Синдромдардың сипаттамасы
Астеновегатативті
синдром:
әлсіздік,
бейжайлық,
тез
шаршағыштық, психикалық азу, тітіркенудің жоғарылауы, жұмысқа
қабылеттіліктің себепсіз тӛмендеуі («бауырлық жалқаулық», бастың жиі
ауыруы, бастың шамалы айналуы, естен тануға бейімділік, тершеңдік.
Жүдеу, қатты арықтау – бауыр ауруының жиі кездесетін синдромы.
Диспепсиялық синдром
: эпигастрияда ауырлықты сезіну, іштің
кебуі, тәбетінің тұрақсыздығы, ауыз қуысында темірдің немесе ащы
дәмнің болуы, кекіру, майлы тамақтың жақпауы, іш қату.
Ауырсыну синдромы
: әртүрлі сипатта оң қабырға астындағы
ауырсыну немесе ауырлық сезімі.
Гепатомегалияның
әртүрлі дәрежедегі айқындылығы: бауыр
ауырсынады, тығыз - эластикалық консистенциялы, шеттері жұмыр.
Спленомегалия
, әдетте, мардымсыз және айқын емес. Айқын
спленомегалия
кезінде
гиперсплениз
(тромоцитопения,
анемия,
лейкопения) синдромының дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |