Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Тақырып: Адам организміне қатынасты ультрадыбыс әсері



бет24/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

Тақырып: Адам организміне қатынасты ультрадыбыс әсері.

Ультадыбыс өздігінен тербеліспен сипатталады және жұмсақ (газ, сұйық), қатты денелерде таралады. Ол 20кГц жоғары есту табалдырығында өте жоғары жиілікте (120-145 дБ) дыбыстың сезілуі байқалады.

Өндірісте ультадыбыс көзі – құрал-жабдықтар. Оларда технологиялық процестер техникалық бақылау, өлшеу және қондырғылармен қосарласа жүретін фактор ретінде ультрадыбыстық тербелістер әрдайым болады.

Ультрадыбыстың физико-гигиеналық қасиетін тербеліс жиілігі құрайды. Дыбыс қысымының өлшем бірлігі-децибел (Халықаралық жүйеде ультрадыбыс жиілігі Вт/см2 бірлігімен өлшенеді).

Ультрадыбыстық тербелістердің әсері бойынша механикалық, термиялық және физико-химиялық түрлерін ажыратады. Табиғаттың өзі (тартылу-қысылу) механикалық әсерді қамтыса, механикалық энергияның жылуға айналуы, әсіресе бөліну шегінде (қатты-сұйық) термиялық жоғарлайды. Ультрадыбыстың ерекше қасиеттерінің бірі кавитация (микрокөпіршіктер) түзілуі, оның физико-химиялық әсерін қамтиды. Ультрадыбыстың сұйықтарға, биологиялық тканьдерге 0,3 Вт/см2 жоғары жиілікте тарағанда кавитация туындайды. Тканьдерде кавитация температура, қысым жоғарлағанда, электр заряды, люминисценттік жарқырауда, су молекулаларының ионизациясында, гидроксильді радикал және атомды сутегіне (Н2О = НО+Н) ыдырағанда жүреді. Химиялық тұрғыдан судың ионизделген молекулалары белсенді болғандығымен ультрадыбыстың биологиялық әсерін тудырады. Бұның бәрі клеткалық мембрананың өткізгіштігінің жоғарлауына әкеледі.

Өнеркәсіптің әр түрлі салаларында ультрадыбысты кеңінен пайдаланады: машина жасау, радиотехника, химия және жеңіл өндірістерде. Оны талдау, бақылау және технологиялық процесстерді интенсификациялау мақсатында қолданады. Ультрадыбыстық бақылаудың әдістерінің ішінде ен танымалы дефектоскопия. Сонымен, жоғарғы жиілікті ультрадыбыс көмегімен дәнекерлеу, қазандықтардың жабысуы, әр түрлі өнімдердің сапасын, прокатты, ұста және қысу цехтарын, турбина, ұшақ бөлшектерін тексереді. Төменгі жиілікті ультрадыбыс тербелістерімен механикалық әсер ету арқылы оптикалық шынылардың металл бөлшектерін, керамика өнімдерін жуу және залалсыздандыруда кеңінен пайдаланады.

Ультрадыбысты араласпайтын сұйықтықтардан эмульсия жасағанда қолайлы, гальванотехникада электролиттік процестерді жылдамдатуда, қағаз өндірісінде целлюлозаны ыдыратқанда, медицинада бірқатар ауруларды анықтау, емдеу барысында кеңінен қолданылады.

Ультрадыбыстық тербелістердің қатынасты әсері өндірістік жағдайда өнделіп жатқан құрал-жабдық бөлшегін кезенді ұстағандағыдай ультрадыбыстық диагностика аппаратурасымен жұмыс жасауға болады. Жұмысшылардың организіміне созылмалы немесе кезеңді әсерін тигізгенде орталық және шеткері жүйке жүйесінде, жүрек-тамыр жүйесінде және есту вестибулярлы анализаторларының қызметінің өзгерулеріне әкеледі.

Патогенез. Қатынасты жоғары жиіліктегі ультрадыбыстың биологиялық әсерін зерттеу орталық, шеткері жүйке жүйесі, бас ми қыртысы, гипоталамус, орталық және шеткері вегетативті құрылымдардың сезімталдығын көрсетті. Бұдан ультрадыбыс тербелістерінің жүйке жүйесіне тікелей әсер ету механизмінен басқа, жаңа нейрогуморальды және рефлекторлы өзгерістерге жататын интерорецепторлардың алмасу процестерің, эндокриндік, жүрек-тамыр жүйесі, анализаторлардың бұзылуымен жүретіндігін анықтаған. Ультрадыбыс патологиясының генезінде үлкен орынды клетка мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы клеткадағы репаративті процестердің дамуына ікеледі.

Ультрадыбыс әсері ангиотрофоневроздың дамуына әкеледі. Ультрадыбыстық вегетативті полиневропатияның механизмі рефлекторлы ісерлермен анықталады. Олар гипоталамустың вегетативті ядроларынан, кейін жүйке діңдерінде органикалық өзгерістерге әкеледі. Төменгі және орташа жиіліктегі ультрадыбыстық энергия «ішкі» ортаның өзгерістерін шақырады; тері, гематоэнцефалитикалық барьер өткізгіштігін, клетка мембранасының құрылысын, гидролиз, гликолиз процестерін стимулдейді. Бұның бәрі ультрадыбыстың жағымды қасиеттері ретінде терапевтикалық мақсатта қолдануға мүмкіндік туғызады. Бір жағынан төменгі жиіліктегі ультрадыбыстың ұзақ әсер етуі арнайы еместігімен ерекшеленетін патологияға әкелуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Сырқаттың ерекше симптомдары стажы жоғары мамандарда кенеттен байқалуы мүмкін. Негізгі шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық, тітіркену мен сезімталдық. Бұндай белгілер аурудың басында кезеңділікпен сипатталады және жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді.

Науқастарды қарағанда эмоциональді лабильдігі және тітіркендігіштігі бірден көңіл аудартады және құрғақ-периостальді рефлекстері жоғарлаған. Вегетативті бұзылыстар: тұрақты қызыл дермографизм, Ромберг қалпында тұралмау, қолды созғанда саусақтарының дірілдеуі. Вегетативті полиневропатия синдромы вегетативті-сенситивті, сирек сенсомоторлы формада жүреді. Қол саусақтары суық, көгерген, дистальді фалангілерінің формалары өзгерген және аздап ісінген. Тенар гипотониясы, гипотенар, бұлшықет күші төмендеген. Тері қабатында ақ дақ симптомы он.

Ультрадыбыстың әсеріне байланысты вегетативті полиневропатияның маңызды симптомдары сезімталдықтың бұзылуы. Көбінесе ауырсыну, температура және тактильді сезімдер зақымдалады. Сезімталдықтың бұзылуы дистальді гипалгезия түрінде өтеді. Кейде діріл сезімі біртіндеп анықталады және ауыршандық сезімі нашар байқалады. Вегетативті полиневропатия вегетативті-тамырлы дистония фонында жүреді. Патологиялық процесті толығымен алып қарастырғанда компенсирленген формадағы ангиотрофонефрозбен сипатталады.

Жүрек-тамыр жүйесі жағынан жүрек ритмінің бұзылуы, жиі брадикардия, сирек тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, гипотония түріндегі нейроциркуляторлы дистония, ЭКГ-да брадисистолия, ішкі жүректік және қарыншалық өткізгіштіктің бұзылыстары анықталады. Патологияның көріну дәрежесіне байланысты: орталық және шеткері гемодинамика өзгерістері, капилярлы қан айналымының бұзылыстары. Ангионевротикалық көріністер жиі вегетативті полиневропатияның бастапқы кезеңінде негізгі симптомы болады. Шеткері қанда қатынасты моноцитоз, эозинофилия, кейде гипогликемия, гиперпротеинемия, қанның витаминмен қанығуының төмендеуі байқалады. Ауыр жағдайда (сирек) гипоталамустың жетіспеу синдромы дамиды. Мұндай науқастарда тұрақты бастың ауыруымен қатар ретсіз бас айналу, ауыздың құрғауы, субфебрилитет, дене салмағының төмендеуі, анорексия, зәрді ұстай алмау анықталады. Висцеральді криздердің пароксизмальді ұстамалары бұлшықеттің механикалық қозғыштығының жоғарлауымен, вегетотамырлық дистония немесе ангиодистония түріндегі тамырлық бұзылыстармен сипатталады. Гипотермиялық бұзылулар, вегетативті-сенситивті полиневропатиямен қосарласа жүреді.

Ультрадыбыстың қолдаушысы жоғарғы жиілікті шу науқастарда есту мен вестибулярлы анализатор бұзылыстарын анықтайды.

Клиникалық ағымы бойынша үш кезенің ажыратады: бастапқы, айқын емес және айқын. Бастапқы кезеңінде вегетотамырлық дистония фонында аяқ-қолдардың вегетативті невролгия синдромы жүреді.

Айқын емес кезеңінде жоғарғы аяқтамалардың вегетативті полиневропатия симптомы ескеріледі, оған қоса астеновегетативті синдром бар. Айқын кезеңде бірінші кезекте таламо-гипоталамиялық жеткіліксіздікпен жүретін диэнцефальді патология орын алады. Бұл кезеңде жалпы церебральді бұзылыстардан басқа сезімдік, тамыр және трофикалық өзгерістер айқын. Оған қоса эндокриндік өзгерістер дамиды.

Диагноз. Диагнозды қойғанда жұмысшы организміне қатынасты ультрадыбыстың әсерінің жиілігі міндетті түрде көрсетілген еңбек жағдайына санитарлық-гигиеналық сипаттаманы ескере отырып, клиникалық көріністеріне сүйене, біртіндеп дамығанын анықтаймыз. Ультрадыбыстық вегетативті полиневропатияның дәл мәлімет беретін диагностикалық тестері- алгезиметрия, динамометрия, термография, перифериялық реовазография.

Емдеу. Негізгі емдеу симптоматикалық және жалпы сауықтандыруға бағытталған. Ерте кезеніңде витаминотерапия – В1, В6, В12 витаминдері, физиотерапия – тұзды-емдік ванналар, парафинозокерит, лазеротерапия жүргізіледі. Дәрілік заттардан мепробомат 0,2г ішке күніне 2 реттен, айқын кезеңінде-транквилизаторларды (аз мөлшерде аминозин, мепротан, триоксазин және т.б.) витаминдермен қоса тағайындайды. Мысалы: В1-күнде 1мл 6% ертіндіні бұлшықетке (15-20 инъекция), В6-1мл 5% ертінді (20 инъекция), В12-300-500мкг күн ара бұлшықет ішіне (15 инъекция); кокарбоксилаза бұлшықет ішіне 0,05г-нан 20-25 күн аралығында. Беллатамал (белластен) күніне 2-3 реттен 1 таблетка, рудатель күніне 1 таблетка. Физикалық әдістердің ішінде Щербак әдісімен гальванизацияны кеңінен пайдаланады, дарсонвализация, жалпы УК-сәулелер, озокеритті аппликация, массаж, радоидты, тұзды, күкірт сутекті ванналар мен қатар рефлексотерапия.

Жұмысқа жарамдылықты тексеру. Сырқаттылықтың айқындылығына байланысты экспертиза жекелеген және мақсатты болады. Аурудың бастапқы кезеңінде уақытылы және белсенді емдеу жасалса, терапия тиімді болса еңбекке жарамдылығы сақталады. Жоғарғы аяқтамалардың тұрақты невропатиялық симптомдары кезіңде уақытша жұмыстан босатылуы, кәсіптік бюллетень 2 айға емдеумен бір уақытта беріледі. Санатории-профилакторияларда сауықтандыру тағайындалуы және толық диспансерлік бақылауға алынуы.

Аурудың айқын симптомдарында және терапевтикалық әсердің болмауында науқасты өндірістік ортаның физикалық факторына ұшырамайтын жұмысқа (ультрадыбыс, шу, діріл) ауыстыру қажет. Егер рациональды жұмысқа орналастыру оның квалификациясын төмендетсе, ВТЭК-ке жұмысқа қаблеттілігінің жоғалту деңгейін анықтау үшін жіберіледі. Кейін реабилитациялық шаралар мен диспансерлік бақылау жүргізу керек.

Профилактика. Ұйымдастыру-техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар ұсынылады. Өнеркәсіптік ультрадыбысты қондырғылардың жетілуі қажет, оған ультрадыбысты станоктар мен пісіру машиналарының дыбыс қысымын төмендету, ультрадыбысты аппараттармен қолмен жұмыс жасауды шектеу және т.б. Қазіргі кезде құрал-жабдықтарды дистанционды жүргізу таралуда. Жеке басты қорғау заттары: резеңкелі қолғаптар, шуға қарсы заттар. Емдеу-профилактикалық шараларға көктем-қыс мезгілінде витаминопрофилактика, физиотерапевтикалық процедуралар, гимнастикалық жаттығулар кешені және т.б. жатады.

Алдың-ала және кезеңдік медициналық тексеріс өтетіндерге ультрадыбыстық дефектоскопия және медициналық аппараттармен, генирленген ультрадыбыспен жұмыс істеушілер жатады. Кезеңді медициналық тексеруді 12 айда 1 рет, ал ультрадыбыспен алғаш қатынаста жұмыс жасағандарға 36 айдан кейін жүргізіледі. Медициналық тексеруде невропатолог пен терапевт міндетті түрде қатысуы қажет. Барлық тексерілушілерге суықпен қойылатын сынама және дірілге дірілге сезімталдығын тексеру қажет.

Ультрадыбыспен қатынаста жұмыс жасауға қосымша медициналық қарсы көрсеткіштер: шеткері жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, облитерлеуші эндоартрит, Рейно ауруы, шеткері тамырлардың ангиспазмы.


21 Дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет