Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр медициналық жоғары оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік бірлестігі



бет16/24
Дата22.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#159385
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер

Қоңыр раушан
Шиповник коричный
Rosa cinnamomea L.
Раушангүлділер тұқымдасы
Rosaceae
Биіктігі 2 м қабығы қоңыр-қызыл түсті жалтыр, бұталары жіңішке және де жапырақ сағағының қуысына қос-қостан орналасқан тікендері бар тікенді бұта. Жапырақтары дара қауырсынсалалы, 5-7 жұп ұзын-жұмыртқа тәрізді бүйір жапырақшаларынан тұрады. Жемістері домалақ немесе домалақ-жұмыртқа тәрізді, жалтыр, қызыл-қызғылт-сарғыш түсті, төбесінде гүл тостағаншасы қалып қойған. Рессейдің Еуропалық бөлігінің, Батыс Сібірдің, Қазақстанның орман және орман-далалы зоналарында кездеседі. Өзен жайылмаларында, шалғындарда, бұта араларында, сирек ормандарда, тоғай шеттерінде, алаңқайларда өседі. Көркемді және дәрілік өсімдік ретінде мәдени өсіріледі.
Дәрілік шикізаты. Жемістері. Иісі жоқ, дәмі тәттілеу-қышқыл. Шикізат ретінде әртүрлі формадағы ұзындығы 1-2,5 см гүлтостағаншалары мен жеміс табанынан тазартылған бүтін жемістерді қолданады.
Химиялық құрамы. Жемістерінің жұмсағына С витамині (3,3-10,8% құрғақ жемісіне шаққанда, немесе 2,76-5,20% жемісінің абсолюттік құрғақ массасына шаққанда) кіреді. Бұдан басқа, жемістердің құрамына каротиноидтар (виолаксантин, антерксантин, зеаксантин, цисрубиксантин, рубиксантин, ликопин, цис-ликопин, ß- және γ-каротин); Е және Р-витаминдері; флавоноидтар (тилирозид, кемпферолдың кумароилглюкозиді, изокверцитрин, кемпферол, кверцетин); антоциандар мен лейкоантоцианидиндер; липидтер, стероидтар, үштерпенді спирттер және қанттар (глюкоза, фруктоза, ксилоза) кіреді.
Раушанның тұқымынан алынған майлы экстрактысының құрамына қанықпаған майлы қышқылдар, каротиноидтар және Е-витамині кіреді. Сыртқа анальды жарылуларда және де бейспецификалық ойық жара (язвалық) колитте клизма ретінде қолданады.
Емдік қасиеті. Раушан жемістерін оның құрамындағы С витаминің, флавоноидтар мен каротиноидтардың кешеніне қарай бағалайды. Жемістері мен оның препараттары цингаға қарсы әсер көрсетеді, ағзадағы тотығу-тотықсыздану процесстерін күшейтеді, өт айдайтын қабілеті бар, сыртқы ортаның әсеріне қарсылықты күшейтеді. Жемістерінің қайнатпасын жүректің әлсіреуінде, диареяда, асқазан колиттерінде, циститте, нефритте, несеп және өт тас ауруларында, қатерлі анемияда, пневмонияда, диабетте қолданады, сонымен бірге қайнатпасы өт айдайтын және антигельминтті әсерге ие.




Қоңыр раушан


Қолданылуы. Раушан жемістерінің тұнбасын (10:200) витаминді және жалпы әлдендіретін дәрі ретінде ішеді. 1/2 стаканнан күніне 2-3 рет қолданылады. Бүйрек және несеп қапшығында тас пайда болғанда ішуге ұсынылады, ал мешелде және аяқтың «әлсіздігінде» су моншасы түрінде қолдануға кеңес беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет