ДЗ фармацевтикалық өзара әсерлесуі
ДЗ ағзаға енгізгенге дейінгі байқалатын әсерлесу түрін фармацевтикалық өзара әсерлесу деп атайды. Бұл әсерлесу түрінің негізінде ДЗ бір–бірімен физико–химиялық реакцияларға түсуі жатыр. Оның нәтижесінде ерімейтін қосылыстардың түзілуі, түсінің, иісінің өзгеруі, ДЗ фармацевтикалық қасиеттері өзгеруі мүмкін. Мысалы: сілтілі ортада жүрек гликозидтері ыдрауға ұшырайды, нәтижесінде оның белсенділігі төмендейді. Әлсіз қышқыл болып табылатын ДЗ негіз ретінде қышқыл ерітінділерді қолдануға болмайды, өйткені олар тұнбаға түседі (кесте 11).
Достарыңызбен бөлісу: |