Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 1-бап



бет72/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#119742
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn enbek kodeksi

172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау

1. Осы Кодекстің 171-бабының 3-тармағында көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік берген орган ереуілдің басталуы және болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілер бірлестігіне (қауымдастығына, одағына) (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 

2. Ереуіл жариялау туралы шешімде: 

1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі

2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны

3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға уәкілеттік берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы

4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. 

Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет