Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет155/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
   179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
реттеу 


      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу: 
 
      1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған 
мониторингті; 
 
      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және 
қабылдауды;
 
      3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз 
техникалар мен технологияларды әзірлеу және ендіру, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық 
қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруды және іске асыруды; 
 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруды;
 
      5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық және 
шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары 
бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
 
      6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан 
зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін 
қорғауды; 
 
      7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық 
деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін 
кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді; 
 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды және 
олардың біліктілігін арттыруды;
 
      9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке 
алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді;
 
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 
 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 
қамтиды.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет