Тақырып : Балалар пульмонологиясындағы жедел жағдайлар: жедел тыныс жетіспеушілігі,ларингоспазм, бронхоспазм, өкпелік қан кету ,астматикалық статус. Клиника,диагностика алгоритмі.Жедел көмек көрсету принциптері.
Жіті тыныс жетіспеушілігі-қанның қажетті газдық құрамы қамтамасыз етілмейтін немесе сыртқы тыныстың компенсаторлық мүмкіндігі нәтижесінде ұсталып тұратын патологиялық жағдай
Этиологиясы
1.Тыныс жолдарының обструкциясы.Жоғарғы тыныс жолдары арқылы ауа өтуінің бұзылысы –мұрын жұтқыншақта секреттің жиналуы,аденоидтің өсуі және оның ісінуі,тілдің және тыныс жолдарының ісінуі.Төменгі тыныс жолдарының обструкциясы-стенозирлеуші ларингит,трахеобронхит,бронхит,бронхиолит,пневмония-шырышты қабаттың ісінуі,шырыш гиперсекрециясы және бронхоспазм нәтижесінде пайда болады.Тыныс жолдары мұрын-жұтқыншақ секретімен,тағаммен,бөгде затпен аспирация,тыныс жолдарының ісікпен басылуы.