15-16. Алкоголь суррогаттарымен, дәрі- дәрмектермен жедел уланулар кезіндегі диагностика және шұғыл терапия. Диагностика. Шұғыл көмек.. Науқасты жүргізу тактикасы. Госпитализацияға көрсеткіш Улану Улану (интоксикация)- тірі ағза мен удың өзара әсер ету салдарынан дамитын патологиялық жағдай. Улануды себебі бойынша және оның пайда болу орнына байланысты жіктейді: кенеттен; қасақана(әдейі) (суицидалді, қылмысты, алкоголь қолдану мақсатымен, наркотикалық заттардың әсер ету мақсатымен); өндірістік; тұрмыстық. Ауырлық дәрежесі бойынша ажыратады: жеңіл; орташа ауырлықта; ауыр; өте ауыр; өлімге әкелетін.