Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Таралу кезіндегі ДЗ өзара әсерлесуі



бет39/57
Дата12.09.2020
өлшемі0,76 Mb.
#78001
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Байланысты:
Жауғашева С.КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Таралу кезіндегі ДЗ өзара әсерлесуі


Ішке немесе парентералльды қабылданған ДЗ қанға түсіп, бүкіл ағзаға тарайды. ДЗ ағзада таралу дәрежесі мен жылдамдығы жүректің жиырылу күші мен тамыр тонусына тәуелді қан айналымға байланысты. Мысалы: жүрек – тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар (жүрек гликозидтері, диуретиктер, гипотензивті, тамыр тарылтқыш, аритмияға қарсы ДЗ) басқа ДЗ таралуына, олардың әсерінің қарқындылығы мен ұзақтығына әсер етеді.

Тіндер мен қан плазмасындағы белоктармен байланысу кезіндегі ДЗ өзара әсерлесуі


Кейбір ДЗ қанға түскеннен соң белоктармен қайтымды байланысады. Байланысқан түрде препарат белсенсіз және фармакологиялық әсер көрсетпейді. Мысалы: көптеген препараттар плазма белоктарымен 90-98% байланысады: фенилбутазон, индометацин, варфарин, сульфадиметоксин. ДЗ ішінде басқа препараттардың белоктармен байланысын жоғарылататын немесе төмендететіндері де бар. Егер науқас бір мезгілдк екі препаратты қабылдаса, екінші препараттың құрылымы қан плазмасындағы белоктарға ұқсас болса, бірінші препарат белокты комплекстан босап шығып, оның қандағы бос фракциясы көбейеді. Оның салдарынан препараттың терапевтік белсенділігі мен токсикалық қасиеті артады. Препараттың белоктармен байланысуының 98%-дан 96%-ға төмендеуі оның қан плазмасында бос түрінің екі есе жоғарылауына әкеліп соғады. ДЗ басқа препараттарды белоктардан ажырату қасиеті, олардың қан плазмасындағы белоктарға ұқсастық дәрежесі мен жоғары концентрациясына тәуелді. Мысалы: клофибрат, салицилаттар, фенилбутазон, индометацин, варфарин мен фенитоинді қан плазмасындағы белоктардан ажыратады. Сульфаниламидтер, дикумарол мен салицилаттар толбутамидпен метотрексаттың әсерін жоғарлатады (кесте 14).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет