы, аурудың 2-3-ші күнінен бастап цианоз
көріністерімен сипатталады, фибринозды қалың қабыршақ «+тін» сипатында бадамша
бездерді, доғаларды, тілішкті, жұтқыншақтың артқы жағын қамтиды. Тонзиллярлы лимфа
түйіндер орташа деңгейде ұлғайған, ауру сезімімен сипатталады. Ісік көмекей безінен
жұмсақ және қатты таңдайға таралып, жиірек мұрын жұтқыншағының ұлпаларына
жайылуымен сипатталады. Мұрыннан тыныс алу қиындап, науқас ауызбен дем алуға
мәжбүр болады. Науқастың дауысы мыңқылдап шығады. Жұтқыншақтың токсикалық
дифтериясының классикалық белгісі болып мойын тері асты клетчаткасының ісінуі
табылады. Нәтижесінде мойын қысқа әрі жуан болып көрінеді.
I дәрежедегі токсикалық дифтерия кезінде ісік мойынға дейін таралады;
II дәрежеде - бұғанаға дейін;
III дәрежеде - кеуде клеткасына дейін жетеді.
Аурудың бұл түрі вакцинация қабылдамаған балаларда және ересектерде жиі
дамиды, аурудың нәтижесі серотерпаияның басталу мерзіміне және адекваттылығына
байланысты.
Көмей дифтериясы.
Ол дене қызуының аздап көтерілуі, науқас халінің аздап
нашарлауы, тыныс алу жолдарының зақымдануымен сипатталады, және алғашқы 2 тәулік
бойы қақырықты жөтел және дауыстың өзгеруі (катаральды кезең) байқалады.
Науқастардың жартысында дауыстың жоғалуы білініп, дыбыссыз тұншыққан жөтел
басталып, тыныс алу қиындайды (стеноз кезеңі). Бұл кезең бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке
дейін жалғасады, кейін асфиксия алды және асфиксия кезеңдеріне өтеді. Асфиксия кезеңі
қозу, терлеу, цианоз, тыныс алудың баяулауы, ұйқышылдық, тахикардия және
аритмиямен сипатталып науқастың өлімімен аяқталады. Сондықтан, асфиксия алды
кезеңінде шұғыл жәрдем ретінде интубация немесе трахеостомия жасау керек. Аурудың
бұл түрімен кіші жастағы балалар ауырады.
Мұрын дифтериясы.
Бұл кезде науқастың дене қызуы қалыпты немесе аздап қана
көтеріледі. Алғашында мұрын жолдарының тек біреуі ғана зақымға ұшырайды. Мұрыннан
серозды, шырышты, қан араласқан сұйықтық бөлінеді. Одан кейін 2-ші мұрын жолдары
зақымданады. Мұрын жапсарларында эрозиялар, қабыршақтану байқалады. Жабындылар
мұрынның төменгі бөлігінде, қоршауында орналасып, синустарға жайылуы мүмкін.
Мұрынның токсикалық дифтериясында жақтың тері асты клетчаткалары мен
мойында ісіну байқалады.
Көз дифтериясы
. Аурудың катаральды түрі көз қабағының ісінуі және орташа қан
кернеуімен сипатталады, сондай-ақ көзден ұйыма-ірің ағады. Қабақтың ісігі тығыз
болғандықтан, науқастың көзі ашылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: