Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


ДЗ синаптикалық өткізгіштікке әсері



бет44/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДЗ синаптикалық өткізгіштікке әсері


Кейбір ДЗ арнайы рецепторларды ықпалдандыра немесе тежей отырып, қозудың әр түрлі кезеңдеріне әсер етеді. Мұндай өзара әсерлесу түрі, егер бір медиаторға әсер ететін екі ДЗ қосарлап қолданғанда байқалады. Мысалы: резерпин мен МАО ингибиторларының өзара әсерлесуі. Резерпин везикулаларда норадреналиннің қорын азайтады, ал МАО ингибиторлары керісінше катехоламиндердің деңгейін жоғарылатады.

ДЗ эффектілерінің өзара әсерлесуі


Әсер ету механизмдері әр түрлі ДЗ өзара әсерлесуі клиникалық эффектінің айқындылығын өзгертуі мүмкін. Мысалы: кальций антагонистері мен ангиотензин айналдырушы ферменттің (ААФ) ингибиторларын бірге қолданғанда тамыр тонусын реттейтін әр түрлі механизмдерге әсер ету арқылы гипотензивті эффект күшейеді (синергизм).

Әсер ету механизмі әр түрлі екі немесе одан да көп ДЗ қолданғанда терапевтік эффект төмендеуі де мүмкін. Мысалы: СЕҚҚДЗ (НПВС) тамыр қабырғасындағы тамыр кеңейткіш простагландиндер синтезін тежеу арқылы, ААФ ингибиторларының гипотензивті әсерін төмендетеді. Бактериостатикалық және бактериоцидті антибиотиктерді қосарлап қолдану, бактерицидті әсердің төмендеуіне әкеледі.

Көп жағдайда ДЗ фармакодинамикалық өзара әсерлесуі жағымсыз әсерлердің дамуына әкеледі (кесте 15).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет