Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бөлісіндегі денсаулық сақтаудың медицина саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту туралы жазыңыз


Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 271-бабы



бет17/19
Дата20.11.2023
өлшемі66,32 Kb.
#192021
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Заңнама ж.е Денсаулық экономикасы РК№1

2.Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 271-бабы.
271-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлері қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және медициналық этика мен деонтология қағидаттарын басшылыққа ала отырып:
1) аурулар профилактикасына, денсаулықты нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттауға;
2) өзінің біліктілігіне, қызметтік және лауазымдық міндеттеріне сәйкес медициналық көмек көрсетуге;
3) қажет болған жағдайларда консультация үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға;
4) медицина қызметкері құпиясын ұстауға және сақтауға, пациенттің аурулары, интимдік және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;
5) кәсіптік деңгейін үздіксіз арттыруға;
6) Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесінде тіркелуге;
7) дәрілік заттарды тағайындаған кезде, пациенттің жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, тиісті медициналық көрсетілімдер болған кезде өз құзыреті шегінде халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрiлiк заттарға рецептілер жазып беруге міндетті.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері, медициналық ұйымдардың басшылары:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға қатысуға;
2) өзі көрсететін қызметтер үшін сыйақы алуға жеке мүдделі болу мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін белгілі бір объектілерді пациенттерге ұсыным жасауға;
3) күн сайынғы дәрігерлік конференциялар, ғылыми-практикалық конференциялар және (немесе) мамандандырылған семинарлар өткізуді қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің өкілдері және (немесе) дистрибьюторлар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілетуге құқылы емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет