Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы Жаңа және перспективті дәрілік өсімдіктер. Астерлер



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі3,83 Mb.
#13091
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы


Жаңа және перспективті дәрілік өсімдіктер. Астерлер

тұқымдасының Шағыртікен және Түйетікен туыстарының

дәрілік өсімдіктеріне жалпы сипаттама
(әдістемелік ұсыныстар)

Шымкент, 2006

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

«Келісілді» «Бекітемін»

ғылым және жаңа технология білім, ғылым және халықаралық

бөлімінің басшысы ынтымақтастық Департаментінің

_____________К.М.Иманбаев директоры

«_____» _______________ 2006 ж. ______________ Н.Хамзина

«_____» _______________ 2006 ж.

ЖАҢА ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВТІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР. АСТЕРЛЕР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ШАҒЫРТІКЕН ЖӘНЕ ТҮЙЕТІКЕН ТУЫСТАРЫНЫҢ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

(әдістемелік ұсыныстар)

АСТАНА 2006ж
2

Әдістемелік ұсыныстарды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының медициналық биология және фармакогнозия кафедрасында ізденуші К.К.Орынбасарова, фарм.ғ.д., профессор Б.Қ.Махатов пен фарм. ғ.к., доцент Ж.С.Тоқсанбаеваның басқаруымен орындалған

Рецензенттер: Өзбекстан республикасының денсаулық сақтау

Министрлігінің нашақорлыққа қарсы бақылаушы комитетінің

төрағасы, фарм. ғ.д., профессор И.К. Азизов

фармацевтикалық ғылымдарының кандидаты,

доцент М.С.Кадеева

Әдістемелік ұсыныстар медициналық жоғары оқу орындарының фармацевтикалық факультеті студенттері мен колледж оқушыларына және дәрілік өсімдік шикізатын жинаушылар мен дайындаушыларға арналған

3

М А З М Ұ Н Ы


Кіріспе 5

1.1 Астерлер тұқымдасының сипаттамасы 6

1.2 Шағыртікен және түйетікен туыстарының ботаникалық

сипаттамасы және таралу ареалы 8

1.3 Тікенді шағыртікен мен бұйра түйетікеннің анатомо-

морфологиялық құрылысы

1.3.1 Тікенді шағыртікен - Onopordon acanthium L.

Шикізаттың сыртқы белгілері. Микроскопия 15

1.3.2 Бұйра түйетікен - Carduus crispus L.

Шикізаттың сыртқы белгілері. Микроскопия 17

1.4 Тікенді шағыртікен және бұйра түйетікен

өсімдіктерінің химиялық құрамы 19

1.5 Шағыртікеннің және түйетікеннің фармакологиялық

қасиеттері 20

1.6 Шағыртікенді және түйетікенді ресми және

халық медицинасында қолдануы 21

1.7 Дәрілік өсімдік шикізаттарды алдын ала өңдеу және дайындауы 24

1.8 Қорғау шаралары мен тиімді пайдалану 24

1.9 Сақталуы 25

Әдебиеттер тізімі 26

4

К І Р І П Е
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың ең маңызды тапсырмаларының бірі халықты жаңа, эффективті, зиянсыз, әрі арзан дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.

Химиялық қосылыстарды синтездеу жолымен алынатын препараттардың жақсы әсер ететінін және олардың кең спектрлі әсері бар екендігі белгілі. Бірақ соңғы кездегі түрлі тәжірибелерден көріп отырғанымыздай адам ағзасының табиғатына жат нәрсе болғандықтан олар адам ағзасында түрлі аллергиялық, концерогендік және басқа жанама реакциялар туғызып отырады.

Сондықтан да қазіргі заманғы медицинада дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрі дәрмектерді қолдану кең жолға қойылып отыр.

ТМД елдерінің фармацевтикалық өндірістерінің өз ара экономикалық байланысының үзілуі мен Республикадағы нарықтық қиыншылықтар өзіміздің фармацевтикалық өндірістің кең дамуына мүмкіншілік бермейді, дәрілік заттардың жетіспеушілігін арттырады.

Қазіргі кезде Республикада барлық пайдаланып отырған дәрілік препараттардың 5 % - ғана шығарылады.

Президенттің № 3621 20.08.1997 жылғы жарлығы бойынша фармацевтикалық және медициналық өндірісті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның негізгі тапсырмасы болып Қазақстандағы денсаулық сақтаудың шет елдік импортқа бағыныштылығын жоспарлы түрде төмендетуді өз еліміздегі шикізат ресурстарын пайдалану арқылы іске асыру тапсырылған. Фармацевтикалық өндірістің дамуындағы негізгі мәселе өсімдік және жануар тектес дәрі дәрмектер алу болып есептелуі керек.

Дәрілік заттардың қазіргі заманғы арсеналында өсімдіктерден алынатын дәрілік препараттар 30 % - 40% - ға дейін, ал кейбір топтарда 70% - ға дейін жетіп отыр ( әсіресе жүрек - қан тамырларының ауруында, несеп жолдарының, бауырдың патологиясында, іш жүргізетін және қақырық түсіргіш ретінде қолданылатын препараттар).

Қазақстанның флорасы және оның оңтүстік региондары өсімдіктерге өте бай және де дәрілік шикізаттардың көптеген түрлерінің таптырмас көзі болып есептеледі.Ондағы өсімдіктердің едәуір бөлігін Астерлер тұқымдасына (Asteraceаe) жататын өсімдіктер құрайды, олардың бізге белгілі 140 туысы мен 790 түрі тіршілік етеді. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің кейбір туыстарынан отандық медициналық тәжірибеде қатерлі ісіктердің профилактикасы мен оны емдеуде, жүрек - қан тамырлары мен асқорыту жүйелерінің ауруларында қолданылатын жоғары эффективті дәрмектер алуға болатындығын зерттеп анықталған.


5

1.1 Астерлер тұқымдасының сипаттамасы


Бұл тұқымдасқа жоғарғы гүлді формалардың үштен бірі немесе 1000 туысқа жататын 30 000 түрі кіреді, бұлар жер шарында өте кеңінен таралған. Қазақстан флорасында бұл өсімдіктердің 140 туысы мен шамамен 790 түрі кездеседі, ТМД елдерінде 224 туысы және 3500 – ге жуық түрі өседі. Бұл әлемдік флорадағы ең көп тұқымдасқа жататын өсімдік, бұлар жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктердің 10 % - ын құрайды.

Бұл тұқымдастардың өкілдері – бір жылдық, екі жылдық немесе көпжылдық шөптер мен жартылай бұталар, кейде бұталар, шырмауықтар, ағаштар, ал жапырақтары кезекті, кейде қарама – қарсы немесе шоқтанып тұрады, ал кейде сирек жағдайда тек тамыржапырақтары күлтешесіз болуы мүмкін. Диагностикалық белгілеріне түктілігін, аз және ұсақтүктілігін, киіз түктілігін немесе жұлдыз түктілігін алуға болады. Тұқымдары желмен, жануарлармен және басқа жолдармен көбеюге бейімді. Бір өсімдіктегі тұқымдарының саны әдетте өте көп болады. Астерлер тұқымдасының өсімдіктері жәндіктер арқылы, кейде желмен тозаңданады. Олар жынысты, апомиктикалық және вегетативті жолмен көбейеді. Вегетативті көбею қосалқы бүрлер, сабақ тамырлары, партикуляция, столондары және өрмелегіш өркендері арқылы болады.

Гүлдері ұсақ, жалпы гүл тұғырына жиналып гүл шоғыры – себеттен

тұрады, бұларын ұсақ тостағанша жапырақшалардан бір қатар түзіп немесе бірнеше қатар түзіп орналасатын сыртқы гүл орамы орап тұрады. Гүл себеттерінің формасын гүл орамдарынан анықтауға болады, олар шар тәрізді, жартылай шар тәрізді, цилиндр формалы, конус тәрізді, жұмыртқа тәрізді және жалпақ болуы да мүмкін. Гүл себеттерінің гүл аяқтары болады немесе олар отырмалы орналасады. Бір өсімдікте гүл себеті біреу болуы мүмкін, әдетте олар бірнеше немесе одан да көп болып күрделі гүл шоғырын (масақша, шашақты, сыпыртқы тәрізді, қалқанша) құрайды.

Астерлер тұқымдасының өсімдіктері эволюциялық жағынан біріккен өсімдіктер. Қазақстанның өсімдік жабынын құраудағы Астерлер тұқымдасының ролі ерекше. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер түрлі экологиялық және географиялық жағдайларда тіршілік етеді ( ксерофиттер, мезофиттер, психрофиттер, галофиттер, хазмофиттер, литофиттер, псамофиттер және басқалар).

Астерлер тұқымдасы өсімдіктері арасында тәжірибе жүзінде өте бай өсімдіктер көп. Бұл тұқымдастарда фенолды қосылыстар өте көп таралған. Бұлардың барлық түрлерінде флавоноидтар, оксикорич қышқылының туындылары, полисахаридтер кездеседі. Мұнда терпеноидтар мен эфир майлары да жиі кездеседі. Соңғы кездері фитоэкдизонды түрлер және иммунды-радиопротекторлық қасиеті бар заттар анықталған. Бұл тұқымдастарда алкалоидтар, ерекше лактондар, гликозидтер және басқа да көптеген қосылыстар кездеседі. Бұл тұқымдастардың кейбір өкілдерінің


6

көмірсулар қорларын инулин күйінде жинақтайтын қасиеті бар. Құрамында стафилококктың кейбір түрлеріне қарсы әсер ететін антибиотикалық заттары бар осы тұқымдастың өсімдіктері анықталған.

Бұл тұқымдастың өсімдіктерінің медико-биологиялық маңызы зор. Астерлер тұқымдасының көптеген өкілдері медициналық тәжірибеде түрлі аурулардың профилактикасы мен емдік мақсатта дәрі-дәрмектер алу үшін кеңінен қолданылады. Астерлер тұқымдасынан алынатын препараттардың жүрек-қан тамырлары ауруларында (кордигид, целанид), бауыр ауруларында (фламин,танацехол), олар қатерлі жаңа өскінді емдеуде жинақтар мен микстуралардың құрамына енген (М.Н.Здренко микстурасын дайындауға арналған №1,2 жинақтар), асқазан-ішек ауруларында (алантон,калефлон), ауыз қуысы мен тыныс алу жолдарының ауруларында (ротокан,ромазулан), тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларында (артрит,артроз, ревматизм,остехондроз) қолданылатын қасиеттері бар.

Астерлердің түрлерінің жем ретінде, әсел алу үшін, каучукты, инсектицидті қасиеттері халық шаруашылығының түрлі саласында қолданылады.


Шағыртікен туысы – Onopordon L.
Шағыртікен – Onopordon L. Compositae Zisere (Asteraceae) тұқымдасының өсімдігі, жер шарының көптеген бөліктерінде кең таралған, әсіресе Батыс Еуропада, Украинада, Кауказда, Иранда, ТМД көп бөліктерінде кездеседі. ТМД флорасында шағыртікеннің 10 түрі бар. Ал Қазақстанда оның 2 түрі ұшырасады, бұлар:

1. Кәдімгі шағыртікен немесе тікенді шағыртікен – Onopordon acanthium L.

2. Жұқа қабыршақты шағыртікен – Onopordon leptolepis DC.

Бұл өсімдіктер әдебиетте халық медицинасында қолданылатын өсімдіктер ретінде белгілі.


Түйетікен туысы – Carduus L.
Түйетікен – Carduus L. Compositae Zisere (Asteraceae) тұқымдасының өсімдігі, жер шарының көптеген бөліктеріне кең таралған, әсіресе Батыс Еуропада, Солтүстік Африкада, Кауказда, Иранда, ТМД көп бөліктерінде кездеседі. ТМД флорасында түйетікеннің 31 түрі бар. Ал Қазақстанда оның 8 түрі ұшырасады, бұлар:

1.Иілген түйетікен – Carduus nutans L.

2. Термер түйетікені - Carduus Thoermeri Weinm.

3. Бұйра түйетікен - Carduus crispus L.

4. Жіңішке бас түйетікен – Carduus stenocephalus Tamamsch.

5. Имек түйетікен – Carduus hamulosus Ehrh.

6. Имектеу түйетікен – Carduus uncinatus M.B.

7

7. Шишкин түйетікені– Carduus schischkinii Tamamsch.



8. Ұсақбасты түйетікен – Carduus pycnocephalus L.

Осы туыстың өсімдіктері препараттарының қолданылуы жөніндегі мәліметтерге қарағанда, дәрілік мақсатта жиі қолданылатындары Carduus nutans L.,Carduus Thoermeri Weinm.ал қалғандары сиректеу.



1.2 Шағыртікен және түйетікен туыстарының ботаникалық сипаттамасы және таралу ареалы
Онопордон, Шағыртікен туысы - Onopordon L. гүл себеттері гомогамды, гомохромды, гүл табандарының ұшында біреу немесе бірнешеден орналасқан, шар тәрізді, гүл орамдары черепица тәрізді, ұштары созылып барып үшкір тікенді болып біткен, жатыңқы немесе шалқайыңқы немесе жабыса орналасқан, жіңішке немесе кең болуы да мүмкін, етженді немесе ағаштанған, сырты түкті немесе жалаңаш болады, ал гүл табаны ұялы, ұяларының шеттері тісті болады, гүл тәжі жоғары жағынан беске бөлінген, күлгін, алқызыл, сарғыш немесе ақ түсті; аталықтарының жіптері сыртқы жағынан жалаңаш немесе аздаған түкшелері бар, тозаңқаптарының жоғарғы қосалқылары ұзынша тұмсыққа немесе бізге ұқсайды, ал төменгілері тұмсық тәрізді, қырқылған немесе түзу болып келеді, бағаналары ұзын, тұқымдарының ұзындығы ұзынша немесе кері жұмыртқа формалы, қабырғалы, көлденең әжімделген, түсі бурыл не сұрғылт, кейде дақты болады, жоғарғы ауданы бұдырылы, ал төменгісі тегіс немесе аздап қырқылған, айдарлары көп қатарлы түктерден тұрады, ал түктері түбі жағынан сақина құрайды, сақинасы түгелімен түсіп тұрады.

Екі жылдық, кейде көпжылдық, биік, өткір тікенді, кезектесе орналасқан ірі, тікенді, жасыл не түкті жапырақтары және кең-қанатты сабағы бар шөптер.

Тікенді шағыртікен (Onopordon acanthium L.) – биіктігі 30-200 см-ге дейін болатын, ұршықтанып тармақталған тамыры жақсы дамыған екі жылдық, өткір тікенді шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сабақтарының сырты торланып түктелген немесе жалаңаш, жоғары қарай қанат тәрізді көтерілген, қанаттары кең, ойықтанып, ал ұштары кең үшбұрышты салалы тікендермен және ірі, мықты, сары түсті тікендермен аяқталған. Жапырақтарының аумағы әртүрлі, төменгі жапырақтары ұзынша немесе кең жұмыртқаға ұқсап сағағына қарай жіңішкеріп біткен, ал ортаңғылары мен жоғарғылары жұмыртқа немесе жұмыртқақауырсын тәрізді. Барлық жапырақтары дерлік қауырсынды-салалы формалы, ал шеттері тісті болып, тістері өткір тікенмен біткен. Жапырақ тақталарын екі жағын сұрғылт-торланған түк басқан, төменгі жағы кейде жалаңаш жолақтанып торланып тұрады.

Гүл себеттері сабақтарының ұшында 2-3-тен, кейде біреуден орналасқан шар тәрізді домалақ шеңберінің диаметрі 3-5см болып келген. Гүл орамдары піспеген себеттерінде торлана біткен кейіннен жалаңаштанып көк жапырақшаларының күлтешелерінің шеттері кірпікшелі, жоғары ұшында сары тікендері болады. Гүл тәжі алқызыл. Тұқымдарының түсі сұрғылт-қоңыр,


8

сырттарында сиректеу түктері бар. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді, тамызда жеміс береді [сурет 1].

Тікенді шағыртікеннің Қазақстанда өсетін түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар. Мысалға, Тікенді шағыртікеннің жапырақтары екі жағынан жалаңаш не аздаған түктері торлана біткен, ал жұқа қабыршақты шағыртікеннің жапырақтары екі жағынан да қалың түктелген.

Жоғарыда келтіріліп отырған морфологиялық белгілері шағыртікеннің басқа түрлерінен зерттеліп отырған түрді ажыратуға мүмкіндік береді.

Тікенді шағыртікен – Onopordon acanthium L. Ресейдің еуропалық бөліктерінде, Украинада, Арменияда, Кауказда, Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Ол Оңтүстік және Орталық Еуропалық елдерде, Балканда, Турцияда, Иранда және Ауғаныстанда таралған.

Қазақстанда шағыртікен көптеген аймақтарда, әсіресе Оңтүстікті, Ертіс маңында өседі, Маңғыстау мен Мойынқұм құмдарында, Балқаш Алакөл бассейндерінде; Жоңғар, Іле, Кетмень, Күнгей, Теріскей Алатау, Шу-Іле тауларында, Қырғыз Алатауында, Қаратауда, батыс Тянь-Шаньда кездеседі .

Шағыртікен – арамшөпті өсімдікке жатады, ол таулы жерлерде, құмда, ашық жерлерде, құрғақта, жол жиегінде, үй маңында, фермалар маңында, қоқыста, сайларда, тау шатқалдарында, теңіз деңгейінен 2100м биіктікке қарай өрмелеп те өсе береді.

Жоғарыда келтірілгендерден мынадай қорытынды жасауға болады: Шағыртікен (сонымен бірге оның Тікенді шағыртікен түрі) Қазақстан Республикасының территориясында кеңінен таралған.

Түйетікен туысы – Carduus L. – гүл себеттері гомогамды гомохромды, аздаған (10-12) не көптеген (100), қос жынысты, гүлдерінің көбірек бөлігі жемісті гүлдер, гүл орамдары шар тәрізді, жұмыртқаға не цилиндр тәрізді черепицаға ұқсас қандауыр не ұзын-біз сияқты күлтелері жабыса не шалқая, ал кейде тізе сияқты майыса үшкір тұмсықтарымен орналасқан, ішкі күлте жапырақшаларының жоғары жартысы кейде боялған, көбінесе тікенсіз, пленкалы, тісті, барлық гүл орамдары жалаңаш не бірклеткалы тікеншелермен немесе ұзын торланған түктермен әр түрлі түктелген; гүл табаны жалпақ не аздап майысыңқы, үстін қалың ұзын тікеншелер басқан; гүл тәжі түтікше-бокал тәрізді, гүл тәжінің қалақшалары жіңішкеленген қандауыр, үстіңгі жағы иілген; аталығының жіпшелері түкті, тозаңқаптары тілшелер не қосалқылардан тұрады, аналығының қысқа жақын орналасқан қалақшалары бар, тұқымдарының ұзындығы 3-6 мм, ұзынша, жұмыртқа тәрізді, кері-тұмсықшалы, көбірек не аздап цилиндрге ұқсас, жалтыр, зәйтүн не күңгірт-қоңыр түстес, майша жылтырайды, сирек жінішке көлденең сызықтары орналасқан, қызғылт сарғыш, қызғылт, күлгін кейде ақ түсті не сарғыш гүл тәжі түскеннен кейін тұқымының бетінде нектарникке ұқсас бұдырмақ қалады; гүл шашақтары көп қатарлы тікеншелерден тұрады, олардың түбі сақина тәрізді бітісіп кеткен, тұқымнан оңай бөлінеді.
9

Бір, екіжылдық кейде көпжылдық өткір тікенді шөптер, жапырақтары кезектесе орналасқан, шеттері бүтін, қауырсын-салалы, қауырсын-бөліктен не бөлек жапырақтардан тұрады, олардың ұштары және шеттері тікенді болып келген.

Шағыртікеннің гүл шоғырынан алынған тұнбаның ағзаның сыртқы ортаның кейбір қолайсыз факторына (тұрақтылығын) төзімділігін жоғарылататынын эксперименттер дәлелдеп берді.

Бұйра түйетікен – Carduus crispus L.- Астерлер тұқымдасына жататын өсімдік. Бұл тамыры ұршық тәрізденіп орналасқан екі жылдық өсімдік, сабағының ұзындығы 60-200 см-ге дейін жетеді, сабағы тіктеніп жеке дараланып оның сыртын торлана түк басқан,жоғары ұшына қарай тармақталып бұталанып өскен, бұталары қабырғаланып жіңішке қанаттар тәрізді орналасқан, ал қанаттарының шеттері ойық тістеніп немесе өткір тікенді. Жапырақтарының ұзындықтары 4-11 см-ге дейін, төменгілерінің формалары жұмыртқа тәрізді, ойық қауырсынданып шеттері ойық тісшелерден тұрады, сағағына қарай жіңішкеріп біткен, ал қалған жапырақтары ұзын қауырсын қияқ тәрізді немесе қауырсын тәрізді салаланып, салалары ойық тіспен біткен, барлық жапырақтарының шеттерінде ұсақ майда жұмсақтау тікендері орналасқан, жапырақтарының астыңғы бетін сұрғылт не ақшыл түк басқан, гүл себеттері болса 2-5-тен сабақтары мен бұталарының ұшында отырмалы орналасқан немесе қысқа қанат тікенді гүл табандарына орналасқан, гүл орамдарының формасының шеңбері 1 см-ге дейін жұмыртқа тәрізді, гүлдерінен сәл қысқалау, гүл күлтешелері көп қатарлы түзу тікендерден тұрады, олардың жоғарғы ұштары қысқа тікенмен біткен, ал ішкі жапырақшаларының түсі ақшыл көкке боялған, ал ұштарында тікендері болмайды, гүл табандары жалпақ, сыртын қалың қылшықтар басқан. Барлық гүлдері қос жынысты, гүл тәжінің түсі күңгірт қызыл күрең, кейде ақ түсті, ұзындығы 12-16мм, гүл тәжінің түтігі жіңішке, доғасына тең немесе одан аздап қысқалау, доғасының бөліктері жіп тәрізді созылып біткен, аталық жіптері түкті, тозаңқаптарының қосалқылары бар, діңгегінің тармақтары қысқалау. Тұқымдарының ұзындығы 3-4 мм-ге дейін болады, формасы ұзынша,екі бүйірінен сығылыңқы келген, сыртқы бетінде жұқа ұзына бойына айғыздалған сызықтары бар, ал көлденеңінен әжім басқан, жалаңаш, ашық-бурыл түсті, түп жағынан сақинаға ұқсап көрінетін көп қатардан орналасқан тісті түктерден тұратын, төгіле орналасқан үлпілдектері бар. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді [сурет 2].

Бұйра түйетікенді оның басқа түрлерінен төмендегі белгілеріне қарап ажыратуға болады: оның сабақтары едәуір тармақталып,гүл орамдары жіңішке қияқ тәрізденіп,біртіндеп доға тәрізді жайылған немесе тік, ал тұқымдарының

ұзындығы 3-4мм.

Бұйра түйетікен – Carduus crispus L. Қазақстанның Семей, Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстарында, Ертісте, Каспиде, Батыс ұсақ шоқыларында, Ұлытауда, Іле Алатауында кездеседі.
10

Бұл өсімдік сонымен бірге Ресейдің еуропалық бөліктерінде, Кауказда, Орта Азияда, Тибетте, Иранда, Болгарияда, Солтүстік Америкада, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Алтайда таралған. Арам шөп ретінде егіс даласында, жол жиегінде, үй маңында, шалғындарда, өзен маңында өседі.



Тікенді шағыртікеннің және Бұйра түйетікеннің Қазақстанда таралу ареалын әдеби мәліметтерге және ҚР. ҒА. ботаника институтының гербариилерінің флористикалық катологтарының мәліметтеріне сүйене отырып зерттедік [сурет 3].

11













Сурет 1 - ТІКЕНДІ ШАҒЫРТІКЕН – ONOPORDON ACANTHIUM L.






12


Сурет 2 БҰЙРА ТҮЙЕТІКЕН – CARDUUS CRISPUS L.


13

Ескерту:  - Тікенді шағыртікен - Onopordon acanthium L.

 - Бұйра түйетікен - Carduus crispus L.

Сурет 3 - Onopordon acanthium L. және Carduus crispus L. өсімдіктерінің Қазақстанда таралуы

14


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет