Кесте 11. Инфузияға арналған ерітінділер мен ДЗ өзара әсерлесуі салдарынан туындаған құбылыстар
ДЗ
|
Инфузияға арналған ерітінді немесе ДЗ
|
Нәтижесі
|
Тиопентал
|
Суксаметоний
|
Тұнбаның түзілуі
|
Диазепам
|
Инфузияға арналған ерітінді
|
Тұнбаның түзілуі
|
Фенитоин
|
Инфузияға арналған ерітінді
|
Тұнбаның түзілуі
|
Инсулин
|
Протамин
|
Инсулин белсенділігінің төмендеуі
|
Гепарин
|
Гидрокортизон
Тетрациклиндер
Аминогликозидтер
|
Гепариннің инактивациясы
Тұнбаның түзілуі
Тұнбаның түзілуі
|
Канамицин
|
Гидрокортизон
|
Канамициннің инактивациясы
|
Пенициллиндер
|
Гидрокортизон
Тетрациклиндер
Гентамицин
|
Пенициллиннің инактивациясы
Тұнбаның түзілуі
Гентамициннің инактивациясы
|
Карбенициллин
|
Канамицин
Гентамицин
|
Карбенициллиннің инактивациясы
Гентамициннің инактивациясы
|
Тетрациклиндер
|
Пенициллиндер
Сульфаниламидтер
Гидрокортизон
Кальций тұздары
Цефалоспорин
Натрий гидрокарбонаты
|
Тұнбаның түзілуі
Тұнбаның түзілуі
Тұнбаның түзілуі
Хелаттардың түзілуі
Тұнбаның түзілуі
Тұнбаның түзілуі
|
Коргликон
|
Лазикс
|
Тұнбаның түзілуі
|
Новокаинамид
|
Лазикс
|
Тұнбаның түзілуі
|
Тиамина бромид
|
Лазикс
|
Тұнбаның түзілуі
|
Цианкобаламин
|
Аскорбин қышқылы
Никотин қышқылы
Фолий қышқылы
Пиридоксин
Рибофлавин
Тиамин
|
Витаминдердің ыдрауы
|
Эуфиллин
|
Дибазол
|
Нашар еритін қосылыстардың түзілуі
|
ДЗ фармакокинетикалық өзара әсерлесуі
Фармакокинетикалық өзара әсерлесулер дегеніміз –сіңірілу, тасмалдану, биотрансформация және экскрециялану кезеңдерінде ДЗ бір–бірімен өзара әсерлесуі. Фармакокинетикалық өзара әсерлесу салдарынан сезімтал мүшелер мен тіндердегі рецепторларға әсер ету үшін қажетті препараттың концентрациясы өзгереді. Фармакокинетикалық өзара әсерлесу нәтижесінде ДЗ концентрациясы өзгереді, бұл мүшелер мен тіндердегі сезімтал рецепторларға спецификалы әсердің өзгеруіне әкеледі.
ДЗ сіңірілуін тежейтін және керісінше ықпалдандыратын препараттар бар. ДЗ сіңірілу жылдамдығы мен сіңірілу толықтығының клиникалық маңызы өте зор.
ДЗ сіңірілу жылдамдығы препараттың әсерін тез алу керек болған, жедел жағдайларда өте қажет. Созылмалы ауруларды емдеу кезінде сіңірілу жылдамдығының аса маңызы жоқ.
ДЗ сіңірілу толықтығының үлкен маңызы бар, өйткені, ол препараттың енгізілген мөлшері мен оның қандағы концентрациясы арасындағы қатынасына әсер етеді.
АІТ ДЗ сіңірілуі басқа препараттардың әсерінен өзгереді, егер олар:
онымен химиялық өзара әсерлесуге түссе;
асқазан мен ішектердің қышқылдығын өзгертсе;
АІТ астың жүру уақытына әсер етсе;
АІТ микрофлорасына әсер етсе.
Әсіресе, ДЗ сіңірілуі басқа препаратпен байланысып, соның салдарынан ерімейтін қосылысқа айналса бұзылады. Мысалы: тетрациклиндер екі және үш валентті иондармен (Са2+, Al3+, Fe3+, Mg2+)өзара әсерлескенде сіңірілмейтін комплекстер түзіледі (кесте 12).
Кесте 12. ДЗ химиялық өзара әсерлесуі
1-ші препарат
|
2-ші препарат
|
Өзара әсерлесу нәтижесі
|
Тетрациклиндер
|
Темір препараттары
|
Аталған препараттардың сіңірілуінің нашарлауы
|
Кальций тұздары
|
Ерімейтін комплекстердің түзілуі
|
Құрамында альюминий және магний бар антацидті препараттар
|
Антибиотиктер сіңірілуінің нашарлауы
|
Н2-гистаминоблокаторлар
|
Антацидті ДЗ
|
Н2-гистаминоблокаторлардың сіңірілуінің нашарлауы
|
Триметоприм
Клиндамицин
Цефалексин
Тетрациклин
Тироксин
|
Холестирамин
|
1-ші бағанадағы препараттардың сіңірілуінің нашарлауы
|
Метациклин мен доксициклиннің сіңірілуі темір препараттарының әсерінен төмендейді. Холестирамин триметоприм, клиндамицин, цефалексин, тетрациклин, тироксиннің сіңірілуін төмендетеді.
Асқазан мен ішектердің қышқылдығының жоғарлауы немесе төмендеуі ДЗ молекуласының ионизациясының және олардың липидтерде еру қабілетінің өзгеруіне әкеледі, оның салдарынан олардың сіңірілуі де өзгереді. Ішек қабырғасындағы липидті мембраналар арқылы иондалмаған, майда жақсы еритін заттар жақсы өтеді. Мысалы: антацидтер асқазан рН ортасын жоғарлатып, қышқылды ДЗ ионизациялану дәрежесін арттыра отырып, олардың липидтерде еруін төмендетіп, сіңірілу үрдісін баяулатады. Антацидтер тікелей емес антикоагулянттардың, кейбір сульфаниламидтердің нитрофурантоиннің, салицилаттардың, фенилбутазонның сіңірілуін тежейді(кесте 13).
Кесте 13. Асқазанның қышқылдылығына әсер ететін ДЗ өзара әсерлесуі
1-ші препарат
|
2-ші препарат
|
Өзара әсерлесу нәтижесі
|
Антацидтер
Протон насосының ингибиторлары
Н2-гистаминоблокаторлар
|
Әлсіз қышқылдар
|
2-ші бағанадағы препараттардың сіңірілуінің нашарлауы
|
Әлсіз сілтілер
|
2-ші бағанадағы препараттардың сіңірілуінің нашарлауы
|
Адсорбенттер
|
Кетоконазол
Лансопразол
Левофлоксацин
Норфлоксацин
Офлоксацин
Ципрфлоксацин
Жүрек гликозидтері
Тетрациклиндер
Тироксин
Фенитоин
|
2-ші бағанадағы препараттардың сіңірілуінің нашарлауы
|
ДЗ сіңірілуіне АІТ моторикасын өзгертетін препараттар да әсер етеді. Мысалы: баяу және толық сіңірілмейтін препараттарды (дигоксин, тетрациклин) холиноблокаторлар, антихолиноэстеразды және іш жүргізетін препараттармен бір мезгілде қабылдаса.
Кей кезде препараттың терапевтік әсерінің дамуына, басқа препараттың әсерінен ішек микрофлорасының өзгеруі де маңызды болып табылады. Мысалы: микробтарға қарсы ДЗ «К» витаминінің ішек микроорганизмдерімен синтезделуін төмендетіп, пероральды антикоагулянттардың әсерін ықпалдандырады. ДЗ сіңірілуін парентеральды жолмен енгізілген басқа препараттар өзгертеді. Мысалы: анестезиологиямен хирургиялық тәжірибеде жергілікті анестетиктер мен тамыр тарылтқыш препараттарды (адреналин, норадреналинді) қосарлап қолданады. Олар жергілікті анестетиктердің сіңірілуін тежей отырып, анестезияның ұзақтығын арттырады.
ДЗ қосарлап қолданғандағы сіңірілу механизмдерінің бұзылыстарының себебін табу барлық жағдайда мүмкін бола бермейді. Мысалы: гризеофульвиннің әсерінен фенобарбитал сіңірілуінің төмендеуі, ацетилсалицил қышқылының әсерінен индометацин мен диклофенак абсорбциясының төмендеуі, ПАСК және изониазид әсерінен рифампицин абсорбциясының төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |