Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ



бет36/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ


Бір мезгілде екі немесе одан көп препараттарды бірге қолданғанда, әсер олардың әрқайсысын жеке қолданғандағы әсерден өзгеше болса, мұндай құбылысты ДЗ өзара әсерлесуі деп атайды.

ДЗ өзара әсерлесуі төменде аталған құбылыстарға әкеледі:



  • препараттың бірінің әсерінің төменедуі, не болмаса толық жойылуы – бұл құбылыс антагонизм деп аталады.

  • ДЗ қосарлап қолданғанда бір бағытты әсер көрсетіп, эффект күшейсе синергизм деп аталады.

Бір бағыттағы әсер етудің нәтижелері:

  • егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасына тең болса (АБ=А+Б) – суммация деп аталады.

  • егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан артық болса (АБ>А+Б) – потенцирлеу деп аталады.

  • егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан кем, ал әрқайсысының әсерінен артық болса (АБ<А>Б) – аддитивті әсер деп аталады.

Суммация мен потенцирлеуде препараттардың тек терапевтік әсері ғана емес, сонымен қоса, жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғарлайды.

ДЗ өзара әсерлесу түрлері:



  • фармацевтикалық өзара әсерлесулер;

  • фармакокинетикалық өзара әсерлесулер;

  • фармакодинамикалық өзара әсерлесулер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет