ІШЕКТІҢ ТІТІРКЕНУ СИНДРОМЫ Ішектің тітіркену синдромы (ІТС) – абдоминальдік ауырсыну
синдромы немесе дискомфорт кезінде дефекацияның бұзылысымен немесе
метеоризммен кӛрінетін функционалды ішектік бұзылыс.
Диагностикалық сипатбелгілері* ( «Римдік сипатбелгілері III, 2006»):
Мезгілді түрде абдоминальдік ауырсынулар және дискомфорт соңғы 3 ай
бойы, айына 3 күн бойы келесі белгілермен байланысты болуы:
- дефекациядан кейін жақсару;
- дәретінің жиілігінің ӛзгерістерімен байланысты кӛріністер;
- нәжіс түрінің (сыртқы түрі) ӛзгерістерімен байланысты кӛріністер;
Диагнозды қою алдында алғашқы кӛріністері 6 айдан кем емес соңғы 3
айда сипатбелгілердің сәйкестігіболуы қажет.
Қосымша сипатбелгілері:
Дәрет жиілігінің ӛзгеруі (тәулігіне 3 реттен жоғары немесе аптасына
3 рет);
Нәжіс консистенциясының ӛзгеруі (қатаюы, «құмалақ тәріздес»
немесе сұйық, сулы түрде болуы);
Дефекация актінің бұзылысы (дефекация кезінде ауырсыну,
императивті шақрулар, толық емес босату сезімі);
Нәжіспен сілемейдің бӛлінуі;
Іштең кебуі немесе кернеу сезімі.