Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі оңтүстік Қазақстан Мемелекеттік Фармацептика Академиясы Қазақстан тарихы және қоғамдық-әлеуметтік пәндер кафедрасы
I Бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері 1.2 Бөлімше. «Ұлы Дала» өркениеті
Тақырып 1.2.2
Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті
Жоспар
1.Ұлы Даладағы ертедегі көшпелілер.
2. Сақтар туралы деректер.
3. Сақтардың әлеуметтік ұйымы.
4. Сарматтар.
5. Ұлы Даланың шығыс аймағындағы малшылар мәдениеті.
Үлы Даладағы ертедегі көшпелілер.
Андрондык мәдениет түрінің орнына сақ-скиф деп аталатын мәдени-тарихи қауым келді.
Ежелгі гректер скифтерді ертедегі кешпелілер деп атаған. Бұл атау Батыс ғылымында қолданысқа енді, мәдени сипаты, шаруашылық түрлері, карулары, жерлеу салттары мен сыртқы түрлерінің үқсастығына, өнердегі сәйкестіктеріне байланысты кейін барлық көшпелі осылай аталып кетті.
Алайда ертедегі гректер, парсылар мен қытайлар Далада әртүрлі тайпалар өмір сүретінін жаксы білді. Олардың сол кездегі нақты атауларын бізге жеткізді.
Сондықтан қазіргі замандағы Қазақстан ғылымында бұл дәуірді Ұлы Даланың ортаазиялық бөлігінде мекендеген тайпаның атауымен - сақ немесе сақ-сармат кезеңі деп атайды.