Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қр медициналық жоғары оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік бірлестігі



бет22/24
Дата22.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#159385
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер

ҚОРЫТЫНДЫ

Флавоноидтар – бұл көптеген өсімдіктер тобының фенолды қосылыстары. Олардың құрылымдық негізін бір-бірімен үшкөміртектік тізбекпен қосылған екі (А және В) бензол сақинасынан тұратын қаңқа құрайды. Флавоноидтардың қазіргі заманғы жіктелуі үшкөміртектік фрагменттің тотығу дәрежесіне, бүйірдегі фенилды радикалдың орнына, гетероциклдың шамасына және басқа да белгілерге негізделген. Флавоноидтардың үш негізгі кластарын бөліп көрсеткен: а) С2 жағдайында бүйір фенилды радикалы бар нағыз флавоноидтар (эуфлавоноидтар); б) С3 жағдайында фенилды радикалы бар изофлавоноидтар; в) С4 жағдайында фенилды радикалы бар неофлавоноидтар.


Көптеген флавоноидтар сары түске боялған (флавондар, флавонолдар, халкондар, аурондар) немесе түссіз (катехиндер, лейкоантоцианидиндер, флаванондар, изофлавондар) қатты қиыршықты заттар. Ең ашық түстер антоциандарға тән, олар өсімдік ұлпаларына қызыл, көк немесе күлгін түс беріп тұрады. Гликозилденген түрлері, дағдыдағыдай, суда жақсы ериді, органикалық еріткіштерде (хлороформ, эфир және басқа) ерімейді немесе аз ериді. Агликондары төменгі спирттерде (метил, этил), ацетонда, этилацетатта және сілтілер ерітінділерінде жақсы ериді.
Дәрілік өсімдік шикізаттарында және препараттарда флавоноидты қосылыстарды сапалық реакциялар және хроматографиялық әдістер көмегімен айқындайды. Флавоноидтарға тән реакция цианидинді сынама (Цинода сынамасы), ол флавоноидтарды қышқылды ортада Mg+2 қатысуында атомды сутекпен тотықсыздандыруға негізделген.
Флавоноидтарды өсімдік шикізатында және препараттарында сандық анықтау үшін физико-химиялық әдістер кеңінен қолданылады, әсіресе, спектрофотометрия және фотоколориметрия әдістері. Флавоноидтар спектрдің УК-аймағында жарықты жұту қабілетіне негізделген спектрофотометриялық әдісті жиі жағдайда хроматографиямен бірлесіп жасайды, бұл заттар жиынтығын жеке компоненттерге бөліп тазартуға мүмкіндік береді.
Флавоноидтар ағзаға әсер етуі кең спектрге ие. Жеке айтқанда олар мынадай қасиеттер көрсетеді: гепатопротекторлы әсер –“Легалон”, “Силибор”, “Гепабене” препараттары; капиллярларды нығайтатын әсер немесе Р-витаминді белсенділік – шәйдің катехиндері “Рутин”, “Аскорутин”, “Кверцетин” (жапон софорасынан); кардиотоникалық әсер – долана тұндырмасы, “Кардиовален”, “Кардиоплант”; гипотензивті әсер – сасықшөп тұндырмасы, батпақ ақшайырдың тұнбасы; тыныштандыратын әсер – сасықшөп тұндырмасы; қабынуға қарсы әсер, жаралар мен эрозияларды жазатын әсер. “Ликвиритон”, “Флакарбин” препараттары язваға қарсы қолданылады. Өт айдайтын әсер - “Фламин” препараты, салаубастың құрғақ экстрактысы, “Танацехол” (түймешетеннен), “Конвафлавин” (меруертгүлден), “Флакумин” (скумпиядан) көрсетеді; несеп айдайтын әсерге – дала қырықбуыны, байкал томағашөбінің флавоноидтары ие; гипоазотемиялық белсенділікті “Леспенефрил” (басты леспедецадан) препараты көрсетеді. “Леспефлан” (екі түсті леспедецадан) бүйрек жетімсіздігінде қолданылады; вирусқа қарсы белсенділікті – үшкіржапырақты тал флавоноидтары (лютеолин-7-гликозид), “Аренарин”, “Хелепин” препараттары көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет